Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Жігіт сұлтаны
2017-12-26, 7:26 PM
Абижанова Алтынай Айтановна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының«Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық
мектеп- интернат» КММ
Тақырыбы: "Жігіт сұлтаны"

Мақсаты:
Оқушылардың бойында ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілік, ептілік,ержүректілік қасиеттерді қалыптастыру, өз халқының, Отанының азаматы болып қалыптасуына көмектесу. Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойыкеле жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата - баба дәстүрін құрметтеуді үйрету. Отанына, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жүргізілу әдісі: сайыс түрінде
Көрнекілігі: нақыл сөздер,мерекеге сай бөлмені безендіру,слайд.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз.
ІІІ. Сайыстың басталуы.

«Көңіл ашар» күй

І- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі "Жігіт сұлтаны" атты дәстүрлі сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер.
Береке де осында
Мереке де осында.
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында.

І І–жүргізуші (Қарлығаш):
Күмбірлеген күй дайын
Ал, қанеки,қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Биіктерге самғаңдар.

І- жүргізуші:
- Құрметті балалар ,қай сайысты алсақ та, әр сайыстың өз әділқазылар алқасы
болады.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып өтейік:

І-жүргізуші:
Құрметті көрермен қауым! Енді бүгінгі сайысымызға қатысатын серілерімізбен танысайық.

Уа! Халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Жігіттер шықсын ортаға
Бүгін сұлтан атанбақ!
«Көңіл ашар» күй
1.Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Руслан сынып жүрегі (Кусков Руслан) - күй
2.Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптағы сері Русланды(Салқынбаев Руслан)- күй
3.Ер жүректі Айдар бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Тентегі ол сыныптың,
Бар жағынан танылар(Ахметжанов Айдар)- күй
4. Асханалық жұмысқа
Қызығушылықпен қараған
Тәрбиеші мен ұстаздарын
Ай мен күнге балаған
Шақырайық Иманбаев Әділді- күй
5.Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Құрманбек деген жігітті (Мұратов Құрманбек)- күй
6.Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Сабырлы біздің Дулатты
Әрқайсымыз силаймыз (Қабдоллаев Дулат)- күй
7.Ортамыздың бұзығы
Данияр ерке ұлымыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз (Әмірханов Данияр)- күй
Айдай сұлу Қарлығаш,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар
(Бауыржанқызы Қарлығашқа шапалақ ұрып қойыңыздар)- күй

І-жүргізуші:
Ал, енді құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы жігіттерімізбен де таныстық.Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
Сайысымыздың бірінші кезеңі "Өзін-өзі таныстыру"

1. Кусков Руслан
2. Салқынбаев Руслан
3. Ахметжанов Айдар
4. Иманбаев Әділ
5. Мұратов Құрманбек
6. Қабдоллаев Дулат
7. Әмірханов Данияр

І-жүргізуші:
Сайысымыздың екінші кезеңі
"Өткен өмірді білмей,болашақты болжай алмайсың"
-дейді халқымыз.Халқымыздың әдет - ғұрпын, салт- дәртүрін білу - бүгінгі ұрпақтың міндеті. Сондықтан да сайыскерлеріміз экранда берілген сұрақтарға жауап береді.
Қазақша ай атауларын ата.
Қазақша апта атауларын ата.
Төрт түлік мал төлдерінің атауы.
Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесін.
Қазақ халқының тарихында қандай билер,хандарын өткен .
Қазақ халқының қандай батырларынбілесін.
Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесін.
Қазақ халқының салт - дәстүр, той- томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.

ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
"Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар"- деп , халық даналығын еске ала отырып, сайыскерлерді тағы да сынап көрейік.
"Күш сынасу " (қол күрестіру) - «Жаным қазақ»

І-жүргізуші:
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес
Қоян - қолтық алыспай,- демекші енді сайыскерлеріміздің спорттық өнерлерін тамашалайық.
"Доп лақтыру"(«Жаным қазақ»)
- Балалар, қауіпсіздік техникасын ұмытпайық.
- І-жүргізуші:
Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын
Өнерлі жігіт асырар елдің даңқың,- дегендей енді жігіттеріміздің өнерін көрейік.Келесі кезеңімізді қол өнерге берейік. Қазір әр сайыскеріміздің алдына керекті құралдар беріледі.Соларды пайдалана отырып гүл үлгісін жасайды.
"Он саусағынан өнері тамған"(гүл жасау) - күй

І жүргізуші:
- -Балалар, біраз шаршадық. Сергіту сәтін жасайық
"Сергіту сәті"
(Балалар экранға қарап қайталайды)

ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
"Өнерлі өрге жүзер" демекші, әр сайыскермізге берілген үй тапсырмасын, яғни,өз өнерлерін тамашалайық!
«Өз өнерін көрсету»
І-жүргізуші:
Жылдар,жылдар тарихтың мол беттері
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды,
Халқымыздың өткені мен ертеңі.

ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
Келесі кезеңде сайыскерлеріміз тамаша бір жарнама өткізуі керек,яғни, қолындағы тауарды мақтау керек (қаламсап, дәптер, гүл, қол өнер бұйымы, бас киім, ертегі кітап, шампунь)
«Жарнама»

І-жүргізуші:
Осымен, бүгінгі сайысымыздың да кезеңдері тәмамдалды.Сайысымыздың әр кезеңі сіздердің көңілдеріңізден шықты деген ойдамыз.Құрметті әділқазылар алқасы барлық кезеңдердің ұпайын сануға рұқсат.

І-жүргізуші:
Құрметті қонақтар біздің ақ тілегімізді қабыл алыңыздар.

Оқушыларға тілек : Жас баланың күлкісін, жомарттың қолын , сапарлының жолын,қыздың қылығын, судың тұнығын,асаудың арынын,бұлбұлдың таңғы үнін,гүлдің нәзіктігін,теңіздің тереңдігін, қыранның көрегендігін, елдің көңілін,мәңгі бақи ажырамас достың жүрегін берсін!

ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
Ұстаздарға тілек:Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін,пәле-жала табалдырыққа жетпесін,ұрпақтарыңыз өсіп - өніп көктесін,шәкірттеріңіз алдарыңыздан кесіп өтпесін, қырандай самғап шарласын!

І-жүргізуші:
-Балалар, енді сайысымыздың соңында «Жаным қазақ» атты бір керемет әнді орындайық. Әннің сөзін экранға қарасаңдар болады:
«Жаным қазақ»
- Енді, балалар, әділқазылар алқасына сөз берейік. Жеңіске жеткен жігіт сұлтанын анықтап, марапаттайық.

ІІ-жүргізуші (Қарлығаш):
- Назарларыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Ибрагим
Просмотров: 443 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru