Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Абай Құнанбаев ұлы ақын, композитор
2014-11-02, 6:33 PM
Тақырыбы:
Абай Құнанбаев ұлы ақын, композитор
Мақсаты :
Оқушыларға Абай әндері мен өлеңдерін насихаттай отырып, оларды поэзияны сүюге , көркемсөз оқу шеберліктерін арттыру, әндерін нақышына келтіре орындауға үйрету.
Түрі: Поэзиялық ән кеші.
Көрнекілігі:
Ақынның суреті, өмірбаяны, естеліктері (бейнетаспа) , слайдтар, кітаптар көрмесі.
Барысы:
1. Кіріспе.
Абайдың туған жері туралы бейнетаспа.
Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі.

1- жүргізуші:
Қош келіпсіздер, құрметті ән – поэзия сүйер қауым! «Абай Құнанбаев ұлы ақын, композитор» атты Абай Құнанбаевқа арналған поэзиялық ән кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

2 -жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

1- жүргізуші:
Абай, Абай ұлы Абай, дана Абай,
Дана Абайым - қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам – ай.
Көшелер қанша Абай атында біз өткен,
Ескерткіш аз ба қаланың сәнін түзеткен.
Мектептер қанша, ауылдар қанша, қала бар,
Ақын есімі құметтелуде ізетпен.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп
ұлы Абай айтқандай, қазақта ән – жырсыз өтетін мереке жоқ. Өз халқын, оның салтын, тарихын сүю, халықтың даңқты, ұл-қызын, азамат- ерлерін мақтаныш ету, поэзиясын сүйіп; қадірлеу- әрбір жастың борышы - міндеті.
2 -жүргізуші:
Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса аса құнды мұраларында Абай адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырады.
1 -жүргізуші:
Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарға ғылым-білім үйренуге үндеді.
Өлең : «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
2- жүргізуші:
Сол кездегі сұрқия заманнан құтылудың бірден – бір жолы – ғылым, білім деп білген ақын әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Өлең: «Ғылым таппай мақтанба», «Адам болам десеңіз»
1 – жүргізуші:
Жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын тигізетін азамат болуын аңсаған. Абай «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде,- жастараға өмірден өз орныңды таба біл деп өсиет айтады. Бұл – өмір шындығын дөп басып көре білген реалист ақынның елін сүйген шынай патриоттық сезімінен туған шығармалары еді.
Өлең: «Әсемпаз болма әрнеге»
2 - жүргізуші:
Жастайынан ел билеуші болыс билердің, орыс шенеуніктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп – сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.
Өлең: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
1 - жүргізуші:
Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.
Өлең: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
2 – жүргізуші:
Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде Абай өз замандастарына көш ілгері тұрған, теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.
Өлең: «Өлсе өлер табиғат адам өлмес».
1- жүргізуші:
Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер еңгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды.« Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақындық өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.
Өлең: « Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
Өлең : «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
1- жүргізуші:
Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған.Абайдың өзі шығарған жиырма шықты әндері бар.
«Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң – шерін, қауныш қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады» - деп тұжырымдаған Абай. Мұндай ойды Абайдың :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!
Дүние ойдан шығады,
Өзімді – өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, - деген тәбіренісінен көруге болады.
2 - жүргізуші:
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
1 - жүргізуші:
Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды. Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөнінде түсінігінің кеңеюіне Санкт-Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның көп ықпалы тиген.
2 -жүргізуші:
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді. Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.
Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

2 -жүргізуші:

«Айттым, сәлем, Қаламқас» әні де, сөзі де жылы дүниеге қатар келген, бұл әнді ұлы ақын өзінің тұңғыш сүйген қызы Сүйіндік қызы Тоғжанға арнаған.
Ән : «Айттым, сәлем, Қаламқас»
1 -жүргізуші:
Аяулы сезімге толы, жүрек қылын шертер тағы бір әні « Көзімнің қарасы» (әнді тыңдау)

2 -жүргізуші:
« Сегіз аяқ» әні жылы жазылған. Абай бұл әнде өмірде көңілге түйгенін, көргені мен сезгенін, қиянаты мол өмірдегі тартыс таласты, өзінің алдына қойған ғұмырлы мақсатын баяндайды.
1 -жүргізуші:
Ащы сатира типтес « Бойы бұлғаң» әні. Ән күтпеген жерден шарықтап, ашу ызаны білдіреді. Ойсыз, қарекетсіз, күйсіз күн кешкен, көңілі ұйқыдағы топастың мінезіне наразы болған, ащы үн жан ашуы.
2- жүргізуші:
«Өзгеге көңілім тоярсың» әні өлеңнің күшін, жол сезіміне әсерін білдіре келіп, жастарға ақыл, қайрат, жігер беріп, өзінің балалық шағынан бастап бүкіл өмірін ән күймен суреттеп, бейнелеген.
1 – жүргізуші:
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» әні терең сезімде келетін баяу, сабырлы сазды басталып, жапырағы сарғайған қайыңның жай күйі әсерлі әуенде баяндалса, екінші бөлімде әлде бір жан күйзелісін білдіретін мергеннің оғы тиіп, қалжыраған киіктің аянышты халіне ауысады. Ал, үшінші бөлімде алғашқы екі жолдағы бастапқы әуен қайталанса да, кенет шырқау биікке көтеріліп, біраз қалықтап тұрады да, сабырлы да терең сазды, ойлы сезімге ауысады.
2-жүргізуші:
Абайдың аудармашылық шығармашылығы, шығарған әндері бізге белгілі. Солардың бірі «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Бұл әнді неміс халқының ақыны Гетеден Лермонтов аударған. Ал Абай Лермонтовтан аударған және ән шығарған. Неміс –орыс – қазақ - үш елдің үш ұлы перзентін бір өлең табыстырған. Абай А. С. Пушкиннен « Татьянаның әнін» аударған.
1 – жүргізуші:
Абай ата,
Абай аты ізгіліктің төрінде,
Үлгі тұтып жүрем әр кез кеңілде,
Өлеңдерін зейін қоя оқимын,
Ақыл – кеңес ұлағат бар сөзінде.
2- жүргізуші:

Өлсе де Абай аты мұра қалды ,
Өзі өлсе де оның аты өше алмады.
Өйткені, ол қазақтың әр үйінде.
Күн қылып, жарық ашып, шырақ жақты.

1 - жүргізуші:

Абайға ұқсап, сөз саптап салмақтайық,
Еліктесе ұлыға болмас айып,
«Болмасаң да ұқсап бақ» деген сөз бар,
Еске алып әрқашанда ардақтайық.

2-жүргізуші:

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп төрелігін де өзі шешкен.
Абай ата жарқын бейнесімен де,жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

1 - жүргізуші:

Абай поэзиясы – сарқылмас бұлақ. Сөз шебері – Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп «қазақ поэзиясының шам - шырағы»- Абай Құнанбаевқа арналған поэзиялық ән кешімізді аяқтаймыз.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Магрипа
Просмотров: 2263 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru