Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

« Балабақша – сәніміз. Қоштасамыз енді біз » ертеңгілігі.
[ Скачать с сервера (18.6 Kb) ] 2015-02-18, 10:10 PM
« Балабақша – сәніміз. Қоштасамыз енді біз » ертеңгілігі.
Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға көрсету,бір-біріне деген сыйластық көзқарасында тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, аудио-видео техника.
Барысы:
І.Әнұран орындалады.
Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтып шығады.

ІІ. Тәрбиеші сөзі:
- Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Балабақша – сәніміз қоштасамыз енді біз » шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Құрметті ата – аналар балаларымыз шағын орталықпен қоштасып, ірі білім сатысының алғашқы табалдырығын аттағалы отыр. Құтты болсын ! Сіздерді әр уақытта қуантып жүрсін, дендері сау болсын .
Осы ертеңгілікке балаларды алғаш қабылдап, тәрбие берген. Гүлнұр апайымызды шақырып отырмыз. Алғашқы ұстаздарыныздың ақ тілегін тыңдайық.
Бүлдіршіндеріміздің шағын орталыққа дейінгі және шағын орталықтағы қызықты сәттеріне көз жүгіртейік.
Сол бүлдіршіндер бүгінде ән салып, өлең оқып би билей алады.
Қыздарымыздың «Аққу » биін тамашалаңыздар.

Ал енді балалар жаттаған шағын өлеңдерін тыңдаңыздар.

1. Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз. Толқынай
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.

2. Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз. Нұрдәулет
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
3. Шағын орталық есігін,
Төртке тола ашқанбыз. Б.Дильназ
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді орталық.

4. Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды. Инабат
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды -
Тәрбиеші мұғалім.
5. Шашымды да тарадым,
Айнаға да қарадым. Толғанай
Ерте тұрдым ұйқымнан,
Мен мектепке барамын.

6. Таудай биік талабым,
Суретті де саламын. Нұрберген
Әзір менің дәптерім,
Қарындаш пен қаламым.

7. Көңілдіміз, күлеміз.
Ертегіні білеміз. Диана
Шағын - біздің үйіміз,
Тату-тәтті жүреміз.

8. Баулып апа,ағамыз,
Құстай қанат қағамыз. Лиана
Жақсы болып өсуге,
Біз тырысып бағамыз.

9. Мектебім менің байтағым,
Күліп-ойнап қайтамын. Ж.Дильназ
Ән саламын, би билеп,
Тақпақты да айтамын.

10. Бұл - құшағы тым ыстық,
Мектебіміз бастапқы! Сұлтанбек
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда тұңғыш дос таптық.

11. Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз. Айшолпан
Біз - осы үйдің гүліміз,
Біз - осы үйдің сәніміз.
12. Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз, Аян
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

13. Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз. Азамат
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
14. Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін Жаннұр
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

15. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз Фатима
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.

16. Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз Данияр
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз.

17. Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз Нұрислам
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
18. Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз. Сунна
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс
Ұстазымыз алғашқы!

Ү.Тәрбиеші:
Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп, - тағы да кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Орыс» биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші:
Тамылжытып өрендер
Тамаша ән салады.
Ән «Қошақаным».
Құттықтау сөздер: Бүгінгі ертеңгілігіміздің қонағы, бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары. Байдырахманова Мәншүк апайға ата-аналарға сөз береміз.
- Осымен бүгінгі «Балабақша – сәніміз. Қоштасамыз енді біз » атты ертеңгілігіміз аяқталды, барлықтарыңызға көп-көп рахмет!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Гүлжан
Просмотров: 905 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 7:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru