Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

ХХІ ғасыр көшбасшысы
2014-01-18, 11:58 PM
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін тексеру; өз ойын дәл, шапшаң әрі нақты жеткізуге үйрету; жан – жақты білімді болуға баулу.
Жүргізуші: Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын-толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Канеки кім шығады сайысуға – дей келе, сайысымызға қатысатын оқушыларды анықтау үшін іріктеу кезеңін өткіземіз.

Іріктеу кезеңі
1. 1 километрде неше милиметр бар? (1 000 000)
2. Теңге қай жылы айналымға енді? (1993)
3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (3)
4. How many letters are there in the English alphabet? (26)
5. Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары (1841 – 1889)
6. Жыр алыбы (Жамбыл)
7. Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш (шаршы)
8. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
9. Как называются слова одной и той же части речи с противоположным лексическим значением? (антонимы)
10. Пирамидалар қай елде салынған? (Египет)
11. Ұзындығы 9 см, ені 7 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (63 см2)
12. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көрінісін қалай атайды? (пейзаж)
13. 10 мен 60-тың арасында «5» саны неше рет кездеседі? (15)
14. What is the capital of Kazakhstan? (Astana)
15. Как звали сестру Иванушки, который напился воды из козьего копытца и стал козленочком? (Аленушка)
Жүргізуші: «Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Ал енді ойынға шығатын оқушыларды таныстырып өтейін. Бақпен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған ойыншыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсын демекпіз. Ал енді жас қырандар, сайысымызды бастайық.
Ойынымыздың І кезеңі «Бәйге» деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларға 15 сұрақ қойылады. Карточканы бірінші көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І кезең – «Бәйге»
1. 5-ке қарама-қарсы сан. (-5)
2. Ең терең көл (Байкал)
3. Ашу – дұшпан, ________ (ақыл – дос)
4. Н. Ә. Назарбаев қандай ғылымның докторы? (экономика)
5. Күн жүйесінде неше планета бар? (9)
6. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)
7. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
8. Қарама-қарсы сандардың қосындысы нешеге тең? (0)
9. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)
10. Нота таңбаларында пайдаланылатын кілт (скрипка кілті)
11. Жердің ауа қабаты (атмосфера)
12. Түйе пірі (Ойсылқара)
13. Кібісе жылда неше күн бар? (366)
14. Ең үлкен арал? (Гренландия)
15. Футбол королі кім? (Пеле)
Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Дода» деп аталады. Бұл кезеңде 6 пәннен сұрақтар қойылады. Ұяшықты бірінші болып ұпай саны көп оқушы таңдайды. Әр пәннен 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
ІІ кезең – «Дода»
Қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар
1. Қатыстық және сапалық сын есімнің айырмашылығын айтыңыз. (Қатыстық сын есім басқа сөз табынан жасалады)
2. Тиянақты ойдың көрсеткіші. (сөйлем)
3. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» тіркесінің мағынасын айт. (Бейбіт күн)
4. Екі не бірнеше адамның сөйлесуін қалай атайды? (диалог)
5. Дыбыстың жазба таңбасы (әріп)
Математика пәні бойынша сұрақтар
1. Жолдың формуласы (s=v*t)
2. Үшбұрыштың қабырғалары 10, 15 және 7 см. Периметрін тап. (32 см)
3. 1637 жылы координаталық түзуді енгізген, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі кім? (Рене Декарт)
4. Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы. (масштаб)
5. Координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы қалай аталады? (модуль)
Орыс тілі пәні бойынша сұрақтар
1. Какие слова называются интернационализмами? (Слова, которые употребляются в ряде языков и обозначают научные и политические понятия называются интернационализмами)
2. Что такое фонетика? (Раздел лингвистики изучающий звуки речи и звуковое строение языка)
3. Как называются предложения, в которых есть только главные члены предложения? (простое, нераспространенное)
4. Как называются слова образованные путем сложения сокращенных основ ? (сокращенные слова)
5. Что называется спряжением? (Изменение глаголов по видам, наклонениям, временам, числам и родам)
Тарих пәні бойынша сұрақтар
1. Б.з.б. 519-518 жылдары сақ жеріне жойқын жорығын бастаған патша.
2. Оңтүстік Қазақстан жерінде, Сырдарияның бойында орналасқан қала. Кезінде ол қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығы болған. Бұл қаланы Дешті Қыпшақтың сауда айлағы деп атады. (Сығанақ)
3. Қазақстанның алғашқы астанасы. (Орынбор)
4. Бұл жәдігер қай ғасырға, қай тайпаға тән? Уақытын және қайдан табылғанын айт. (1970 жылы Есік қорғанынан табылды. Сақ тайпасына тән жәдігер)
5. Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы әйел. (Томирис)
География пәні бойынша сұрақтар
1. Географиялық ендік дегеніміз не? (Географиялық ендік деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.)
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен орналасқан? (132 м)
3. Жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар қалай аталады? (сейсмикалық аймақтар)
4. Сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруін қалай атайды? (үгілу)
5. Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың қосылған жері қандай тау торабын құрайды? (Шелек-Кебін)
Биология пәні бойынша сұрақтар
1. Жай жапырақтың тақта саны нешеу? (1)
2. Тамырдың түктер орналасқан бөлімі (сору аймағы)
3. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс (фотосинтез)
4. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым (Навашин С. Г. )
5. Аналықтың ең жуан бөлігі (жатын)
Жүргізуші: Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте» - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, келесі «Тіл – өнер» кезеңінде жас өркендердің тіл білімін тамашалаймыз. Бұл кезеңде оқушылар жасырын сөзді тауып, оны орыс және ағылшын тіліне аударуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
ІІІ кезең – «Тіл – өнер»
1. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес
Шешуiн кiм табады? (сүт – молоко – milk)

2. Ақыл сөз – атқан оқтай, жай кетпейдi,
Жаманға оқ өтсе де, ------------ өтпейдi. (сөз – слово –word)

3. ----- бәрiнен де қымбат, өйткенi ол мектептiң жүрегi. (мұғалiм – учитель – teacher)

4. Сабыр – түбi сары -------. (алтын – золото - gold)

5. Ерiншектiң ------- таусылмайды. (ертең – завтра – tomorrow)

Жүргізуші: «Тіл – өнер» кезеңінің қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа – деп келесі кезеңімізді бастайық. Ойынымыздың келесі кезеңі «Ғажайып алаң» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға төрт тақырып беріледі. Әр тақырыпта 10, 20, 30 және 40 ұпаймен бағаланатын сұрақтар бар. Ұяшықты бірінші болып ұпай саны көп оқушы таңдайды.
Білімнің ұшқырлығын танытатын,
«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмағын.
Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,
Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.
IV кезең – «Ғажайып алаң»
Рәміздер – 10. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)
Рәміздер – 20. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазды? (Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
Рәміздер – 30. ҚР мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
Рәміздер – 40. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі нені білдіреді? (Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз)

Тұлғалар – 10. 1845 – 1904 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны. (Абай)
Тұлғалар – 20. 1893 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген қазақ ақыны. «Қамар сұлу» романының авторы. (Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Тұлғалар – 30. Қазақтың әйгілі суретшісі, «Түрксіб» туындысының авторы. (Ә. Қастеев)
Тұлғалар – 40. 1986 жылға дейін Қазақстан компартисясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. (Дінмұхаммед Қонаев)

Салт-дәстүр – 10. Бөбек ең алғаш тәй-тәй басқанда ата-анасының жасайтын тойы. (тұсаукесер)
Салт-дәстүр – 20. Келіннің бетін ашарда айтылатын жыр. (беташар)
Салт-дәстүр – 30. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегін қалай атайды? (иткөйлек)
Салт-дәстүр – 40. Үйдің үлкені жол жүріп кеткенде ауыл жастары жиналып бас қосуын не деп атайды? (бастаңғы)

Қазақстан – 10. VІІ қысқы Азия ойындары Қазақстанның қай қалаларында өтті? (Алматы, Астана)
Қазақстан – 20. ҚР Президентін сайлау ең соңғы рет қай жылы болды? (2011 жылы)
Қазақстан – 30. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кім? (Кәрім Масимов)
Қазақстан – 40. «Қазақстан – 2030» стратегиясы қай жылы жарияланды? (2003 жылы)
Жүргізуші: Төртінші кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушымен қоштасуымызға тура келеді. Қалған екі оқушы ойынды жалғастырады. Ойынымыздың соңғы кезеңі «Жорға» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
V кезең – «Жорға»
А нұсқасы
1. 2003-2005жылдар қандай жыл болып жарияланды? (Ауыл жылы)
2. Мұсылман халықтарының дiнi? (ислам)
3. Үш жүздiң басын бiрiктiрген хан? (Абылай хан)
4. 3, 5, 7 қандай сандар? (тақ)
5. Қазақстан халқының саны? (17 млн)
6. Ақтөбе облысы Қазақстанның қай бөлiгiне кiредi ? (Батыс)
7. Н.Ә.Назарбаев кiм ? (Президент)
8. Қазақ алфавитiнде неше әрiп бар ? (42)
9. Тауды көтерген бала? (Толағай)
10. Дүниежүзi чемпионы атағын алған палуан. (Қажымұқан)
Б нұсқасы
1. Екi қатынастың теңдiгi? (пропорция)
2. Қазақ тiлiнде неше сөз табы бар ? (9)
3. “Ғылым таппай мақтанба” атты өлеңiн жазған ақын? (Абай)
4. Шоқанның шын аты ? (Мұхаммедханафия)
5. “Отырар” дастанының авторы ? (М.Шаханов)
6. Тең қабырғалы төртбұрыш? (шаршы)
7. Ағылшын тiлiнде қанша әрiп бар ? (26)
8. 2,4,8, - қандай сандар ? (жұп)
9. Қазақстан Республикасының президентi ? (Н.Ә.Назарбаев)
10. Ер Төстіктің жарының аты кім? (Кенжекей)

Жүргізуші: Осымен біздің ойынымыз аяқталды. Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы кім екенін білу үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Айнур7598
Просмотров: 1575 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 1:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru