Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Әке - асқар тау
2014-01-18, 2:54 PM
Ақтөбе қаласы
№1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі
Мурынова Алия Ордабаевна
Сабақтың тақырыбы: Әке – асқар тау
Сабақтың мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,ұлттық салт-дәстүрімізге байлансты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру,әкеге деген бала махаббатын ояту.
Тәрбиелік міндеті: Адамгершілікке,ынтымақтыққа,кішіпейілдікке,ізеттілікке, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық міндет: Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасай білу керектігіне оқушының ойын жеткізу
Сабақтың көрнекілігі: Әке туралы нақыл сөздер,шарлар,гүлдер т.б
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: «Ана-сая болар бағың болса,Әке-асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар,мұңайтар күн,қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын,сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелер,бүгінгі сіздерге арналған «Әке — асқар тау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады,бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады,адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз,бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл-береке,ынтымағы үшін отағасының әділ,ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі ,мейір-шапағат көзі — әке. Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге ,анаға деген сүйіспеншілігімен,қамқорлығымен,ана жанын қас- қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп,оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызыметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Жүргізуші: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Жүргізуші: Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсң білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
1-оқушы: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің,әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын,әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.
2-оқушы: Есімде бейнесі әкемнің,
Күлімдеп маған қарайтын.
Мен саған талпынсам,
Құшағын жая сап көтеріп алатын.
3-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім,өнеге –
Ақ тілеуі әкенің.
4-оқушы: Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.
6-оқушы: Әкем шытса қабағын-
«Байқа балам» дегені.
Алған көп-ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.
7-оқушы: Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың»дегені.
Мен әкемнен әр кезде,
Соны естігім келеді.
8-оқушы Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
«Әке- асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді) Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын,қандай ыстық десеңші!.Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар,өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат,ең қымбат адамым ол-сіз менің сүйікті әкешім.Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз.Мен сізден көп тәрбие алдым.Сіздің бақытты аман-сау болуыңызды тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.
Сізсіз әке-ең ақылды,ең шыншыл,
Сізсіз әке-ең жақыным,ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың,қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала –жүрек тілегін.
Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей,өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар.сол тағдырдың басты себепкері- біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам,ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да,әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбаттыәкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Әке. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса,баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке-асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашанөзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау-әркімні міндеті, себебі әке бұл өмрде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш-жігерді,батырлықты, батылдықты,қайсарлықты,білімділікті,барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын.қарап отырсақ әкенің де түр-түрі болады. Бірі ақылды,білімді болса,бірі жігерлі,қайратты,енді бірі батыр да батыл,қайсар болып келеді.Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады.Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі,аялауы,оны өзінен жоғары ұстауы керек. Сондықтан да әкені ардақтау әділетті болады деп ойлаймын.
Өсірген баптап баласын,
Әкелер әркез «Жарайсың».
Бар өнерін үйреткен,
Оздырған да жүйріктен,
Әке деген- ардақты ат.:
Қыстай суық денсаулық,
Жаздай ыстық махаббат.
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер дегім келеді.
1.Әке-асқар тау.
2.Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
3.Жақсы әкенің даналығы-балаға мың жылдық азық.
4.Әке-шаңырақтың негізгі тірегі.
5.Жаманнан жақсы туады,жақсыдан жаман туады-адам айтса нанғысыз.
6.Әке-балаға сыншы.
7.Бір бала бар –атаға жете туады,бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар- кері кете туады.
8.Әке-бәйтерек, бала жапырақ.
9.Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ ,бала жағасындағы құрақ.
Үйге тапсырма беру: Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерін,өз ойларын жазып келу
Категория: Классному руководителю | Добавил: sultan1001
Просмотров: 6669 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 10:21 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru