Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Полезные программки

Элективтік курстың бағдарламасы "Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу"
2012-04-21, 8:32 PM
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданы
Бірсуат орта мектебі
Автор – құрастырушы
Бірсуат орта мектебінің орыс
сыныптарында қазақ тілі мұғалімі
Рақымжанова Анар Ермекқызы

Элективтік курстың оқу бағдарламасы
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
(орыс сыныптарында 9 – сынып оқушыларына арналған
жалпы сағат саны – 34)

1. Түсінік хат.
Курстың мақсаты:
- оқушылардың мемлекеттік тілде ақыл-ой қабілетінің даму деңгейін өсіру, дұрыс сөйлеу, білім деңгейін тереңдету және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
- орыс сыныптарында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу оқушыларды келешек мамандағында қолданатын іс қағаздарының түрлерімен таныстыру, оларды кәсіби бағытта тілдік қатынасқа дайындау;
- оқушыларды болашақ маман қазақ тілімен қатар мамандыққа байланысты сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытады және оны келешекте үйреніп қызмет барысында қолдану – оларды өз мамандығын жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді.

Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес элективтік курстың тақырыбын анықтау
Кейінгі жылдар ішінде іс қағаздарына байланысты көптеген әдебиеттер жарық көрді. Бірақ бұл әдебиеттердің басым көпшілігі іс қағаздарының түрлерін, үлгілерін, қажетті тірек сөздері мен жаттығуларын берумен шектелген.
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу – оқу процесінің өзекті мәселелерінің бірі болғанымен, бұл салада жарық көрген әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Іс қағаздарына байланысты шыққан қай оқулықты алсаңыз да, онда іс қағаздарының жалпыға ортақ түрлері: арыз, өмірбаян, анықтама, қолхат, жеделхат, түсінік хат т.б. берілген. Шынына келсек, іс қағаздарының жалпыға бірдей бұл түрлерімен оқушылар мектеп қабырғасында танысып үлгіреді. Сондықтан осы бағдарлама орыс сыныптарында мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу дегенде оқушыларды келешек мамандығында қолданатын іс қағаздарының түрлерімен таныстыру, оларды кәсіби бағытта тілдік қатынасқа дайындау деп түсіну қажет.

Жалпы оқу процесінің сипаттамасы, әдістері, жұмыстың түрлері
Пәнді оқыту жұмысы тақырыптың принципке негізделіп, коммуникативті бағытта функционалды – жүйелік әдісті қолдану негізінде, орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыру жолымен іске асады. Іс қағаздарының қай-қайсысы болса да мәтін деп алынып, тіл дамыту жұмыстарының барлық түрлері жүргізіледі. Яғни іс қағазының мәтінін тыңдау, оны оқу; сауатты жазу; сөздік жұмыстарын жүргізу; сұраққа жауап әдісімен диалогтар құрастыру; үлгі, кесте бойынша іс қағаздарын толтыру; грамматикалық жаттығуларды жүргізу; тыныс белгілерімен жұмыс істеу; тест сұрақтарына жауап беру; сын жұмыстарын жүргізу, т.б..
Сөйлем құрату, грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы. Ғылым мен техниканың жылдан жылға жедел қарқынмен дамыуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білімін көтеруде үлкен әсер етіп отыр.

Жаңа технологияларды қолдану:
- Деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Қараев);
- Ұжымдық оқыту технологиясы;
- Интерактивтік және компьютерлік технологиялар;
- Жазу және оқу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Тәсілдер: электрондық оқулықтар, презентациялар, Интернет, ақпарат көздері, тесттер, мониторингтік бақылау жүйесі, коррекциялық жұмыстың жүйесі.

2. Мазмұны.

“Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” курсы орыс сыныптарында мемлекеттік тілді меңгерту сабақтарының, яғни практикалық қазақ тілі сабақтарының заңды жалғасы ретінде қарастырылып, бір-бірімен байланысқан, бірізді әдістемелік жолмен меңгерілуі керек.
Яғни, 9-сынып оқушылары мемлекеттік тілді қатынас құралы ретінде игерсе, курстың оқушылары – мамандыққа сай кәсіби бағытта және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді меңгеруі керек.

Әрбір мамандықтың өз саласында қолданылатын терминдері мен іс қағаздарының түрлері ұшан-теңіз. Мысалы, экономика мамандығы бойынша банк, сауда, салық қызметкерлеріне байланысты, валюта, төлем, есеп айыру, кредиттеу, депозиттерге байланысты түрлі қызмет, қатынас қағаздары толтырылады. Жалпы экономика, қаржы саласындағы жұмыстың барлығы дерлік тек мамандыққа байланысты терминдер мен қызмет басында қолданылатын кәсіби сөздер молынан кездесетін құжаттар арқылы іске асатыны белгілі. Сондықтан практикалық қазақ тілі сабақтары кәсіби бағытта арнайы сағаттар бөлінген.

Екінші тілді оқытудағы принциптердің бір-екі жақты іс-әрекетін негізге алу. Бұл принцип бойынша оқытушы сабақта тек білім беріп қана қоймай, сол білімді оқушылардан оларды сабаққа белсене қатыстыру арқылы “қайтарып” алып отырады. Яғни оқушы сабақта материалды меңгергенін, тілдік іс-әрекет әдісі арқылы көрсетіп отырады.
Іс қағаздарын тек сабақта ғана үйреніп қоймай, оны сабақтан тыс уақытта, қазақ тілі үйірмесінде жазып үйреніп, оның үлгілерін екі тілде көрсететін арнайы стенділер, газеттер, альбомдар шығаруда пайдалануға болады.
Осындай жан-жақты ұйымдастырылған жұмыстар арқылы іс қағаздарын сауатты жазуға үйреніп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтып, тілге деген құрметін арттырамыз.
Әр мамандықтың өзіне ғана тән кәсіби сөздері мен терминдері, іс қағаздарының түрлері мен құжаттары барын ескерсек, оқушыларымыз кәсіби бағытта дайын болады.

3. Нормативтік бөлім.
Оқушы нені білуі тиіс:
• қазақ тілінің фонетикасын, үндестік заңын, оларды сөйлемде дұрыс қолдану;
• лексиканы, сөздіктердің түрлерін, атқаратын қызметін білу;
• етістіктердің жасалу жолын ;
• есімдіктің түрлерін, жасалу жолын;
• етістіктің болымсыз түрінің жасалуын;
• етістік шақтарының жасалу жолын ;
• есімшенің жұрнақтарын дұрыс қолдану;
• көсемшенің жасалу жолдарын;
• етіс түрлерін ажырату;
• шылау сөздердің түрлерін, оларды қолдану;
• мамандықтардың түрлерін;
• жалғаулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін;
• қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасын;
• іс қағаздарының түрлерін ажырату.

Оқушы нені үйренуі тиіс:
• өзара сөйлесу;
• мемлекеттік тілге қатысты мәліметті әңгімелеуді;
• іс қағаздарды сауатты жазуға;
• сызбалар негізінде іс қағаздарды құрастыруды;
• деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға;
• кеңселік іс қағаздарын дұрыс толтыру;
• қазақ және орыс тілдерінің салыстырмалы грамматикасының ерекшеліктерін;
• іскерлік іс қағаздарының түрлерін;
• іскерлік іс қағаздарды стандарттық талаптарға сай құрастыру;
• мемлекеттік тілде іс қағаздарды компьютерде басып шығаруды;
• қызметтік хаттардың түрлерін ажырату;
• қызметтік хаттарды сауатты және стандарттық талаптарға сай құрастыру;
• көпшіліктің алдында сөз сөйлей алатындай;
• түрлі мәліметтер бойынша есеп жазуға;
• түрлі қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым- қатынас жасауға.

Курстың нәтижесі:
Курсты бітірген оқушылар келешек маман ретінде өзі істейтін жұмыс орнында мамандық бойынша терминдерді еркін пайдаланып, түрлі қатынас қағаздарын жаза алатындай, мәжілістерде сөз сөйлей алатындай дәрежеге жету. Түрлі мәліметтер беріп, жылдық есеп жазу, жиналысты ұйымдастыру, не болмаса өзі сияқты мамандармен кездесіп, қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым-қатынасқа түсу керек.
Олар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (9 – сынып)
Барлығы 34 сағат

4.Методикалық-ақпараттық бөлімі.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Оқушы сынақ алады (баға “4”-тен төмен болмау керек) келесі шарттар бойынша: міндетті жұмыстардың орындалуы 3-тен кем болмау, тапсырмаларды уақытында тапсыру, мұғалім ұсынған стандарттық талап бойынша жұмыстарды әзірлеу.

Қосымша ұпайлар төменгі шарттар бойынша қойылады:
• міндетті тапсырмалардан басқа өзіндік сапалы орындаған тапсырмаға;
• Интернет-технологияларды қолдану;
• өз жұмысы бойынша презентацияны орындау және көпшіліктің алдында есеп беру (конференция, Мәжіліс отырыс).

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуде оқушылардың білімін көтеру мақсатында бағдарлама бойынша нәтиже сабақтар ұйымдастырылуы қажет. Нәтиже сабақтардың мақсаты – оқушыларды оларға “тілдік орта” ұйымдастыру арқылы практика жүзінде іс қағаздарымен кездестіру.
Сонымен бірге оқушылар іс қағаздары бойынша өзіндік жұмыстарын орындап, сабақта ол жайында есеп беріп отырады. Өйткені аптасына бір-ақ рет жүргізілетін сабақта жоғарыда айтылғандардың бәрін меңгерту мүмкін емес. Оны толық игеру оқушылардың әр сабақта белсене қатынасып, сабақ сайын өтілген жаңа іс қағазын игеріп, өз бетінше түрлі жұмыстар жүргізу арқылы пысықтап, қайталап отыруына байланысты.

Пәнаралық кіріктіру:

- орыс тілі;
- қазақ тілі.

5. Қолданатын әдебиеттер тізімі.

Мұғалімге:

1. А.Қ. Құрманова, Б.Б. Жахина, И.С. Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар. Келешек – 2030. Көкшетау.2007ж.

2. Ж. Мұсаұлы, Р. Әміренова “Қазақ орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы”. Келешек-2030, Көкшетау. 2007 ж.

3. Л. Дүсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А.,1991ж.

4. Т. Дүйсебаева. Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу. А., 1991 ж.

5. С.Исаев, Г.Нуркина. Сопоставительная типология казахского и русского языков. А., 1996 г.

6. Н. Ергазиев, Б. Сүлейменова. Іс қағаздарының орысша-қазақша сөздігі. А., 1992 ж.

7. Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізу. А., 2005 ж.

Оқушыларға:

1. А.Қ. Құрманова, Б.Б. Жахина, И.С. Қайырбекова. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар. Келешек – 2030. Көкшетау.2007ж.

2. Б. Қапасова. Оқушы анықтамасы. Қазақ тілі. 5-11 сыныптар. “Арман-ПВ” баспасы, 2004 ж.

3. Екі тілде іс жүргізу. Делопроизводство на двух языках. Словарь-справочник. А., 1994 ж.

4. Электрондық оқулық.

Кезекті сабақтың үлгісі.

Сабақтың тақырыбы: Кеңселік іс қағаздары. Түсініктеме.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды іс қағаздарымен таныстыруды жалғастыру. Түсініктеме туралы жалпы ұғым беру, қосымша түрлерін ажыратып, ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыруға жағдай жасау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, жаңа сөздік қорды игеру, сөйлеу және жазу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: жұппен және топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, практикалық, проблемалық, зерттеу, дамыту, бақылау.

Көрнекіліктер: кесте, тірек конспектілер, карточкалар, тест.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

Кезеңдер мен мазмұны Жұмыс
түрі Мақсаты
1. Дайындық кезеңі.
2. Әр оқушыға орыс тілінде сөз тіркестері таратылады. Оқушы өз сөз тіркесін аударады, үстелден баламасын табу. Жеке Оқушылардың өткен сабақтарда алған біліктіліктерін еске түсіріп, пәнге икемдеу үшін.
3. Сұрақ-жауап:
1. Кеңселік іс қағаздарының түрлерін атаңдар.
2. Өмірбаян қандай құжат?
3. Ол қандай жағдайда, нешінші жақта жазылады?
4. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?
5. Өтініш кімнің атынан жазылады?
6. Қандай жағдайларда жазылады?
7. Өтініштің құрылымы қандай?
8. Өтініш бойынша не шығарады?
9. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
10. Арызда қандай мәліметтер көрсетілуі керек?
11. Арыз бойынша қандай іс-әрекет жүзеге асырылады?
12. Талап арыз қандай құжат?
13. Оның қандай құрылымдары бар?
14. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?
15. Сенімхат қандай құжат және неше түрі болады?
16. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

Жеке,
топпен
Проблемалық сұрақтар және мысалдар арқылы оқушылардың қызығушлығын туғызу, және өз бетімен мақсат қою; оқушылар міндеттерді анықтап, тақтада талқылайды.

ІІ. Жаңа сабақ.

4. Әр топ технологиялық картаны құрастырады, дәлел мен мазмұнымен. Аяғында салыстырады (оқулық, кесте-таблицалар, анықтама материалдармен, тірек конспектілер бойынша). Топпен
жұмыс Оқушылар өздері іздену арқылы тақырыпқа шығып, технологиялық карта арқылы тақырып бойынша жаңа ұғымдармен танысады, тақырыпты ашуға тырысады.

Технологиялық картаның үлгісі.

Ұғым (атаулар) Білім (анықтамалар)

1. Түсініктеме.
Мекеме басшысының атына жазылып, белгісі бір келеңсіз жағдайға байланысты түсінік берілетін құжат.

2. Түсініктеменің құрылымы:
- мекеменің аты;
- мекеме басшысының лауазымы, аты-жөні, тегі;
- құжаттың аты;
- мәтін мазмұның тезисі;
- мәтін мазмұны;
- түсінік берушісінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі.-

3. Түсініктеменің үлгісі. Бірсуат орта мектебінің
директоры
Г.Т. Мұрзалинаға
Түсініктеме
Сабаққа қатыспағандық туралы
Менің 1 наурыздан 10 наурызға дейін
сабақта болмау себебім ауруханада емделдім.
Дәрігердің анықтамасын қоса тапсырып отырмын.
11.03.2009ж. қолы Б.Қ.Бекенова
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Төмендегі тапсырмалар бойынша түсініктеме үлгілерін құрастыру.
Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ деңгей
1. Түсініктеме қандай құжат?
2. Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің оқытушысы атына сабаққа келмеген себебіңіз туралы түсініктеме беріңдер.

ІІ деңгей
1. Түсініктемені кім және қай кезде жазады?
2. Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Г.Т.Хасенованың орнына басқа оқытушы беру туралы түсініктеме беріңдер

IV деңгей
1. Түсініктеменің қандай бөліктері бар?
2. Ғылыми-практикалық конференцияға не себепті қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңдер.


IV. Сабақты қорыту.
Кестені толтыру.

Білемін Білдім Білгім келеді



Дөңгелек үстел
1. Қандай тақырып өттік?
2. Оны кім және қай кезде жазады?
3. Оның қандай бөліктері бар? Жұпта оқып талқылайды.
А) топпен ақылдасады;
ә) жұппен оқып аударады;
б) өздерін бағалайды.

V. Үй тапсырмасы: “Түсініктеме” құжаттың үлгісін құрастыру және оны компьютерде басу.
Категория: Полезные программки | Добавил: Granat
Просмотров: 10887 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.1/16
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2020-11-24, 3:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9457]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [317]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко 2 класс открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество 10 класс глагол Казахские пословицы проект Развитие Речи конспект урока 6 класс Интегрированный урок физика интеллектуальная игра язык 8 класс алгебра ашық сабақ класс стихи Казахстан математика урок праздник познание мира музыка доклад программа литература природа сценарий семья осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология дополнительное образование воспитательная работа коррекционная школа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский br конспект спорт дружба История история Казахстана 4 класс библиотека тренинг разработка физическая культура игры бастауыш сынып детский сад физкультура коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru