Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

«Жаңа бақыт қош келдің!»
2014-05-10, 8:13 AM
Жаңа жыл әнін айтып би билеп кіреді.Хор: «Жаңа жыл» Дәрібаевтар
1- Жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
2- жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
3- жүргізуші :
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Дауыл дауысы:
1-жүргізуші: Балалар дауыл соғып кетті ғой.
2-жүргізуші: Мына дауыс қайдан шығып жатыр.
3-жүргізуші: Балалар мынау біздің 1 жыл бойы күткен аяз атамыз ғой.
Аяз ата: Балалар мен ешкімді көріп тұрған жоқпын! Ассалаумағалейкум! Менсіз жаңа жыл басталып кеткен жоқпа?
Балалар: Жоқ! Сізсіз жаңа жыл қызық боларма еді?
1- жүргізуші: - Онда неге тұрмыз? Бәріміз Аяз атамен бірге Жаңа Жылқы Жылына аттанайық. Олай болса,біз Аяз атаның немересі Ақшақар қыздарды шақырайық!
Балалар: Ақшақарлар келіңіз! Ақшақарлар келіңіз! Ақшақарлар келіңіз!
Ақшақарлар биі: Тыныштықбаева Айдана, Жәңгірова Құралай, Оңдасынова Венера.
Ақшақарлар:
1. Балалар, біз сендерге бос келген жоқпыз.
2. Біз өз елімізден сіздерге сыйлық ала келдік.
3. Сіздер өнерлеріңізді көрсетсеңіздер сыйлықтарды жазылған хатымен бірге тапсырамыз.
Аяз Ата: - Қараңдаршы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайьқ.
Онда балалар мына сөзді айтайық: -Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
Балалар: -Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Аяз Ата мен Ақшақарлар шыршаның шамдарын жағады.

Аяз ата: Бәріміз экранға назар аударайық Видео
2-жүргізуші: Аяз ата, ақшақарлар сіздердің елдер ертегі елінде тұрады екенсіздер. Енді біз өз өнерімізді көрсеткелі тұрмыз.
Тундра биі: 7 в сынып оқушылары: 8 бала

Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Ақшақарлар сыйлығын тапсырады.
3-жүргізуші: Келесі өнеріміз балалар сіздерге бірігіп ән айтып берсін.
Хор: «Шырша жыры»
1-жүргізуші: Енді барлығымыз өткен жылды есімізге түсірейік. Жылан жылындағы жеткен жетістігінің өзін айтып тауыса алмаспыз, тек басты - бастысын айтып өтейін.
Жетістіктер: Экранда суретпен көрсету.
6в - Жетістіктері
2-жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсететін 6 сынып оқушылары «Жылан биі» Өтеген Ардақ, Әшімова Әлия, Сәрсенолина Дильназ, Сартаева Алтынай, Құдайбергенова Жаңылсын
Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қыздарым сыйлықтарын тапсырыңдар! Ақшақарлар сыйлығын ұсынады.
3-жүргізуші: Балалар арамызға тағы бір қонақ келіп қалыпты. Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Сиқыршы: - Аяз ата, жаңа жылдық шыршаның қызықты өтуіне мен де атсалыссам деймін. Өздері өте білімді, алғыр, тапқыр балалар көрінеді, менің жасырған жұмбағымды таба алар ма екен?
Сиқыршының жасырған жұмбақтары:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Сиқыршы: - Жарайсьңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Ал енді ойын ойнағанға қалай қарайсыңдар?!
«Шырша» ойыны. Мен қандай сұрақ қойсам да, сіздер «шырша» деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзіме күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар өз айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтады, би билейді. Сонымен сұраққа көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Сабақта үлгерімің қандай?
9. Тұратын қалаңның аты қандай?
10. Аяғыңа не киесің?
3-оқушы:
Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қыздарым сыйлықтарын тапсырыңдар! Ақшақарлар сыйлығын ұсынады.
3-жүргізуші: Керемет!!! Енді барлығымыз ән тыңдайық.6 сынып оқушысы Мейрханова Айым «Келші, келші Жаңа Жыл»
Сағат:(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Минут: Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақытар қосылып Жаңа жылмен хабарласады.)
Сағат: Алло,Алло!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Минут: Ау,Жылқы жыл,жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!
Жаңа жыл: - Уа ,құдіретті де,құрметті Сағат пен минут амансың ба? Мен - Жаңа Жылқы жылымын. Маған бүгін кешікпей жетіңдер Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты уақыт, Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін!
Жаңа жылға арналған би «Жылқышы» 7б сынып
Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қыздарым сыйлықтарын тапсырыңдар! Ақшақарлар сыйлығын ұсынады.
Уақыт. - Рас айтасың, жақсылығы мол, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк - жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.
1- жүргізуші: - Міне, Жаңа 2014 жыл да келді. Ал 2013 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
2-жүргізуші:
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
3-жүргізуші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Бойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.
Балалар: - Қош келдің, Жаңа жылым қазағыма
Ән: 7 сынып оқушыларының орындауында «- Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма»
Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қыздарым сыйлықтарын тапсырыңдар! Ақшақарлар сыйлығын ұсынады.
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Қоян:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Кім көп тақпақ біледі,
Атаның сыйлығын сол алады.
1-оқушы: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
2-оқушы: Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
3-оқушы: Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
4-оқушы: Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Ән тыңдасам мен бүгін,
Зияным тимес, халайық.
Тиын: Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Ойынға 6 оқушы 3 ұл, 3 қыз:
1) «Боксерлер» қолғабы.
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян:- Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Маған Жаңа жылға сыйлық керек. Оны мұнда кім беріп жатыр екен?
Аяз Ата: - Рахмет, рахмет балаларым! Біз беріп жатырмыз түлкіжан. Кәнекей қыздарым сыйлықтарыңды тапсырыңдар! Ақшақарлар сыйлығын ұсынады.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Тиын: Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар.
Аяз Ата: -Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар. Хор «Жаңа жыл» М.Садуакасова
Аяз Ата: - Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңның шаршаған басылып, келер жылғы жаңа жылдық мерекеге дейін жақсы көңіл-күйде болатын болдым.
Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қыздарым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақарлар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Сағат: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Минут: Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !
Жылқы Жылы: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
1-жүргізуші:- Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!
2-жүргізуші: -Жаңа жыл- Жылқы жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
3-жүргізуші: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Хор: «Жаңа жыл»

6 в класс
1. Айда – Кукла – тақпақ айтады
2. Әлия – Жылан – би билейді,
3. Бекет – Кавбой – ойынға шығады
4. Гүлхан – көбелек – ән айтады
5. Дамир - Кавбой - тақпақ айтады
6. Данияр – Маймыл – ойынға шығады
7. Иманнұр – түлкі болады
8. Казбек – Сиқыршы- ойын ойнатады
9. Жаңылсын – Жылан – би билейді
10. Әлішер – Чаплин – тақпақ айтады
11. Айым – Көбелек – ән айтады
12. Еркебұлан - Кавбой - ойын ойнайды
13. Мұқағали – Жылқы - тақпақ айтады
14. Ардақ – Жылан – би билейді
15. Алтынай -Минут роль
16. Дильназ – Жылан – би билейді,
17. Темірлан – Аю – ойын ойнатады
18. Айдана – Ақшақар
Категория: Классному руководителю | Добавил: Жансауле
Просмотров: 1473 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru