Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Полезные программки

Халықауызәдебиеті – халықшежіресі.
2013-02-01, 10:36 AM
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Халық ауыз әдебиентінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақтың халық педагогикасын мақал – мәтелдерді болсын жұмбақ – жанылтпаштары мен ертегілері болсын бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.Балалар мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі халық педагогикасын үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу менің міндетім болып саналады.Қиял дүниесінен туған ғажайып, оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жанылтпаштар бәрі де мектепалды даярлық тобында кең пайдаланылатың дүниелер. Мен мектеп алды даярлық тобында жұмыс етемін.Халық педагогикасының элементтерін өте жиі қолданамын. Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстарын, әңгімелеп беруге үйретемін. Ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс – әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай айта білуге екі адамның диологында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап – тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етемін. Балалардың ой – өрісін дамытуға қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға өте жиі: ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар халық ойдарын, өтірік өлеңдердің пайдасы ұшантеңіз.Қазақтын халық педагогикасы балалардың ой – өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Балаларды адагершілікке, еңбек тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіпеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
1. Қиял - ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
3. Тұрмыс - салт ертегілер.
4. Аңыз ертегілер.
Осы ертегілерді мен сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өткіземін, себебі мұндағы мақсат – ертегіні ауыз екі әңгімелеуге тәсілдене отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретемін.Оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындардын, қуыршақ театры, көлеңке театры, ертегіні драмалау. Саусақ театры, үн – таспа жазылып алынған ертегіні тындатамын және радио арқылы берілетін ертегілер, көркем саз шеберлерінің оқыған үн – таспаларды балаларға тындатамын. Балалар өте жақсы әсер алады.Мысалы мен жұмбақтарды балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретемін.
Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқимын. Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолданамын.
Ал енді жанылтпаштар мен ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстару, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтырамын, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланаын.Мақал – мәтел, нақыл сөздер – халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс – әрекеті, мінез – құлқына жасаған бақылауларына туған дана сөздерді.
Бұларды мен балалардың түрлі іс – әрекетіне, мінез – құлқына байланысты тәрбие құралы ретінде пайдаланамын.
Мен мектепалды тобында жұмыс істегеннен, балаларым «Бөбектер жыры», «Тұсау кесер» жырларын айтқанын өте жақсы көреді, себебі айтудың мәні зор «Бөбектер жыры» балалардың көңіліне нұр құяды, оларды елге, жерге деген сүйіспеншілікке баулып, патриоттық сезімін оятады.
Халық ойына келсек – ойынның балаларды тәрбиелеуге алатын орны ерекше. Ойын арқылы тапқырлық, шапшандық, мергендік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттермен қатар ақыл – ой тәрбиесі де жүзеге асырылады.
Серуен кезінде және ертеңгіліктерде музыка ырғағымен, ойнатумен қатар, қазақтың қимыл ұлттық ойындарын қолданамын.
Қазақ халық педагогикасы – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Оның халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Категория: Полезные программки | Добавил: Bryulik
Просмотров: 1286 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru