Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » История

Ұлы жеңістің Шалқарлық қаһармандары
[ Скачать с сервера (25.1 Kb) ] 2015-11-14, 10:06 PM
« Ұлы жеңістің Шалқарлық қаһармандары»атты арнайы жобасы
Ұйымдастыру: акт залын тақырыпқа сай безендіру.
10 –сынып оқушыларын қатыстыру.
Қонақтар: 1. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы- О.Әділбаев.
2.Аудандық Қорғаныс істері әскери бөлімінің бастығы қызметкерлері.?
3. ҰОС-ның ардагері – Тақай Шудабай.
4.Зейнеткер ұятаз – Көрпебаева Бөпей.
5. ҰОС-ның ардагері Т.Шановтың қызы Майра Төлтайқызы Үмбеталина
6. ҰОС-ның ардагері, 101-атқыштар бригадасының жауынгері С.Жайымовтың қызы Жайымова Назымгүл.
7. ҰОС-ның ардагерлері, ерлі-зайыпты Айыш, Сағынтай Жанұзақовтар отбасы.
8.ҰОС-ның ардагері , белгілі партизан Ә.Төлегеновтың келіні.
9.Аудан прокурорының көмекшісі Досмұрзаева
10.Тыл ардагері Бибіжамал Жақсымбетова
Барысы:
1. Экраннан видеоролик көрсету: «Ана туралы баллада».
1.
- 20 ғасырдағы ең қантөгісті , адамзат болашағы сын сағаттқа түскен ұлы Отан соғысының жеңісіне міне 70 жыл толғалы отыр.Осы Ұлы Жеңіске үлес қосқан қаһарман ұлттың ұрпақтары,құрметті ардагерлер, құрметті қонақтар Армысыздар! Бүгінгі «Ұлы Жеңістің Шалқарлық қаһармандарына» арналан арнайы жобамызға қощ келдіңіздер!
- 1 слайд корсетіліп турады .
2.
70 жыл-ерлік пен жанқиярлық еңбектің , бірлік пен теңдіктің мерейлі мерекесі. Жеңіс мерекесі – фашизмді талқандаған бүкіл совет халқының мерекесі.Жеңіс мерекесі – әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған бүкіл қазақстандықтардың мерекесі.Жеңіс мерекесі- жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі. Бұл – біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз.Біз аға буынның алдында шексіз қарыздармыз және сіздерді әрдайым мақтан етеміз, басымызды иеміз. Біздің , яғни келер ұрпағының бейбіт өмірі үшін өз өмірлерін құрбан еткен ұлтымыздың батыр ұлдары мен қыздарының рухына арнап «1 минут үнсіздік» жариялаймыз!
- «1 минут үнсіздік»
3.
- Рахмет!
Соғыс басталған күннен бастап « Отан- Ана» шақырады ұранымен ер азаматтарымызбен бірге қыздарымыз да бейбіт тіршілікті артта қалдырып, қан майданға аттанды. Қазақстаннан 1 млн. 200 мың адам Қызыл Армия қатарына алынды. Облысымыздан 122 423 адам майданға аттанды Жауға атылған әрбір10 оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Ақтөбе облысы адамзат тарихындағы осы бір ең ауыр соғыста өте көп адам шығынына ұшырады. ҰОС-ның майдандарында 39 мың 503ақтөбелік қаза тапты.
Ал біздің Шалқар өңірінен қанша адам әскер қатарына алынып, қанша адамның қаза болғандығы, қаншасының елге аман-есен оралғандығы туралы, ардагерлеріміз туралы нақты деректермен танысудың сәті түсіп отыр. Олай болса экранға назар аударсақ (экраннан военкомат қызметкерлерінің сұхбаты)
Аудандық Қорғаныс істері әскери бөлімінің бастығы --------------------------------------------------------
Қазір ортамызда сөз кезігі өзіңізде

- 4.
Жылдан жылға ерліктің үлгісі болған ардагерлеріміздің қатары сиреп бара жатқаны рас. Әрине, бұл табиғаттың заңы. Солай болғанымен де ардагерлеріміздің ерлігі, есімі ұмытылмақ емес. Оларға деген көрсетілер құрмет ерекше болмақ. Осындай зор құрметтің иесі, тек өз ұрпағына ғана емес, сіз бен біздің, бүкіл қазақ елінің мақтаны болып отырған , құрметті ардагеріміз Тақаев Шудабай атамызға қошемет көрсетсек.

- Құрметті, Шудабай ата, сіз қан майданды көзіңізбен көріп, талай адам төзгісіз қиыншылықтарды басыңыздан өткеріп, елге аман-есен оралдыңыз. Мінекей, биыл Құдай қаласа, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Қуанышыңызға ортақпыз. Сіз үшін осы Ұлы Жеңістің дәмі бәрімізден де ерекше болары анық. «Жеңіс!», «Біз жеңдік!» деген хабарды естігендегі көңіл күйіңізді қазір жеткізе алар ма едіңіз?! Жеңісі қайда қарсы алдыңыз? Сол туралы айтып берсеңіз...
5.Осы жиынға денсаулығына байланысты келе алмаған ардагер Жұмабаев Таңжарық атамыз бен кездесіп сұхбаттасып қайтқан едік сол бейне сюжетке көңіл аударайық.
Бейнесюжет
6.бұл ән Ерен ерліктің үлгісі болған ардагерлеріміздің құрметіне арналады.
7.
- 2015 жыл достастық елдерінде ардагерлер жылы деп белгіленгені баршамызға аян. Біздің ауданымызда да Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде өткізуге арналған дайындық жұмыстары, ардагерлерді құрметтеу өз мәнінде жүргізілуде. Осы орайда өз саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды білмек ниетпен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбай Әділбаев ағамызбен жолығып, әңгімелескен едік.
- -Оразбай аға, жүргізіліп жатқан жұмыстарыңызға, алдағы жоспарларыңызға нақтырақ тоқталып өтсеңіз.
Сөз беру.
8.
Қазақстандықтар тек майдандарда ғана емес, жау тылында да шайқасты. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатысқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті.Осы 3,5 мың партизанның ішінде біздің де жерлестеріміз ерлік көрсетті. Бүгінгі біздің арнайы жобамызға партизан аталарымыздың тікелей ұрпақтары келіп отыр. Югославияның халық азаттық соғысына қатысқан,
ЮСФР- ның «Халық алдында сіңірген еңбегі үшін» орденімен- Күміс жұлдызбен, дипломмен наградталған даңқты партизан Төлтай Шановтың қызы – Майра Төлтайқызы ортамызда
Бейнеролик Шанов
Майра апай осы естелікті өзіңіз баяндап берсеңіз.
Толегенов слайд
Атақты партизан жазушы Әди Шәріповтың мына бір хаты қолымызға түсті./Хатты оқу/
Әди Шәріповтың « Партизан қызы» шығармасының кейіпкеріне айналған батыр партизан Әбдіғали Төлегеновтың келіні-------------------------------------------------- ортамызда
9.ұлы қазақ халқы атадан жақсы ұл туса елдің туы болады, дегендей, шалқар өңірінен елі үшін еңіреп туған талай ұлдар дүниеге келіп жеріміз ,мемлекетіміз үшін аянбай еңбек етіп тер төккен . солардың бірегейі Өтеген Сейтов.
Өтеген осы елде туған екен,
Заңғары,заң аулының асқар тауы.
Өтеген еңбек еттің елің үшін,
Заманның шындығы мен парқы үшін
Тарихын сыйлаған ел мәңгі өшпес,
Жасай бергін, аға рухы, халқың үшін
Аудан прокурорының көмекшісі Досмұрзаева
(Экраннан қыздар туралы видеоролик)
Қазақта ақын қыз да, ақылгөй қыз да, батыр қыз да көп болған екен ғой. Өкінішке орай сол көп қыздардың бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Біз соғысқа қатысқан Әлияны, Мәншүкті білеміз. Сонан соң әуеден дұшпанының зәре-құтын қашырған Хиуазды танығанымызға да көп болған жоқ. Қазақстанның өзінен ҰОС-на мыңдаған қыз-келіншек аттанды. «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі осыдан он шақты жыл бұрын тек бір ғана Шалқар ауданынан 90 қыздың ҰОС-на қатысып, ерлік шежірелерінжазғанын анықтаған еді. Қазір соның саны 121-ге жетті. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Ендігі мақсат осы батыр апаларымыздың есімдері мен ерлік істерін, өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін, жас ұрпаққа насихаттау және үлгі ету.
Ес жиғызбай есендесіп қайғы алуан
Жанымызға мұз құшағын жайды алдан
Біз білеміз қазаныңда не екенін
Қара қағаз алмасақта майданнан!
Өйткені біз өрт ішінде өнгенбіз
Өмір үшін өлімге де көнгенбіз
Соғыс көрген әкелерден жаралып,
Соғыс көрген аналарды емгенбіз.
Осы мақсатта біз бүгінгі жобамызға ерлі-зайыпты бартырлар, ҰОС-ның ардагерлері Айым Жанұзакова мен Сағынтай Жанұзақовтың қызы Алма Жанұзақова Сағынтайқызын шақырған едік. Сөз кезегі өзіңізде Алма апа.
Слайд кетеді
10( Экраннан «Елім-ай» кинофильмінен үзінді)
Алты жүз мың солдаттар жоқ тізімде
Алты жүз мың жұлдыз жоқ көк жүзінде
Олар қалды Сталинград биігінде,Курск иірінде!
Алты жүз мың бастарын тікті өлімге
Олар қалды теңіздің түптерінде
Алтын ошақ көре алмай мекендерін
Олар қалды жерінде шет елдердің,
Олар қалды Освенцим түрмесінде,
Олар қалды Берлиннің іргесінде.
Жұтты соғыс оларды отты тілімен,
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен.
Алты жүз мың Отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиетті болды аттары.
Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке.
Алты жүз мың от жақтық мәңгілікке
Иә,Қаншама шаңырақ қаңырап, ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері ауығанша үміттерін үзбеді. Осындай жандардың бірі қазір біздің ортамызда.
Бейне ролик Бөпей апай
Өздеріңіз танып отырғандай осы қара шаңырақтың ардагер ұстазы, қан майданнан елге оралмай,41 жасында ғұмыры үзілген , батыр атамыз, ҰОС-ның ардагері Көрпебай Наржановтың қызы Көрпебаева Бөпей апайға сөз кезегін берсек...
11. 101-атқыштар бригадасы. Бейне сюжет
101-атқыштар бригадасында соғысып елге аман есен оралған батыр атамыз Сағынай Жайымовтың қызы Жайымова Назымгүл апай әке ерлігі туралы баяндап берсеңіз.
12тыл бейне сюжет
Аңыздардан тере жүріп масақты
Рас,рас көзіңіңзден жас ақты
Бірақ сол бір жылдар дауыл жылдар от жылдар
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты.
Есімдерің нұр кеудеде жаңғырып,
Жүреміз біз ерлігіңді ән қылып
Еңбеккерлер еңбегін елге еткендер
Есімдерің тұрар есте мәңгілік

Қорытынды.
Бұл жеңіске өте қымбат баға миллиондаған азаматтардың құрбан болған ғұмыры төленді.ҰОС жанқиярлықпен соғысқан жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес, себебі олар біздің ортақ Отанымызды қазақстанның келекшектегі дербестігін қорғаған болатын.
Батырларымыздың ерлік істерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымымдастырылған арнайы жобамыздың нәтижесінде сайт ашқан болатынбыз.Жоба барысында жинақталған мәліметтердің толық нұсқасы осы сайтқа салынады.
Соңғы слайд
Категория: История | Добавил: mirashahmet
Просмотров: 1160 | Загрузок: 8 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru