Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Баланың дарындылық қабілеттерін шыңдау - әрбір ұстаздың міндеті
2014-11-25, 1:02 PM
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тану, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру- бұл мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты. Тіптен бұл кез-келген ұстаздың басты парызы десек артық айтқандық емес. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, оны жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы екендігін басшылыққа алып, коучингімнің тақырыбын «Дарынды баламен жұмыс жасау жолдары» деп алдым. Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам тапсырып сенген өкіл. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты. Жаңа формациялы мұғалім-бұл оқу-тәрбие істеріне көп күш жұмсамай-ақ; өзінің білімімен біліктілігін тиімді әрі әдеттегі (ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы) үйреншікті түрде жүзеге асырып отырушы тұлға. Оны қайдан байқаймыз дегенде: өзіндік сипат-қасиеттерінен деп атап көрсетуге болады. Мысалы: мұғалімнің бойындағы ұйымдастырушылық, конструктивтілік, коммуникативтілік, экспрессивтілік, перцептивтілік, академиялық, дидактикалық қабілеттерінен байқаймыз. Осындай қасиеттерді бойына сіңіргенде ғана ұстаз бала жүрегіне жол тауып, оның сенімін арттырады.Ерік-жігер қасиеттерін жетілдіреді Міне осы «жаңа формациялы мұғалім» атына біз сәйкес келеміз бе? Тұлға етіп қалыптастыру үшін аманат етіп ата-анадан қабылдап алған баланың таланты мен дарындылығын қаншалықты деңгейде дамыта алып жүрміз?деген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың дарындылығымен талантын неге икемділігін танып; оны дамыту үшін қандай іс-шаралар жасап, қалай ұйымдастыруға болатыны туралы мұғалімдер ой-тұжырым жасайды деген мақсатпен коучинг ұйымдастырдым. Коучинг соңында мұғалімдер оқушының икемділігіне қарай дарынды баламен қалай жұмыс жасаған тиімді және оған қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болатынын меңгеріп, зерделеп шығатын болады. Оқыту процесінде мұғалімдер бір-бірімен еркін, ашық тәжірибие алмасатын болады деп нәтижесін күттім. Коучингке қатысқан мұғалімдердің 80 пайызы жастар, мұғалімдік, педагогикалық еңбек өтілі жоқ жас мамандар.Әрине арасында мектеп әкімшілігінің де қызығушылық танытып қатысқанын атап кеткен жөн. Кентау қаласына қарасты бұрын негізгі тоғыз жылдық мектеп болып, бүгінде «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебі деп аталатын мектептің ауыл мұғалімдерімен дарынды баламен жұмыс жасау жолдары туралы коучинг өткізу өзекті мәселе деп алдым. Дарынды тұлғалардың көбі ауылдан шыққаны жасыратыны жоқ факт екені даусыз. Себебі ауыл баласының мүмкіндіктері аз болғанымен дүниетанымдық жан-жақтылық қабілеттері басым болып келетінін зерттеу нәтижелері дәлелдеп отыр. Дарындылықты анықтаймыз да бірақ олармен жұмыс жасауға келгенде ақсап жататын тұстарымыз да кездеседі. Сондықтананықталған дарынды баламен жұмыс жасауда сол ортаның қандай іс-тәжірибиелері бар және қандай мәселелер қажет, бір-бірлеріне қандай көмек бере алады; міне, осы мәнмәтінде коучингте ашық пікіралмасу үдерісін жасауды жоспарладым.
ІІ- бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Адам өміріндегі судың маңыздылығы қандай болса, оқу мен оқыту үдерісінде баланың бойындағы дарындылығын ашуға деген қызығушылық та кезек күттірмейтін маңыздылық екенін түйінді идея етіп алдым.Коучингті ұйымдастыру барысында барлық іс-әрекеттерге, айтылған сөздерге барынша назар аудару керекті ескертілді.Себебі қатысушы мұғалімдерді топқа бөлу, сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы да дарындылықтың бір қырын ашуға негізделген тренингтер жасалды. Талантты және дарынды оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін ұсынған Макэлпайн мен Ридтің анықтамасында келтірілген сипаттарды осы тұста мұғалімдер өздерінің арасынан да байқап жатты.«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей; тақырып бойынша дайындап келген мәліметтерді дайын түрінде ұсынбас бұрын қатысушы мұғалімдерден пікір айтуларын сұрағанымда әсіресе жас мұғалімдердің қызығушылық танытулары коучингтің сәтті шығуына әсерін тигізді. Мұндағы Ренцулли мен Райстың дарындылыққа берген анықтамасын; Зияттың сегіз қырын анықтаған Гарднердің мәлімдемесін; дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімдерін ұсынған Макэлпайн мен Ридтің сипаттамаларын және дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесі туралы мәліметтерді Екінші деңгейлі мұғалімге арналған нұсқаулықтан алынған мәліметтерді [МАН. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж] қатысушы мұғалімдердің өз білгендері бойынша айтқан мәліметтерімен салыстырмалы түрде талдап; қорытындысын байыппен жариялап отырдым. АКТ-ның тиімділігін пайдалана отырып; нақты мәліметтерді ақыл тақтасынан көрсетіп отырдым .
Тақырыптың маңыздылығын ашуда шағын топтарда талқылаулар пайдалы болады деген ниетпен РАФТ тәсілі негізінде жұмыс жасату ұтымды болды.Сындарлы оқытуға негізделген бағдарламаның жеті модулінің мәнмәтінінің ішіндегі ең ықпалды технологиялардың бірі оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегияларының қайсысын алсақта өте тиімді екенін осы жерде ашып көрсеткім келеді. Мысалы, «Ролде» көрсеткен топтың тапсырма бойынша тақырыптың ашылмай қалған тұстары көп болғанымен оны «Форма» түрінде және «Түйіндеуші» топтардың берген мәліметтері толықтырып отырды. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы.Сондықтан әрбір мұғалім коучингтен алған педагогикалық тәжірибиелік қорларын тиімді қолданса ғана теориялық негіздер іс жүзіне асады. Міне осы мәселеге келгенде мұғалімдерге қажетті дерек көздерімен таныстырдым. Онда республикалық педегогикалық шеберлік орталықтары ұсынып отырған авторлар: М.Жапейсованың, Б.Қараевтің, Г.Сманқұлованың, А.Әлімовтың, Г. Құдайбергенованың, К. Жақсылықованың және шетел педагогтарының әдістемелік жинақтарын ұсындым.
Коучинг барысында не нәрсе сәтті не нәрсе сәтсіз өтті:
Бұл тақырыпты өзіміздің лицей мұғалімдері арасында емес басқа ауылдағы шағын мектеп мұғалімдерімен өткізу жоспарланған кезде қатты қиналдым. Жұмысты бастамас бұрын сол өткізетін ортаға қандай тақырып маңыздылығын алдын-ала анықтап алған; мұғалімдермен сұхбат негізінде келісіп алған дұрыс болатынын ұғындым. Сондықтан бұл мәселенің шешімі ретінде коучинг басталмас бұрын (жарты сағат бұрын) коучингке қатысатын мұғалімдермен бірге дарындылық тақырыбында бірнеше бейнебаяндар көріп; сол бейнебаяндардағы оқиға желістері бойынша пікірлерін тыңдап алу маған көп көмектесті. Міне бұл коучингті өткізу барысындағы кездескен сәтсіздіктердің шешу жолдары деп қабылдасам; жалпы «Мың рет өлшеп бір рет кес» деген халық даналығының астарын енді түсінгендеймін. Себебі коучингті жоспарлаған кезімде Э. Де- Бононың «Ақылдың алты қалпағы»деп аталатынСТО тәсіліне де, Карл Поппердің «Дебат» қызу пікірталас тәсіліне де, Райанның «Дананың кілттері» тәсілдерінің барлығына салып талқылауды жоспарлап көріп ең соңында осы РАФТ тәсілі арқылы тақырыпты қысқа уақытта тез өз қажеттіңді таңдап алуға болатындай негіде жоспарлауым маған көп көмектесті.
ІІІ-бөлім. Бағдарламалардың идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша әрбір мұғалімнің ұсыныс бергенінің өзі тақырыптың толық ашылғандығының және оған қызығушылықтың жоғары
екендігін көрсеткендей:
-«Бүгінгі таңдағы өзекті тақырып; ауқымы кең тақырып болғандықтан келесі жолы практикалық негізде дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарына куәгер болайық»;
-«Дарынды баланың қабілетін ашуға ниеттендіңіз ба деген сұраққа жауап табылды»;
-«Теориялық мәліметтерге іс жүзінде өзіміздің қолымыздан келетінін дәлелдеу арқылы көз жеткіздік»,
-« Осындай маңызды тақырыптағы коучингтер тағы жалғасын тапса»,
-«Бұл коучингтен кейін әрбір мұғалім балаға жан-жақты зер салатын болды»,
-«Форма, рол, түйін, алаңды басқару деп аталатын РАФТ тәсілінің тиімділігінің арқасында дарынды баламен жұмыс жасау деп аталатын ауқымды тақырыпты тез меңгеріп алдық»- деген мұғалімдердің пікірлері арқылы келешекте «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген қағиданы басшылыққа алып жұмыс жасау

керектігін жоспарладым.
ІУ-бөлім: Өзіңіздің коучинг жүргізу саласында алған біліміңіз туралы

Оқушының болашақтағы мамандығын таңдауы, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғарғы оқу орындарында дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты қарастырмаған. Сондықтан арнайы дайындықсыз келген жас маман дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға тап болады:
-дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;
-дарынды оқушыға немқұрайды қарайды және олардың ішкі дүниесіне үңіле алмайды;
-тіпті оқушыларды жақтырмайтын жағдайларда кездеседі, себебі оның беделіне нұқсан келтіруі әбден мүмкін;
-дарынды оқушымен арнайы, жекелей жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасағанның өзінде тапсырманың қиындығынан қашады; сапасынан гөрі көлеміне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;
-дарынды оқушының дарындылығын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмыстарынның қажеттілігін сезінбейді.
Дарынды баламен жұмыс жасау жолдарына қатысты коучинг барысындағы менің түпкі түйінім: Баланың барлығы дарынды! Әрбір баланың ерекше қасиеттері үшін оларды қатты жақсы көрсеңіз,сол үшін талмай мақсат қойып, сапалы нәтижеге бағыттап жұмыс жасасаңыз алынбайтын асу жоқ екеніне көзім жетті.Жалпы мен коучингте алға қойған мақсатыма жеттім. Келешекте дарындылық тақырыбындағы коучингімде мұғалімнің біліміне және іскерлігіне қандай талаптар қоюға болатынын және баланың дарындылығын анықтауда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану керектігі жөнінде жаңа ізденістер жасау керек деп шешім қабылдадым.
«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультетінің бірлесе әзірленген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының екінші (негізгі) деңгейлік бағдарламасы маған педагогикалық іс-тәжірибиемде негізгі ұстаздық дағдымның дұрыс қалыптастыруыма үлкен көмегін тигізуде.

Құралай Әпет, №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатының оқытушысы
Категория: История | Добавил: Кура0273
Просмотров: 1764 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru