Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Ғаламтордың пайдасы мен зияны
2014-07-06, 11:33 AM
Лаззат Мадетхан
Ақтөбе облысы Қобда ауданы
«Қобда гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің
10 класс жетекшісі

Сабақтың түрі: тәрбие сабағы
Сабақ тақырыбы: Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Сабақ мақсаты: оқушыларға ғаламтордың пайдасымен зияны туралы мағлұмат бере
отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету.
Сабақ түрі. Пікір-талас
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру
Сабақ көрнекілігі: слайд,қанатты сөздер.интернет,видеосюжеттер
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, activote, телефон, электрондық пошта.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сабаққа дайындау
2. негізгі бөлім
Кіріспе сөз. Класс жетекшісі Мадетхан Л
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыздың қонақтары:
1. Дәрігер маман –Бурумбаева Әсел
2. Психолог маман-Бакетова Айжан
3. Компьютер маманы- Жанибекова Гүлбахыт, Ауесхан Гаухар
4. Журналист маман-Нұрпейісова Ақжүніс
5. Мұғалім- Куптлеуова Аяжан
6. Оқушылар- Ақанұлы Ақжол, Қайрат Нұрниет, Даулетова Аяжан, Кунакбаев Серик, Рахмеов Ануар, Сармантай Қайыржан
Бүгінгі сабағымызда тікелей телефон және электрондық пошта арқылы сұрақтар бере аласыздар.
Телефон нөмері 22-0-14 Электрондық пошта : gimkobda@mail.ru
Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестесу қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестесу тіптен де мүмкін емес.
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасына қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар.
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей , ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік . Алайда ғаламторды жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық.
Енді осы ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірлеспес бұрын біздің журналист Нұрпейісова Ақжүністің жүргізген сұхбатына назар аударыңыздар.
Видео қаралады.
Сонымен «Ғаламтордың пайдасы» туралы алдымен сөз қозғайық.
Біз жасаған сюжетткен көптеген мәлімет көрдіңіздер. Енді өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Алдымен осы сайттарды құратын программиске сөз берейік.
Программист маманы: Алдымен ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. Ғаламтор -мен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр.
Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды . Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернет-ке сай келетін демографиялық мәліметтерді пайдаланады.
Программист маманы-2
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.
Оқушы-1: Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Қажетті ақпарат көзін табуға болады. Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар.
Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
Оқушы -2. Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба .Оның қызмет аясы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүйе қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.
Оқушы-3: «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор.
компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Білімінді жетілдіру мақсатында қаншама пайдалы сайттар бар. Өз игіліңе , қажетттілігіне дұрыс пайдалана білсек, «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Оқушы-4: Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үиде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.
Оқушылар пікірлері ортаға салынады. .
Телефон сұрағы Ата-ана: Сәлеметсіздер ме, менің қояр сұрағым, ғаламтордың пайдасынан зияны көп екенін білеміз. Сондықтан баламды мүлдем ғаламторға кіргізбеуге шешім қабылдадым. Осы шешімім дұрыс па?
мұғалім: Оқушыларды желіден мүлдем шектеу дұрыс емес. Себебі, баланың ой-өрісін кеңейтіп, білім алуына жол ашатын зияткерлік сайттар жетіп артылады. Мәселен, бүгінде оқушылар білімнің 90 пайызын интернеттен алады. Бұл – жылдам әрі сапалы білім көзі. Сондықтан, ғаламтордан қорықпау керек. Тек қана оны жөнімен пайдалану мәдениетін жетілдірсек болғаны.

Класс жетекшінің сөзі: Ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ.Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс иә, бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.
Журналист маман: Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, сөйтіп адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды.
Сол себепті сиқырлы да сырлы көк экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүйкеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қияли әлемге неғұрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүйке жүйесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі өмірден өз еншімізді молырақ алып қалу үшін қызмет еттіруге шебер болуымыз қажет.
Видео көрсетеді. Бұл видеоны көре отырып психолог ретінде мен жауап берейін.
Виртуалды әлемде «өмір сүруге» үйренген балалардың психикасында ауытқулар болатынын шынайы өмірдегі әрекеттері мен қылықтарынан байқауға болады. Өзін шынайы өмірде де виртуалды әлемдегідей ұстауы әбден мүмкін.
".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...
Кейде тамақтанып болып, қарнын тойдырып алған балалар бірден компьютерге қарай жүгіреді. Ондай әрекет компьютерге тәуелділіктің бір белгісі болып саналады. Ал компьютерге тәуелділіктің соңы баланың санасының жетілуіне де денсаулығыныңжақсы болуына да әкеп соқпасы анық. Сондықтан бала мен компютер арасындағы қатынасқа уақытылы назар аударған дұрыс. Компьютерге тәуелді бола бастаған балалар жыласа да компьютерді іске қосуға қажетті жабдықтарды (пернатақта, тышқан, кабель) алып қоюға болады. Баланың жылағаны бір сәттік, ал компьютерге тәуелді болу ұзаққа созылады.
Мектеп жасындағы балалар ата-анасының айтқанын түсінеді, тыңдайтындары көп. Кейбірі қорқандықтан амал жоқ компьютерден алыстайды.
Баланы бір әрекеттен немесе заттан тыйғанда соған балама болатын әрекетті немесе затты ұсыну керек. Мысалы, компьютердің алдында телміріп отыруына кететін уақытты спортқа, физикалық тұрғыда денсаулығына пайдалы ойын түрлеріне жұмсауды үгіттеуге болады. Бұл туралы дәрігер маман айтқан да дұрыс болар.
Дәрігер маман: Ғаламтор және бала денсаулығы.Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы.
Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...
Видео.Компьютер алдында дұрыс отыру.
Электрондық пошта арқылы: Менің балам ғаламтор желісін жиі қолданады, оның қандай сайтқа кіргенін біліп отыру мүмкіндігі бар ма?
Мұғалім сөзі: Интернетте жалпы адамзат үшін қауіпті сайттар өте көп. Ғаламторды жиі пай¬-да¬ланатын жасөспірімдер, жастар зорлық-зомбылық, теріс пиғылды әрекеттерді насихаттайтын желілерге тап болуы мүмкін. Мұндай сақтану үшін ата-аналар бақылау қою керек.
Видео көрсету. Ғаламтордан қорғау.
Суретпен жұмыс Суреттегі бейнелер, шынайы өмірде болуы мүмкін бе, өз пікірлерін білдіру

Activote арқылы анкеталық тест орындау
Сіз интернетке тәуелдісіз бе? Анықтап көріңіз!
Тест.
1.Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтапайталасыз ба?
2.Жоспарлаған ісіңізді монитордан үзіле алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт өткізгіңіз келе ма?
5.Интернет қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба?
6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт өткізетініңізді сезесіз бе?
7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңыз, туыстарыңызбен қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарттыңыз ба?
9.Шынай өмірден қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?
11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаыңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, ғаламтордың «торына» түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз мүмкін.

Интернетте тәуелділікті жеңудің 10 жолы бұл кезеңде интернет тәуелділікті жеңудің 10 жолын талқылап, өз өмірімізге қажеттісін алу
1.Кесте бойынша кір. Қағазға бір апталық кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытташығуды жазып қой. Бір апта бойы осы кесте ғана арқылы кір. Егер сен ғаламторда көп уақыт отыруға үйреніп қалсан, алғашқы күндері қиналасын бірақ уақыт өте үйреніп кетесін.
2. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.
3. Керегіңді жазып ал. Егер ғаламторда саған керек мәліметтер, жаңалықтар, кестелер, күнтізбелер және ойындар болса оларды қағазға жазып ал. Есесіне сен ғаламторға көп отырмайсың, әрі уақытында басқа керек сайттарға кіруге пайдаланасың.
4. Әуесқой бол. Белгілі бір курстарға жазыл. Өзіне ұнайтын спортпен, ән айтумен, би мен айналыс. Достарынмен киноға немесе концерттерге бар, қызықты кітаптар оқы. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.
5. Отбасы көмегі. Үйдегілердің көмегіне жүгін. Олардан ғаламторда артық уақыт отырғаныңды көрсе, орнынан тұрғызып жіберуін өтін. Мысалы: ғаламторда, компьютерді, тоқты өшіру сияқты.
6. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.
7. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.
8. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.
9. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.
10. Шынай өмірде бол. Ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпа. Аң – құстарды көргін келсе зоопаркке бар. Футбол көргін келсе стадионға барып көр. Әншілерді көргін келсе олардың концертіне бар. Өз өмірінді шынайы етіп өткіз.

Қорытынды:
Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Lazzat1658
Просмотров: 11620 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru