Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Классному руководителю

ТӘРБИЕ ОЙЫН САҒАТЫ «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
[ Скачать с сервера (90.2 Kb) ] 2015-11-05, 8:11 AM
Бейсембин Дулат Қадырмаұлы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
"Пеньково орта мектебі" КММ
"Тілдер" декадасына арналған ащық сынып сағаты «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
1 слайд. ТӘРБИЕ ОЙЫН САҒАТЫ
«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Еліміз еңселі болсын десек,
Шәкіртіміз білімді болсын!”
Мақсаты: 1. Қазақ әдебиетіне сіңірген жазушыларды, ақындарды білу.
2. Туған тілді дәріптеу, құрметтеу.
2 слайд. Қазақстанның гимні ойнатылады. /гимн ойнатылғанда слайдта
анимация арқылы Қазақстанның гербі, жалауы шығады./
3 слайд.
Сынып жетекшісінің сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз
жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. "Тіл – біздің
тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан
әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің
абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті,
отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің
атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық.
4 слайд.
I. БІЛГІРЛЕР САЙЫСЫ.
5 – 21 слайдтар.
А) Мақал-мәтелдер. /жалғасын тап/
Тіл қылыштан... /өткір/ 5 ұпай
Бас кеспек болса да, /тіл кеспек жоқ./ 10 ұпай
Тілмен байланған ... /тіспен шешілмес./ 15 ұпай
Жақсы байқап сөйлер… /жаман шайқап сөйлер./ 20 ұпай
Ә) Жұмбақтар. /шешімін тап/
Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз) 5 ұпай
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап) 10 ұпайЖазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (Бор) 15 ұпай
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. (Жуа) 20 ұпай
Б) Өлең жолдарының авторы?
Күншығыстан таң келеді, мен келем,
Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем !
Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры !
Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
Мен келемін, мен — пайғамбар, Күн ұлы. /Мағжан Жұмабаев/ 5 ұпай
Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI – мәңгi өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРI – тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемi,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да. /Мұхтар Шаханов/ 10 ұпай
Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені... Көрмейсің ғой кереметті мендегі.
Түсінсеңші сарсаң болған пендені, Түсінсеңші! Ақыл-ойым кем бе еді?! Hегe
бұлай? Heгe жүрміз көңілсіз? Кетем бе деп қапаланып өмірсіз Шын
ғашықпын.... / Мұқағали Мақатаев/ 15 ұпай
Бақытты бол, қазағым, қайда жүрме,
Бара алмадық көбінде тойға бірге.
Үлестіріп әркімге беретіндей,
Біздің туған өлкеміз бай ма гүлге?! /Тұманбай Молдағалиев/ 20 ұпай
В) Қазақ ақындарының өмір жылдары
Абай Құнанбаев /1845-1904ж.ж./ 5 ұпай
Жамбыл Жабаев /1846-1945 ж.ж./ 10 ұпайБіржан Қожагұлұлы /1834-1897 ж.ж./ 15 ұпай
Сүйінбай Аронұлы /1815-1898 ж.ж./ 20 ұпай
22 слайд.
II. КІМ ЖЫЛДАМ? /Әрбір дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпайдан беріледі,
қай топ бұрын шешсе, сол топқа ұпай саны қосылады./
23 слайд.
24 слайд.
III. ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ.
ОТАН, АНА, МЕН, ХАЛЫҚ, ТІЛ
сөздерін қолданып 4 шумақ тақпақ құрастыру . / 10 ұпай/
25 слайд.
ӘДІЛҚАЗЫЛАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ.
МАРАПАТТАУ.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Кролик
Просмотров: 1558 | Загрузок: 16 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:40 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru