Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

Жігіт сұлтаны
[ Скачать с сервера (37.5 Kb) ] 2015-02-24, 6:32 AM
Тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, мандылыққа тәрбиелеу.
Жүргізушілер: 1.Асылхан
2.Адина
1-Ж:
Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғалық.
2-Ж:
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.
1-Ж:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қаситті жігіттері,
Жанына нұр дарыған жыр дарыған.
2-Ж:
Дария ой,даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қаситті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, ақын ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған»- деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
1-Ж:
Бүгінгі ХХІ ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.
2-Ж:
Олай болса жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын, тамашалайық.
1-Ж:
Құрметті ұстаздар, білімгерлер! Бүгін біз колледішілік «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз. Байқауымызды ашық деп жариялап, жігіттерімізді ортаға шақырамыз. Ортаға алғаш болып Диасты шақырамыз.
2-Ж:
Сөз тауып күн қылатын көңіл күйді,
Колледжде өнерімен болған сыйлы.
Білімгері колледждің ер жігіті,
Шақырайық ортамызға Ескедір ұлды
1-Ж:
Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан.
Қараңыздар Аслан ортада,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан
2-Ж:
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамды.
Қошеметтеп шақырайық ортаға,
Заңғар атты жігіт болған сабазды
1-Ж:
Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі таңдау бар ойында.
Советхан Уалихан атты жігітті,
Шақыралық қошметпен ортаға.
2-Ж:
Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтсем:
1.«Таныстырсам өзімді»- таныстыру
2.«Сегіз қырлы бір сырлы»- өз өнерін көрсету
3.«Күш атасын танымас»- қол күрестіру
4.«Шебердің қолы ортақ»- картоп ашып жарысу
5.«Мақал сайысы»- қыздар жайлы
1-Ж:
Бүгінігі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1.Талғат Құсайынович
2.Айнаш Чайзаратовна
2-Ж:
Енді сайыскерлеріміз әділ қазылар алқасынан жеребе алсын.
Сәттілік тілейміз.
Ей,тәкәппар дүние,
Мағанда бір қарашы.
Танимысың сен мені?!
Мен қазақтың баласы- деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың
1-ші кезеңі «Таныстырсамөзімді» деп аталады. Сонымен 1-ші талапкерімізді шақырамыз.
2ші, 3ші, 4ші. Ал енді әділ қазылар алқасы «Таныстырсам өзімді»шартының бағасын берсеңіздер.
1-Ж:
«Еңбек ердің-санаты, білім елдің қанаты» демекші адам ақыл-парасатымен сұлу, ақылды жігіт ата-анасының жанып тұрған шырағы емес пе?
Қазақта жігіттерді былай деп атаған!
«Көсем жігіт»-ел басқаратын жігіт,
«Шешен жігіт»-дау шешетін жігіт,
«Батыр жігіт»-еліне қамқор жігіт,
«Сері жігіт»-аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, мың құбылған ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт. Олай болса сері жігіттеріміздің өнерін тамашаласақ.
2-Ж:
Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға 1-ші талапкерлерімізді шақырамыз.
2-ші,3-ші,4-ші. Олай болса ортаға талапкерлерімізді шақырып, әділ қазылар алқасы «Сегіз қырлы, бір сырлы» шартының бағасын берсеңіздер.
1-Ж:
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай.
Күш өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай-дегендей сайысымыздың келесі шарты «Күш атасын танымас» деп аталады. Бұл кезеңде жігіттеріміз қол күрестіреді. Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз. 2-ші,3-ші,4-ші. Әділ қазы алқасы «Күш атасын танымас» шартының бағасын берсеңіздер.
2-Ж:
Жігіттің көркі өнері,
Талап-кісі мұраты.
Өнер қалмақ артында,
Дүниенің өшпес шырағы.
Сайыскерлерімізге берілетін келесі шарт «Шебердің қолы ортақ» деп аталады. Бұл сайыста жігіттеріміз картоп ашып жарысады үш картопты тез аршуы керек. Ортаға қатысушы талапкерлерімізді шақырамыз. Әділ қазылар алқасы «Шебердің қолы ортақ»шартының бағасын берсеңіздер.
1-Ж:
Ей,жігіттер!
Сендерге биік ата-салтын құрметтеп,
Ақтай білсең ата-баба үмітін.
Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп.
Жігіттеріміздің өнерін тамашаладық. Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатында кез келген сияқты. Олай болса келесі шартымыз «Мақал-мәтел сайысы» деп аталады. Бұл шартта жігіттеріміз қыз балалар жайында мақал-мәтел айтып жарысады. Олай болса әділ қазылар алқасы «Мақал-мәтел сайысы» шартының бағасын берсеңіздер.
2-Ж:
Міне, жігіт сұлтаны өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша, ән тыңдап отырайық ағайын.
1-Ж:
Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарыпты, олай болса сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
1-2-Ж:
Бүгінгі сайысымыздың жемпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!! Келесі кездескенше, сау саламатта болайық ағайын!!!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Касик
Просмотров: 827 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 3:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru