Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Жасөспірім және заң
[ Скачать с сервера (18.4 Kb) ] 2015-02-12, 6:44 PM
Тақырыбы: «Жасөспірім және заң» дөңгелек үстел
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І. Шаттық шеңбері

ІІ. Құқық туралы түсінік
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш.Монтескье, И.Кант, Т.Джефферсон сияқты
oйшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1989 жылдың 20-қарашасында Бала құқықтары туралы ковенция қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
Баланың негізгі құқықтыры мен міндеттері:
8-бап. Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап. Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап. Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.
IІІ. «Тығырықтан шығар жол қайсы?» (ситуациялық жағдайды шешу)
Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
2. Кім қалай бұзды ?

ІҮ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”
1. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3.БҰҰ-ның мақсаты не?(Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4.Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж.Нью-Иорк қаласында156-мемлекет болып қол қойды).
5.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8-тамызда).
6.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).
7.Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы(16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
8.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?(14 жастан).
9.Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
10.Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).

Ү. «Заңсыз арал»
- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
- Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.

ҮІ. Сергіту сәті

ҮІІ.“Қызыл, сары, көк ауыл”
Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?

ҮІІІ.“Көкейде жүрген мың сауал” (оқушылардың мектеп инспекторына сұрақтары)

ІХ. «Сандар сөйлейді»
1-маусым-Балаларды қорғаудың халықаралық күні.
20-қараша-Дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан-Адам құқығы күні.
28-қаңтар 1993жылы Қазақстанның Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1994 жылы Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы конвенцияны бекітті.

Х. Қорытынды
Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара – бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Gulzeera
Просмотров: 2345 | Загрузок: 49 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru