Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

"Ал, қазақшаңыз қалай?!" интеллектуалды сайысы
[ Скачать с сервера (63.5 Kb) ] 2015-01-14, 2:11 PM
Тақырыбы: «Ал, қазақшаңыз қалай?!» интеллектуалды сайысы

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, екі тілділік саясатын дамыту

Көрнекіліктер: мультимедиа, плакаттар, шар, слайд-шоу, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: - Уа, халайық, халайық!
Мында назар салайық
Тапқырлардың ортада
Көзайымын қалайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарды табайық.
- Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! «Тапқыр достар» интеллектуалды сайысын ашық деп жариялаймыз.
(Күй)
«Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық» - демекші алдымен «Қара
қылды қақ жаратын» әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін (3 адамды сайлау).
1 - .............................................................................................................................
2 - ............................................................................................................................
3 - ...........................................................................................................................

Өнер-білім тапқырлардың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та – енді осы сайысқа өз өнерлерін көрсету үшін келген қатысушылар тобын қошеметтеп ортаға щақырамыз:
1 топ – «Зерде» тобы
2 топ – «Білім» тобы
3 топ – «Өнер» тобы
Қарсы алыңыздар! (Музыка)
Әр топ басшысы сандарды алып, өз өнер көрсету ретін анықтайды.
«Тапқыр достар» сайысы 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең – «Таныстыру» (әр топ өздерінің ұранын айтып, таныстырып өтеді, ұпай беріледі)
2 кезең – «Сөз тапқанға...» (әр топ қалаған әріптерін таңдап алып, қойылған 10 сұраққа сол әріптен басталатын жауап айтады, әр топқа 1 мин.уақыт беріледі)
3 кезең – «Ойлан, тап» (суретпен жұмыс, әр топ капитаны ненің суреті екенін тұспалдап, жобалап айтып, команда мүшелері жауабын шешеді, әр топқа 3 мин.уақыт беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай)
4 кезең – «Сен білесің бе?» (нөмірленген торкөздерге сұрақтар жасырылып, әр дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі)
5 кезең – «Сөз шебері» (әр топқа 3 сөз беріліп, берілген сөзден 1 мин. ішінде неғұрлым көп сөз құрастырулары керек )
6 кезең – «Өнерлі болсаң...» (Үй тапсырмасы)

«Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Болашағын елімнің,
Көркейтетін өздерің» - демекші сайыстың бірінші бөлімін бастаймыз.
I кезең – «Таныстыру»
- «Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. Алғашқы кезең Танысу болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік. Қанеки, әр топ өздерін жұртшылық арасында таныстырсын.
(Әр топтың өздерін таныстыруы, ұраны)
«Зерде» тобы
Ұраны: «Зерделі бол, зерек бол, әрқашан да керек бол!»
«Білім» тобы
Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
«Өнер» тобы
Ұраны: «Өнерлі өрге озады»
II кезең – «Сөз тапқанға...»
Алдымен әр топ мүшелеріне әріптер таратамын, ойынның шарты: әр топқа 10 сұрақтан қойылады, берілген жауап сол әріптен басталуы тиіс, барлық сұраққа жауап берсе 10 ұпай, одан төмен болса ұпайлары да төмен болады.
Қазір ортаға әр топтың капитандарын шақырамыз, олар мына жерден сандардың біреуін алып, өздерінің нешінші болып ойынды бастайтындарын білулеріне болады. Ойынымызды бастаймыз!

Зерде
(А, Д, Қ, О) Білім
(Ә, Е, М, Р) Өнер
(Б, Ж, Н, С)
Көңіл-күйің қалай? Бүгін қандай күн? Сендердің аттарың кім?
Қал-жағдайың қалай? Атың кім? Нені жақсы көресің?
Сүйікті тағамың қандай? Сен қайда барасың? Бүгін кешкі асқа не пісіресің?
Қайдан келдің? Кімді жақсы көресің? Кім болғың келеді?
Жазда қайда демалдың? Дүкеннен не сатып алдың: Досың көп пе?
Кіммен бардың? Алма тәтті ме? Қандай пән ұнайды?
Демалыста кіммен кездестің? Алманың бағасы қанша? Күз мезгілі ұнай ма?
Бос уақытта немен айналысасың? Досыңның аты кім? Қандай тағамды жақсы көресің?
Бүгін базарға бардың ба? Тобыңда қанша оқушы бар? Таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасайсың ба?
Базардан не сатып алдың? Кешке не істейсің? Жақсы көретін кітабың бар ма?

«Ән – көңілдің ажары» дегендей ...ән шашуы.

III кезең – «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде әр топ капитандары тақтада көрсетілген суретті топтарына тұспалдап айтып, ненің бейнеленгенін тауып айтулары керек (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
IV кезең – «Сен білесің бе?»
Алдарыңыздағы торкөздерге сұрақтар жасырылған, қалаған торкөздердің біреуін ашып сұраққа жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. ВОПРОСЫ
V кезең – «Сөз шебері»
Әр топқа «Қазақстан», «Тарбағатай», «Саяхатшылар» деген сөздер таратылады, осы сөздерден 1 минут ішінде бірнеше сөз жасау тиіс.

Жанкүйерлермен жарыс

VI кезең – «Өнерлі болсаң...» (үй тапсырмасы)
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» - демекші, бұл сайыста әр топ өз өнерлерін ортаға салады. Қарсы алайық!

Ал қазір әділқазылар сайысты қорытындылағанша ... ән шашуын қарсы алыңыздар.
(Ән шашу)
- Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» - дегендей сайыстың қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау және құттықтау сөзі әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың құттықтау сөзі)
Жүргізуші:
- Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр
Бір-бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа әні кеп жатыр» - деген Жамбыл атамыздың өлең
жолдарымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Достығымыз жарасып, еліміздің туын қолдан түсірмей, әрқашан желбіретіп, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік. Жеңісті күндерде кездескенше, құрметті достар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Ainur1982
Просмотров: 970 | Загрузок: 23 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 2:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru