Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Полезные программки

Химиядан «Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» элективті курсы бойынша оқу-әдістемелік күнтізбе
[ Скачать с сервера (1.33 Mb) ] 2013-01-14, 4:32 PM
Түсінік хат
Химия пәнінен бұл бағдарламасы жалпы мектептердің 10 сыныптарында оқушылардың алған білімдерін әрі қарай тереңдете бекітіп, білімдерін тексеруге арналған. Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын жоғары оқу орнына түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан.
Мақсаты: химия пәні бойынша 10 сыныпқа типтік есептерді шығаруды үйрету. Осы есептер жинағы арқылы оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімді одан әрі дамытып, тәжірибелік дағдыны қалыптастыру. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және сол арқылы шығармашылықпен ойлануға үйрету.
Міндеттері:
- химиялық дүниетанымды қалыптастыру;
- алған білімдерінінің маңызы туралы түсініктерді меңгерту;
- әр оқушының оқу деңгейін анықтау;
- тәжірибелік білімдерін жетілдіру;
- химиядан білім стандартына сәйкес келетін оқытудың жоспарланған нәтижесін қамту.
Күтілетін нәтиже:
Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге, қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді. Есептер шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Бұл курс бағдарламасындағы орындалатын жаттығулар және шығарылатын есептер әр тақырыпқа жеке берілген. Бағдарламаның бұлай құрылуы оқылған тапсырмаларды орындау кезіндегі мақсаты мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді.
Егер де есеп шығару дағдылары қалыптаспаса, күрделі есептерді шығаруда химияның теориялық курсын жақсы білу жеткіліксіз. Өкінішке орай, мектептегі химия курсын оқытуда есептер шығаруға тиісті деңгейде сағаттар бөлінбеген. Жалпы алғанда, есептерді шығарудың өзіндік реті, шығару әдістемесі болады. Сондықтан да, қиындық деңгейлері қарапайым типтік есептерді шығаруды меңгерту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру қажет.
Бағдарламаның мазмұны
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат
1-тарау. Химия пәнінен сандық есептер шығару әдістемесі мәселелері. Химия пәнінен сандық есептер шығару әдістемесі мәселелері. Атомдық масса. Химиялық формулалар. Салыстырмалы молекулалық массасы. Валенттілік. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса. (2 сағат)
2-тарау. Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары. Ион алмасу реакциялары теңдеулерін құрастыру. Иондарды сапалық анықтау. Тұздар гидролизі. Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша ракция өнімін есептеу. (4 сағат)
3-тарау. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер. Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу. (2 сағат)
4-тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру әдістері. Электрондық баланс және иондық-электрондық әдісі. Электролиз. (2 сағат)
5-тарау. Заттардың қоспасына есептер шығару. Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу. Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. (5 сағат)
6-тарау. Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын өрнектеу тәсілдері. Еріген заттың массалық үлесін есептеу. Ерітінділердің молярлық концентрациясы. Ерігіштік. (3 сағат)
7-тарау. Химиялық формулаларды табу. Белгісіз заттардың эмприкалық және молекулалық формулаларын табу. Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу. Кристаллогидраттың формуласын табу. Газ заңдарын қолданып, газдың массасы мен көлемі бойынша формуласын табу. Жану өнмдері бойынша бастапқы заттың формуласын табу. (5 сағат)
8-тарау. Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары. Химиялық реакция жылдамдығына концентрациясының әсері. Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. Химиялық тепе-теңдік. (3 сағат)
«Әртүрлі типтегі есептеу есептерін шығару» элективті курсы бойынша 10 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспар
(Аптасына 1 сағаттан, барлығы жыл бойы- 34 сағат)
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқушыларда қалыптасатын дағдылар.
І-тарау. Химия пәнінен сандық есептер шығару әдістемесі мәселелері
1 Химия пәнінен сандық есептер шығару әдістемесі мәселелері 1 Есептің шығару шарттарын жетік меңгеру.
2 Атомдық масса. Химиялық формулалар. Салыстырмалы молекулалық массасы. Валенттілік. Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса. 1 Ұғымдар арасындағы байланыстылықтарды пайдалана отырып есептеулер жүргізе білу.
ІІ-тарау. Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары.
1 Ион алмасу реакциялары теңдеулерін құрастыру. 1 Реакция теңдеулері бойынша қарапайым есептеулерді жүргізе білу және реакция теңдеулерінің шартын жетік меңгеру.
2 Иондарды сапалық анықтау. 1 Реакция теңдеулері арқылы иондарды сапалық анықтауды үйрену.
3 Тұздар гидролизі. 1 Тұздардың суда ерігіштіктерін айыра білуді және ерігіштік сапасын жетік меңгеру.
4 Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде химиялық реакция теңдеуі бойынша ракция өнімін есептеу. 1 Реакция теңдеулері арқылы реагент пен өнімдері айырып, олардың ара қатынасын есептеуді үйрену.
ІІІ-тарау. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер.
1 Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымды есептеу. 2 Реакция теңдеулеріндегі бастапқы және соңғы шығымдарын есептеуді үйрену.
2 Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша өнімін есептеу. 2 Шығымдарды есептеу барысында қай заттың қаншалықты артық немесе кем болатынына көз жеткізу.
ІV-тарау. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
1 Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру әдістері. Электрондық баланс және иондық-электрондық әдісі. 2 Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы заттардың тотығу дәрежелерін жазуды үйрену, электрондық және иондық-электрондық әдіспен теңестіруді үйрену.
2 Электролиз 1 Катод пен анод, катион және анион ұғымдарын түсіну.
V-тарау. Заттардың қоспасына есептер шығару.
1 Қоспа компаненттердің құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу. 1 Массалық үлес ұғымын түсіну.
2 Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер. 1 Реакция өнімдерінің мөлшерін есептеуді үйрену.
3 Қоспаның сандық құрамын анықтау. 1 Сандық құрамды жетік анықтай білу.
4 Берілген реагентпен құрамындағы ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. 1 Қоспалардың құрамындағы заттардың қандай және қаншалықты қосылысқанын білу.
5 Берілген реагентпен құрамындағы компаненттердің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау. 1 Реагент құрамындағы компаненттерінің құрамын анықтау.
VІ-тарау. Ерітінділер. Ерітінділердің концентрациясын өрнектеу тәсілдері.
1 Еріген заттың массалық үлесін есептеу. 1 Массалық үлестерді есептеуді үйрену.
2 Ерітінділердің молярлық концентрациясы. 1 Молярлық концентрацияларды есептеудің шартын білу.
3 Ерігіштік. 1 Ерігіштік кестесін қолдана білу.
VІІ-тарау. Химиялық формулаларды табу.
1 Белгісіз заттардың эмприкалық және молекулалық формулаларын табу. 1 Элемент атомдарының массасы бойынша пайыздық үлестерін және керісінше формуласын табуға есептеулер жүргізе білу.
2 Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу. 2 Заттың салыстырмалы тығыздығы мен ондағы элемент атомдарының массалық үлестері бойынша қарапайым және молекулалық формулаларын табуға есептеулер жүргізе білу.
3 Кристаллогидраттың формуласын табу. 1 Кристаллогидраттардың формуласын табу шарты мен әдістерін танып білу.
4 Газ заңдарын қолданып, газдың массасы мен көлемі бойынша формуласын табу. 2 Өнімнің шығымы бойынша газ қоспасындағы компоненттердің көлемдік үлестерін есептей білу
5 Жану өнмдері бойынша бастапқы заттың формуласын табу. 1 Жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын табуға есептеулер жүргізе білу
VІІІ-тарау. Химиялық реакциялар жүруінің негізгі заңдылықтары.
1 Химиялық реакция жылдамдығына концентрациясының әсері. 2 Әртүрлі концентрациялы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу.
2 Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері. 2 Әртүрлі температуралы ерітінділерді алудың есептеу жолдарын білу.
3 Химиялық тепе-теңдік. 2 Химиялық тепе-теңдік ұғымын түсініп, қай уақытта теңдеу тепе-теңдікті ұстайтынын білу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. КузьменкоН.Е:, Еремин В.В. «2500 задач по химии с решениями». Москва «Оникс 21 век», «Мир и образование» 2002 ж.
2. Беляева И.И., Сутягина Е.И., Шелепина И.А. «Задачи и упражнения по общей и неорганической химий». Москва «Просвещение» 1989 ж.
3. «Химия мектепте» ғылыми-педогогикалық журнал. 2011жыл.
4. Ф.Г.Фельдман, Г.Е.Рудзитис «Жалпы химия негіздері». Алматы-Мектеп 2002жыл
5. Дидактикалық материалдар «Химия» 10 сынып. Алматы-Мектеп 2003 жыл
Категория: Полезные программки | Добавил: Санжар
Просмотров: 15903 | Загрузок: 732 | Рейтинг: 3.3/27
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 8:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru