Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
[ Скачать с сервера (60.5 Kb) ] 2018-01-30, 6:12 PM
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«№7 орта мектебі» КММ
Буранкин Сунгат Базарканович
Тарих мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік : Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі
қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін
ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардыың білімдерін тірек - сызба арқылы
түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс
жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі
мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше
отырып есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыны жан – жақты терең , еркін ойлауға , топпен
жұмыс жасауға , ұстамдылыққа , өз ойын өзгелермен
бөлісуге , өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім
ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр,
батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке
жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық байланысы: Математика, музыка, қазақ тілі.
Көрнекіліктер: Тірек – сызба, Тәуекел , Есім хандардың суреттері, саяси карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу , түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
Сабақ барысында екі топпен де ертегілер еліне саяқат жасаймыз. Ол үшін екі топқа да бөлек плакатка салынған суреттер ілінеді. Екі топта сабақ барысында төрт кезеңнен өту керек.
Бірінші топтық шарттары.
1-кезең: үй тапсырмасын айту.
2-кезең: Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
3-кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
4-кезең: Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір-біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
Екінші топтың шарттары:
1-кезең: үй тапсырмасын айту.
2-кезең: Алма теру. Алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді.
3-кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
4-кезең: Мыстан кемпірден құтылу. Ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір-біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – кезең: 2 топтың топтан бір-бір оқушыдан тақтаға шығып үй тапсырмасын айту.
1-топ: 2-кезең: Мергеншілер. тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан)
2. 1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды)
3. Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды)
4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)
5. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария)
2-топ: 2-кезең: Алма теру. Алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді.
1. Шығай ханның баласы? (Тәуекел)
2. Бұхараның ханы кім? (Абдаллах)
3. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабул бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді)
4. Шайбанй әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)
5. Ресейден сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)
ІІІ. Жаңа сабақ
Есім ханға мінездеме
Есім ханның ішкі саясаты. Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі есім (1598-1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді.
17 ғасырдың басында Қазақ хандығында ішкі саяи өмір біршама тұрақтанғанымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшкетене түсті. Феодалдық талас-тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан жариялап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте-бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.
Бұл кезде Ташкентте – Келді Мұхаммед сұлтан, Әндіжанда-Абылай сұлтан, Тұрфанда-Әбд-ар-Рахым хан, Жаркентте-Абақ хан, т.бт дара билік жүргізді.
Бұхар-қазақ қарым-қатынастары. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. Бұхар ханы кешегі Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне асырып тастауды мақсат етті.
Қазақ – бұхар соғысы (1603-1624) ерекше қан төгісті соғыс болды. Бірінші қазабұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері жеңіліс тауып, тып-м-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Бірақ қоршауға түскен Самарқан қамалы берік еді. Қазақ хандығының жасақтары жаудың сағын сындырып, мол олжамен Ташкентке қайтып оралады.
1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан өзі басқарып келеді. Ташкент түбінде өткен бұл ұрыста қазақтың қалан қолын Есім хан басқарды. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, келісімге келеді.
Қазақ сұлтандарынан әскери көмек алған Бұхар ханы Имамкули Қаратау, Аспара өңіріне шабул жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін қирата жеңді.
1620-1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.
1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескелескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамкули жеңілісті мойындайды.
Тұрсын ханның бүлігі. Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны болмады. Тұрсын сұлтанӨзбек хандығына қарсы күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды. Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен тайған.
Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы халықтың күш-қуатына әбден сенім артады. Тұрсын ханның сенімді тірегі саны көп, айбынды қатаған руы болған. Тұрсынның хандық билікке ұмтылысы Есім ханның билігіне мойынсұнбауы еді. Қазақ хандығы ішінен оңаша отау тігілді. Халық біреу, хан екеу болуы хандықтың бірлігі, ынтымағының бұзылуына жол ашты.
Есім ханның ел ішінде беделінің артуы Тұрсын ханға ұнамады. Есім ханның көзін жоюға, дара билікке жетуге ұмтылды. 1627 жылы жоңғарлардың қазақ жеріне жиі-жиі жорық жасап, елдің мазасын алып, таран-таражға түсуіне байланысты Есім хан жорық туын көтеріп, қалың қол жинап, қалмақтарға қарсы соғысқа аттанады. Елдің мазасын алған қалмақтарды, Жоңғар тауынан ары асырып жібереді. Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алыстағы жауды емес, бауыры тұрған Түркістанды шабады. Қараусыз жұртты қанға бөктіріп, ойранын шығарады. Есім ханның үй ішін, әйелін, жас балаларын тұтқындап, Ташкентке әкетеді. Есім ханның көзін жоймақ болып, жолын тосады. Бұл бүліктен хабар алған Есім хан сақтаныс жасайды. Екі ханны әрекеті Сайрам қамалының түбінде кездеседі. Жеңіліс тапқан Тұрсын хан Ташкентке шегінеді.
Қазақ пен қазақ арасындағы жан түршігерлік мейрімсіз ұрыс өртей лаулады. Бар әскерінен айрылған Тұрсын хан қамалға тығылады.

«Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәнірісіп жатырсың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы кеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
Бағы тайған ханны нөкерлері Тұрсын ханды тұтқындап, Есім ханға тапсырады. Есім хан бүлікші бауры Тұрсын ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі. Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазаланудан қашып, ұйғыр халқының арасыны барып паналады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деп аталды.
Қазақ хандығының осы саясаты жойқын өзгерістің, қатерлі дауылдың алғашқы дүмпуімен бетпе-бет кездескен Есім хан болды. Есім хан ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған.т
Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
1-топ: 3-кезең: Әндер әлемі, әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
1. Есім ханның ел билеген жылы? (1598-1628ж.ж.)
2. Тұрсын ханның астана деп жариялаған қаласы? (Ташкент)
3. 1611 жылы бұхар әскерін кім басқарып келді? (Имамкули хан)
4. Тұрсынхан кімнің ұлы? (Жалым сұлтанның ұлы)
5. Абақ хан қай жерлерді биледі? (Жаркент пен Қашғарды)
2-топ: 3-кезең: Әндер әлемі. әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді.
1. Есім ханның шығарған заңның атауы? («Есім ханны ескі жолы»)
2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? (Қатаған қырғын)
3. Есім ханның үй ішін, әйелін жас балаларын тұтқындап қайда алып кетті? (Ташкент)
4. Есім хан өзінің астанасы етіп жариялаған қала? (Түркістан)
5. Қайсы рудың адамдары Есім ханға бас имеді? (Қатаған)
1-топ: 4-кезең: Алтын сандық. Алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір-біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1443+160=(1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ-бұхар шайқасы)
2. 1921-308=(1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)
3. 1620ж-1404+217=(1620-1621 жылдары 4-5-6 қазақ – бұхар соғысы болды)
4. XI+VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтан, Феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)
5. 1333+295= (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)
2-топ: 4-кезең: Мыстан кемпірден құтылу. Ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір-біріне қосып, сол жылы не болғанын айту.
1. 1332+281= (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)
2. 1822-224= (1598 жылы Есім хан таққа отырады)
3. 1219+408= (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)
4. ІХ+VІІ=(XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)
5. 921+690= (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)

Ү. Бағалау, жеңіске жеткен топты марапаттау.
ҮІ. Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу.
Тест құрастыру.
Егер мен хан болсам .... Әңгіме жазу
Категория: История | Добавил: Кролик
Просмотров: 709 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 7:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru