Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

наурыз тойы
[ Скачать с сервера (16.9 Kb) ] 2015-02-18, 9:59 PM
Наурыз тойы!!!
Мақсаты :Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен
кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту.
Зал мерекеге орай безендірілген. Балалар музыка әуенімен кіріп келеді.
Тәрбиеші:
Армсыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсын!
Аман – есен болайық! – деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата- аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз- ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата – аналарымыз бен әжелеріміз үй – үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Ал, енді, «тойдың көркі - ән», - дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!

(балалар орындықтарға отырады, тақпақ айтатын балалар шығады)

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке Ж.Дильназ
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын Б.Дильназ
Бүгінгі жыр - әніміз.

Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай. Жаннұр
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін Сұлтанбек
Жақсы тілек әкелсін

Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз, Фатима
Қол соғайық бәріміз!

Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша! Данияр
Мереке көп наурызда
Қуанатын балаша

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді. Нұрдаулет
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.

Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді – жыл басы. Абылайхан
Шуақ төкті жарық күні,
Мейрамында халықтың.

Тәрбиеші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар!
Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде бізге келіп отыр.
Балалар: Көктемде
Тәрбиеші: Дұрыс, көктемде Ал көктемді қалай сипаттауға болады.
Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.
Тәрбиеші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады,
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап
Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті.
Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қыдыр ата батасын береді.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Гүлжан
Просмотров: 880 | Загрузок: 27 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru