Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Русский язык и литература

Рефлексивтік есеп
2014-11-05, 8:34 AM
Өз іс тәжірибеме өзгерістер еңгізу туралы рефлективтік есеп.
Сәуір айында өткізілген курстың негізгі бағдарламасы - әр мұғалім өз пәнінен кәсіби шеберлігін шыңдау , оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін танып-білуге баса назар аудару керектігі, жеті модульді жан-жақты оқып, практикада қалай тиімді қолдануы туралы негізге алынған.Бір ай ішінде өткен курс бағдарламасынан өзіме көптеген білім, жан-жақты іс-тәжірибеме қажетті әдіс-тәсілдер алдым. Яғни білім үдерісіне басқа көз қараспен қарауды, оқыту жұмысын тиімді ұйымдастыру, жоспарлау, жоғары нәтижеге жетуге әкелетінін жол екенін түсіндім. Бұл оқытудың мақсаты – оқушының әр пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Практикаға келгенде бір ай ішінде алған білімімді қалай қолданам, неден бастаймын деген сұрақ туындады. Біріншіден, өзіме өзгеру керек болды. Алдыңғы уақыттағы дәстүрлі сабақ беру әдісінен айырылуды көздедім. Екіншіден, сабақ жоспарын құрастырған кезде тек қана өзімнің іс әрекетімді ғана емес, оқушының да жасайтын іс әрекетін ескеру, оқу ептілігін дамытуға назар аударуы керектігін түсіндім. Жоспарлау кезінде сабақтың түйінің табу қиындық туғызды, ал оны тапқаннан кейін қалған бөліктері өздері шыға келеді. Алдымен білім беру ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үрдісіне белсенді қатысатын болатындығына көзім жетті. Сабақты проблемалық сұрақ арқылы немесе сурет, ұлы адамдардың сөздерінен т.б. бастағанда – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. Сол суретті немесе цитаталарды көріп оқығанда, балаларда сұрақ туындайды: неге мұғалім осыны көрсетті немесе оқыды. Ендеше олардың танымдық қабілеттері дами бастады.Үдеріс кезінде танысқан жеті модульді тиімді қолдану үшін көп іздену керек болды. Сондықтан әр сабақты жоспарлау алдында көптеген идеяларды салыстыру арқылы ең қолайлысын таңдаймын, бұл жұмыс өте көп уақыт алады. Бірақта соның есесіне, сабақ өтілу әдісі оқушылардың көңілінен шықса, өзің бірге қуанасың.
Сондықтан да сабақтарда АКТ-ны қолдану өте қызықты, нәтижелі болып, оқушының сөйлеуіне, сауатты жазуына ерекше мән беріліп, сабақта мұғалім де, оқушы да уақыт үнемдеп, көп қосымша ақпарат алады. АКТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу жатыр. Сабақ тартымды өтуімен ерекшеленеді және мұғалім мен оқушы арасындағы сабақтастық байланыс артады. Мұғалім оқушыға жаңаны меңгертіп, бекітіп отыру және бірден нәтиже шығару мүмкіндігін тудырады. Сабақтардың көбінде интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға тырыстым. Бұл жұмысты толық игердім деп айта алмаймын, бірақ та көп нәрсені үйрендім. Көбінесе қызығушылықты ояту барысында көп қолданамын. Слайдтарда тек қана маңызды ақпарат беремін, бұрын тізбектеп топырлатып жасайтынмын. АКТ арқылы видеороликтер көрсету үлкен әсер тигізеді.
Мысалы: зиянды әдеттер туралы тәрбие сағатында темекі, наша, ішімдік туралы видеоклипттер көрсету балаларға әсер тигізді, ойландырды, аулақ болуларына көздері жетті. Әдебиет сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығарманың мазмұнын ашуға, құрылымын анықтауға болады. Мысалы: М.Горькийдің «Песня о Соколе» шығармасын өткенде, тақтаға балама сұрақтар жазып қойдым, сол сұрақтарға жауап беру арқылы, шығарманың толық мазмұны шығады.Тақырыпқа байланысты кесте де дайын, тек қана қаламмен жазды.
Сабақтың мақсатын, міндетін аңықтағанда бұрынғы білімін пайдалана алатыны, сабақтың болашақта оқушыға пайдасы барын, қызығушылығын арттыру үшін саналуан іс-әрекет қолдану керектігін жүзеге асыруды ойластыра отырып, СТО жобасының әртүрлі стратегияларын қолдану керектігін түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамыту керектігін түсіндім.
«Сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті , өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндірілді. Сыни-тұрғыдан ойлаудың бір ерекшілігі - ол оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқу материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуге болады». Мысалы: мәтінмен жұмыс істегенде «Жигсо» стратегиясын қолдану өте тиімді екенін 9 сыныптарда сабақ өткізгенде меңгердім. Венн диаграммасы, бес жолды өлең, автор орындығы стратегияларын пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, салыстыру қабілетін арттыру үшін пайдаландым.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың ызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
 Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
 Басқа адамдарға түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
 Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
 Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Мысалы: Ю.Казаковтың «Голубое и зеленое» атты шығармасымен танысқан сабақта оқушыларға қызығушылықтарын арттыру үшін сұрақтар дайындадым. Оқушылар өз пікірлерін еркін айта алды. Топтық жұмыста да барлығы белсенділік танытып, бір бірін тыңдап, келісіп, бірлесе жұмыс атқарды.
Александердің айтуынша сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалім жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандартттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды.
Сабақ барысында жиынтық бағалауды қолдану қиынға соққан жоқ. Сабақ соңында оқушыларға бағалау парағы беріліп, қорытынды жасаймын. Ал формативті бағалаумен қиналдым. Қай жерде, қалай, қандай іс әрекетте балағау керектігін білмей басым қатты. Бастауыш , орта мектеп оқушыларын мадақтауға болады, ал жоғары сыныптарда формативті бағалаудың басқа түрлерін пайдалануды ұйғардым. Бұл арқылы оқушылардың білім деңгейін, даму бағытын, қалай білімдерін ары қарай жетілдіру жолдарын анықтауға болады.

Талантты мен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізгенде диалогтік оқыту өте маңызды рөл атқарады. Өзінің білім алуындағы әртүрлі қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді. Бұл «ынталандыратын» немесе «күрделі» тапсырмалардың болуын көздейді. Эйр, Выготский және Катцтың еңбектерінен мысал келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Эйр ойлаудың, білікті дамыту және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс еңгізу керек. (Нұсқаулық 75 бет.)
Қорытындылай келе, Бағдарламадан оқып үйренген модульдарды өз сабақтарымда пайдалану тиімді екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта үнемі сабақтарымда дәл осылай жұмыс істеймін.
Категория: Русский язык и литература | Добавил: Гуля1011
Просмотров: 2368 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru