Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Асыл жанды, ардақты, қарттарым-ай!
2014-11-04, 4:58 PM
Тақырыбы: Асыл жанды, ардақты қарттарым-ай
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Фанфар. Екі жүргізуші екі жақтан ортаға шығады.
1-жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
2-жүргізуші:
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
1-жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін қазан айындағы Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Асыл жанды, ардақты қарттарым-ай» атты іс-шарамызға хош келдіңіздер.
Әдеби монтаж. Ортаға өлең жолдарын оқитын бүлдіршіндер шығады
1-оқушы: Мадина
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
2-оқушы: Алтын
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін
3-оқушы: Камила
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
4-оқушы: Аружан
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
5-оқушы:Аршагүл
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар
6-оқушы: Сұлтан
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнетемес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған
7-оқушы: Алишер
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
8-оқушы:Алмат
Тұра-тұршы есейгенде ұл-қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже-ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың.
9-оқушы: Нұрсұлтан
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Ән « Әке » орындайтын 1 сынып оқушысы Кайырбек Асем
2-жүргізуші:
Той деп бүгін халқым шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Биші қыздар өнерлерін шашады.
Би «Қазақ биі» орындайтын қыздар тобы
1-жүргізуші:
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе
Ән « Ана » орындайтын 10 сынып оқушысы Омар Самал
Әзіл-ысқақтармен ортада 9 сыныптың жігіттері
2-жүргізуші:
Ауылыңның маңында төбе болса,
Ерттеулі тұрған атпен тең.
Ауылыңда ақылгөй қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
1 – жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті.»
Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!
Қарт: Аманбысың, балам! Балам,бақытты болу оңай ма?
Жігіт:Ата,жары жақсы болса, бақыты жанында
Қарт:Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады.
Ақыл адамды азаттанда мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызыңа үйлең.
Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз!
Ата:Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағнның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер!
Қарт: Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» - деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
- Иә барлығымыз сақтаймыз.

Ән «Қошақаным» орындайтын 1 сыныптың бүлдіршіндері
Би «Қара жорға» орындайтын бастауыш сыныптардың ұлдары
Ән «Анама салем» орындайтын музыка үйірмесінің жетекшісі Бигарин Нұргелді Жағыпарұлы
1-жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Эльмира Майданқызына береміз. 2-жүргізуші: Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.
Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.
Жүргізушілер кезекпен: Құрметті де аяулы ата-әжелеріміз!
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
- деп тілек тілеп бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға , сонау жерден ат терлетіп немерелеріңіздің шақыруларын қалт еткізбей келгендеріңізге көп – көп рахмет

2014-2015 оқу жылы
Категория: Классному руководителю | Добавил: Асека3712
Просмотров: 1433 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru