Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

«Көш – басында Кемеңгер»
2014-05-10, 7:34 AM
Бегімбетова Жансауле Құлтасқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
№5 орта мектеп
Тақырыбы: «Көш – басында Кемеңгер»
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтің өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстыру. Еңбегі мен өмірін өнеге, үлгі тұту.
Фанфары:
Шектібаева Арайлым
(Арнау)
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарған ел – ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық.
2-жүргізуші: Тыныштықбаева Айдана
Бүгінгі мерекелік кешімізді әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!
1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған Көш басында – Кемеңгер
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Жиын, сап түзе!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
Гимн
Видео \ Елбасы \
2-жүргізуші: Тыныштықбаева Айдана
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Сөз №5 орта мектеп директоры Әбдіғапарова Әлия Пәуединқызына беріледі.
2-жүргізуші: Тыныштықбаева Айдана
Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 22жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,
Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.
(Видеоролик Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы
Жәңгірова Құралай
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Өтегенова Ардақ
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Санғалиева Бағдат
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Сәрсеналина Дильназ
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Түгелбаева Гүлназ
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
Қорғанбеков Қазбек
Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
2-жүргізуші: Ділманов Руслан
Алдарыңызда “Нұр-аға” әнімен алтыншы, жетінші сынып оқушылары Мейірханова Айым, Жалғасбаева Гүлхан, Ахметов Руслан, Абдолов Мақсат.
1-жүргізуші: Ділманов Руслан
Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Монтаж (6 оқушы)
Сартаева Алтынай:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде..
Ахметов Руслан:
Қадамы мықты елміз алға басқан,
Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.
Ап шықты Елбасымыз жолын тауып,
Кешегі төніп келген дағдарыстан.
Зинелқызы Әйгерім:
Тамыры бар тереңдерден нәр алған,
Қазақ едік кеудеде көп сан арман.
Алла қолдап еркіндіктің алауын.
Жақтық бүгін даңқын көпке тараған
Татып дәмін тәттінің де ащының
Тастап артқа келдік уақыт тасқынын.
Елордамыз бүгін де бой көтерді,
Бастауында Нұр ағадай басшының.
Қорғанбеков Қазыбек:
Шалқытып ақын жүрек толғасын да,
Көшбасшың адастырмас бар қасында.
Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан
Көреген Елбасының арқасында.
Төретаев Темірлан:
Ел тірегі қайратым
Абыройым айбатым
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызсың жүр аман
Нұр сәулеті – Нұр ағам.
Әшімова Әлия:
Елағаның саясаты сындарлы,
Елім дейді, ерім дейді жүрегім.
Күндіз – түні елімді ойлап жүремін.
Тек биікте желбіреген туымды
Көтеремін талса-дағы білегім.
Айтайын мен құмар ойдың тасасын,
Оған халқым қандай пікір қосасың?
Ел бірлігін ойлап шашы ағарған,
Қазағымның Нұрсұлтаны жасасын!
Хор: «Қазақстан бақыты»
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Жиын, сап түзе!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!
2-жүргізуші: Тыныштықбаева Айдана
Қазақстанның бақытты жас ұрпағы, осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінейік.
1-жүргізуші: Ділманов Әлім
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасымыз , бол аман,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
2-жүргізуші: Тыныштықбаева Айдана
Елбасы құрметіне арналған «Көш басында – Кеменгер» атты мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймы
Жүргізушілер:
Қош сау болыңыздар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Жансауле
Просмотров: 1439 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru