Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Сақтар саяхат сабағы Қазақстан тарихы
[ Скачать с сервера (60.0 Kb) ] 2015-03-01, 7:20 AM
Сабақтың тақырыбы: Сақтар саяхат сабағы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында танымдық білімі мен білігінің қайнар көзі сақтар тарихының ерекшеліктерін және маңызын толық ашып көрсету.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін ,жерін сүюге тәрбиелеу өз халқының тарихын білуге деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, тарихи деректермен жұмыс жүргізуге дағдыландыру , тарихи тілде сөйлеу машығын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ , топтық жұмыс , тақырыптық зерттеу ,саханалық көрініс.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Топқа бөлу .
4. Өткен тақырыпты қайталау.
Сабақтың жоспары:
I. Сақтардың тарихы
1. Сақ тайпаларының шығу тарихы.
2. Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.

II. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
1. Сақтардың тұрмысы
2.Сақтардың шаруашылығы

III. Сақтардың қоғамдық құрлысы.
1. Сақ қоғамы
2. Мүлік теңсіздігінің пайда болуы.

IV. Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.
1. Парсы патшасы I Дарийдің шапқыншылығы .
2. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы.

V. Сқтардың өмірімен мәдениеті.
1 топ Парадарайа. Сақ атымыз жария, Көңіліміз дария.
2 топ Тиграхауда. Шошақ төбелі қалықпыз.
3. Хауамаварга. Хауама сусынын дайындар , Шөліңізді қандырар.
Балалар! Саяхат керуеніне шығу үшін қақпа бекітулі тұр. Ол үшін кілтін табуымыз керек, кәне, іздеп көрейік. «Жұмбақ кілт» ойынына қатысу.
1 топ Қара теңіздің .... Арал теңізінің ... Сырдария мен ..... төменгі ағысы бойында кімдер өмір сүрген ?(Парадарайа)

2 топ

.... орта ағысы,...Жетісу жерінде өмір сүрген. (Тиграхауда)

3 топ
... аңғарларында ... сүрді. (Хауамаварга)

Бүгінгі сабақтың символы «Алтын адам» мен сабақтың сарапшысы Сақ патшайымы Томиристі таныстыру.

I. Тапсырма
Сапарың тәтті болсын.

1. топқа сұрақ:
Ежелгі заман деректерінде қандай тайпалар жөнінде айтылған? Сызба түрінде көрсет.
Сақтар
Үсін
Қаңлы
Сармат
Ғұндар

2 топқа сұрақ:
Сақ тайпалары туралы тарихи деректер қай елдің деректерінде кездеседі? (Грек, Иран, Парсы)
3 топқа сұрақ:
Сақтар ертедегі тарихи деректерде қалай аталған?( Сызба түрінде түсіндір)

Грек жазбаларында---------------Азиялық скифтер
Парсы жазбаларына ---------------Турлар, Құдретті еркектер
Иран жазбаларында------------ Жүйрік атты турлар

II тапсырма .
1топ

Сұрақ:
1. Сақтар шаруашылығының негізгі түрін атаңдар. (Сызба түрінде көрсетіңдер)
2. Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1 Мал шауашылығы
2. Егін шаруашылығы

Қой Сиыр

Төрт
Түлік

Жылқы Ешкі
2 топ

Сұрақ:
1 Гередот сақтардың тұрмыс –салты мен тұрғын жайы туралы не деп жазды?
1. Тайпа одақтарының көсемдері ру тайпа арасында қақтығыстарды шешті.
2. Әрбір көсем өз тайпасының қарумен , азық-түлікпен қамтамасыз етуін қадағалайды.
3. Тайепа атынан келіссөздер жүргізеді.
4.Көсемдер ру мен тайпа арасындағы жайылым және көшіқон мәселесін реттеді.
5. Жер бөлу ісімен айналысып осы жерді пайдалану ережесін анықтады.
III тапсырма
1топ
1.Сақтардың жауынгер тайпа екендігін дәлелде.

2 топ
1 Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін дәлелде, қазіргі қоғамдағы әйелдермен салыстыр.

3 топ
1 Сақ тайпаларындағы атақты адамдар қалай және неліктен пайда болды.

С Жауынгерлер
А
Қ
Т Абыздар
А
Р Малшылар

IV тапсырма

Рольдерде:
1. 1Дарий
2. Шырақ
3. Автор
4. Ранасбат
Автор: Бұл оқиға сақтармен соғыста қырғынға ұшыраған әскермен бірге өзі де қаза тапқан парсы патшасы Күрдің масқара жеңілісінен соң , он бір жылдан кейін болған еді. 1 Дарий сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін үнемі жаулап алу соғыстарын жүргізген . Б.з.б 518 жылы парсы патшасы 1 Дарий қалың қолды бастап , сақтарға аттанды. Сақтардың табанды қарсылық көрсету нәтижесінде1Дарий жеңіледі. Ертедегі грек тарихшысы Полиэн сақтың жылқышы жігіті Шырақтың ел тәуелсіздігі жолында өзін құрбандыққа шалған ерлігі жайында былай деп жазды. Шырақ күншілік жерден 1 Дарийдің алдынан шығады. Үсті-басы өрім-өрім тұла бойында саутамтық жері жоқ қызыл ала қанға бөккен, көзі кіртиіп , жақ жүні үрпүйіп , еріні кезерген елсіз құла түзде сүрініп қабынып, тәлтіректеп әрең келе жатқан адамды көргенде парсылардың қайран қап , таңданбасқа шарасы жоқ еді. Дереу Шырақтың 1Дарийге жеткізеді.
1 Дарий : Мұндай күйге ұшырауыңның себебіне, кімді іздеп, кімнен қашып келесің.
Шырақ: Дат тақсыр.
1 Дарий: Датың болса айт.
Шырақ: Тұтқыннан қашып шықтым. Осы араға өліп-талып зорға жеттім.Сақтарда кеткен кегім бар, кегімді алуға көмкетесуіңізді сұраймын..
1Дарий: Қалай көмектесесің, оған сенімім жоқ.
Шырақ: Өліп кетсем жолдан жанымды аямаймын. Тұтқында болып сақтардың жылқысын бағып жүргенде бұл өңірдің ой шұңқырын түгел біліп алғанмын.
Автор: Шырақтың сөзіне сенген 1 Дарий оның соңына еріп жорыққа аттанады. Уәдеге жеті күнде өтті, сегізінші күні азық бітіп , су таусылды. Аттар мен адамдар әлсірей бастады.
1 Дарий: Не мақсатпен сен бізді ұшқан құсы, жүгірген аңы жоқ шөл далаға әкеп қырғынға ұшыратпақсың?
Шырақ: Жеңіс! Жеңіске жетті деген осы. Енді қайда барасыңдар да табатындарың ажал.
Автор: Әскер қолбасшысы Ранабсат Шырақтың басын өз қолымен шауып түсірді. Елінің тәуелсіздігі үшін басын бәйгеге тікке есіл ері осылайша азаттық жолында құрбан болды.
V тапсырма
Суретпен жұмыс

1 Сақтардың тұрмысы
2 Тайпа көсемін сайлау
3 Томирис диаграмасы

VI тапсырма
Контур картамен жұмыс
Контур картамен жұмыс жүргізе отырып сақтар мен сарматтардың (қоныста) қорғандарын түсіріп , қорғандарын көрсету.
VII тапсырма
Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Тарихи сынақхат
Сұрақ: А. Македонский жайлы не білесіңдер?

Б:з.б IV ғасырда сақ жеріне тағы да қауіп төнеді. А. Македонский бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп , Маракондты жаулап алып, Сырдария өңіріне қарай аттанады. Сақ тайпалары «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Александрдің қалың қолына қаһармандылықпен қарсы тұрды. Тіпті кейбір деректерге қарағанда , осы соғысты Александырға сақ сарбазының садағы тиіп санынан жараланды.
Грек –МАкедон әскерлері басып алған жерлерін жан түршігерлік меірімсіздікпен ойрандатады.
А. Македонскийдің Сырдария ар жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды.
VIII тапсырма
Сақтардың мәдениеті мен өнері
1 топ
Сұрақ: Сақ ескерткіштерінің бір бөлігі сақ көсемдерінің бейіттері қандай аймақтарда кездеседі?
Жауап: Олар Талас, Шу, Іле өзендерінің жағаларында , Жоңғар Алатауының баурайында , Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі.
2. топ
Сұрақ: Мәдени мұраларының қалдық белгілерін атаңдар .
Жауап: Мәдени мұралардың Қазақстан жеріндегі қалдық белгілері алуан түрлі. Әсіресе садақ оғының ұшы, найза , пышақ, шақпақ, қайрақ ,балта, шоқпар, құмыра сияқты тас құралдар көп кездеседі.
3 топ
Сұрақ: Арал, Жетісу өңіріндегі ең ірі ескерткіштерді ата.
Жауап: Арал өңірінде Шірік*Рабат , Бәбәш- Молда Баланды т.б .ескерткіштер табылған. Жетісудағы тамаша ескерткіштердің бірі –Есік қорғанынан «Алтын киімді адам» Бұл қорған 1969-70 жылы қазылды.
Саяхат керуеніне қатысушы топтарда мәреге тақап қалды.
Саяхатшылар керуенінің басыы « Ертісөңірі» қоғамдық саяси газетінің редакциясына басын тіреді.

«Ертіс өңірі» және «Тарбағатай» газеттерінде Шіліктінің алтын адамы «Үшінші алтын адам» атты мақалалар жарияланды. Оны бәріміз білеміз.

Есіктен табылған алтын адам біздің дүние жүзі алдындағы мақтанышымыз .Қазір ол Ұлттық белгілерімізбен мемлекеттік рәміздерінің бәрінде елдік символика түрінде қолданылып жүр. Ондай болса бүгінгі сабағымыздың символыф «Алтын адам»

1 Кім жылдам ойыны .
2. «Жұлдызды сәт» ойыны
3. Қорытынды: Қазақ мемлекетінің негізін қалаған сақтар тайпасынан үлгі алар жақтарымыз көп. Қандай жақтарын үлгі алар едіңдер?
4 Үйге тапсырма: Өзіңнің бүгінгі сақтар саяхат сабағынан алған әсеріңді әңгімелеп жазып кел.
Категория: История | Добавил: love82
Просмотров: 1589 | Загрузок: 14 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru