Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
2014-04-23, 2:11 PM
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»
Тәрбие сабағының мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету
2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту
3. Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: гүл, шар, „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер плакаттар
Барысы:
1 Жүргізуші: - Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Бұл көктем мерекесі. Наурыз айы-ұлы мереке. Әрине, наурыз айы-асыл ана мен ару қыздар мерекесі. Бұл айда мерекелер 8 наурыздан басталады, наурыздың соңында халқымыздың жаңа жылы-Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі келеді. Біз де осы мерекелі айға өз үлесімізді қоссақ деп «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың» деген айдарлы тақырыпта сайыс өткізпекшіміз. Мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Осы сайысқа қатысқалы отырған № 22 мектеп-интернатының 5 «а» сынып арулары. Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ. Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен
Ендеше, «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың» атты қыз сыны сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1 Жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:
1. Мектебіміздің директоры Ахмалтдинова К.Б.
2. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахимжанова С.Е.
3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиақпарова З.М.
2-жүргізуші: Жалпы сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтсек:
1. “Мен қазақтың қызымын..” өзін таныстыру. Қыздардың көпшілік алдында өзін- өзі ұстауы, жүріс- тұрысы, өз- өзін таныстыруы бағаланады.
2. “Ас –адамның арқауы ” қазақ тағамдарының дайындалуы (аз мәзірін дайындау)
3. “Өнерлі өрге жүзер ” /өз өнерін көрсету/
4. “Асыл қазына ”(салт-дәстүрге байланысты сұрақтар)
1- жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Сынға түскен арулар кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін. Ал, сайысқа қатысушы арулар сіздерге сәттілік тілей отырып, алғашқы сайысымызды бастаймыз.
1 сайыс . “Мен қазақтың қызымын..” өзін таныстыру. Қыздардың көпшілік алдында өзін- өзі ұстауы, жүріс- тұрысы, өз- өзін таныстыруы бағаланады.
2-жүргізуші : Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз тез арада майысып.
- Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып,қолдағы барымен дегендей,шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. Ендеше, екінші сайысымыз-ас мәзірін дайындау.
1 –жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кемде-кем екен.
2-жүргізуші :
Ал , кімнің өнері бар қаншалықты ,
Би билеп , ал біреуі ән салады.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға ,
Арулар аянбай- ақ жан салады. – деп келесі сайысымыз “Өнер сайысына кезек берсек.
1-жүргізуші :
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті.
Ал, аруларға сәттілік тілейікші,- дей келе “Асыл қазына ”(салт-дәстүрге байланысты сұрақтар) атты сайысымызға да келіп жеттік.
Сұрақтар:
1. Нанға байланысты ырым-тыйымдар
2. Беташар дегеніміз не?
3. Сүт тағамдарына байланысты ырым-тыйымдар
4. Тұсаукесер дегеніміз не?
5. Бесікке қатысты ырым-тыйымдар
6. Құда түсу дегеніміз не?
7. Қыз қуу дегеніміз не?
1- жүргізуші:
Бойларында от бар екен байқадық
Жүректерде шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым - деп сөз кезегін әділқазыларымызға берсек.

2-жүргізуші.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
1-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.



Қарағанды қаласы
№ 22 негізгі білім беретін мектеп-интернаты


МЕРЕКЕЛІК ТӘРБИЕ САБАҒЫ
«Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың»

Өткізген:
5 «а» сыныбының тәрбиешісі
Дюсембина Мая Аукеновна
Категория: Классному руководителю | Добавил: dma
Просмотров: 1144 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 4:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru