Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

Қоғамдық тәртіп негіздері
[ Скачать с сервера (938.5 Kb) · Скриншот ] 2018-04-03, 7:47 PM
Тақырыбы: «Қоғамдық тәртіп негіздері»
Шараның мақсаты:
Білімділік. Қоғамдық орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық. Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін және сана мен жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіре отырып, ой-өрістерін дамыту Тәрбиелік. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Түзетушілік. Көзге ауыртпалық түсірмей, көзге арналған жаттығу жасау арқылы көру қабілетін арттыру. Түр. кездесу сабақ. Әдісі. дөңгелек үстел
Көрнекілік: слайдтар.
Тәрбиелік шараның жүру барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Тәрбиеші:Қайырлы күн, құрметті оқушылар,көрермендер! Мектебімізде өтіп жатқан құқықтық тәрбие беру іс-шара аясына жоспарланған «қоғамдық тәртіп негіздері» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер. Елбасының «Ата заң әркімнің бойтұмары болып,оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткеназамат қана мұратына жетеді. Осы жолды барлықтарың мұрат етулеріңді сұранамын» деген жолдау сөзін сабағымызға арқау етейік, балалар!
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Республикада жүргізіліп жатқан саяси экономикалық және рухани әлеуметтік өзгерістер адамдар мен құқық арасындағы байланыстарды реттей алмай отыр. Қылмыс шексіз өсуде, қоғамда жеке адамның меншігін ұрлау, тәртіп бұзушылық, адамдарға залал келтіру т.б етек алуда. Бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселе- қоғамдық тәртіп бұзушылық күн артқан сайын артуда. Бұған себеп, қоғамымызда қажетті деңгейде құқықтық сана мен жігердің жетіспеушілігінен болып отырғаны анық.
Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстелімізге арнайы шақырылған қонағымызбен таныс болыңыздар.
( ) Бүгінгі жиынымыздың басты тақырыбы қоғамдық тәртіп жайлы болғандықтан сабағымыздың бастапқы бөлімін «Көшелер мен қоғамдық орталар туралы оқушылар не білу керек? Қандай жағдайларда айыппұл төленеді?» деген сауалмен бастасақ. (инспектор сөзі)
Көп рахмет!
Жағдаяттар.
- Оқушы сабаққа қысқа белдемше, алды тым ашық жейде және әдепсіз боянған күйде келді. Мұғалім ескерту жасады...
Сұрақ. Мұғалім адамның жеке құқығын бұзды ма? (мектеп ережесіне сәйкес мұғалімнің әрекеті дұрыс.)
- Көшеде он алты жасар жеткіншектер өтіп жатқан адамдарға соқтығып, қоғамдық тәртіп пен тыныштығын бұзды.
Сұрақ. Бұл әрекетті қалай бағалар едіңіздер және ол жеткіншектерді жазалауға бола ма? (Иә, бұл ұсақ тәртіп бұзушылық, айыппұл салынады және бұл қайталанған жағдайда есепке алады.)
- Бірнеше оқушы балалар гаражға түсіп, ештене алмай, жасамай шығып кетеді. Әлде біреу бұларды көріп, милиция бөлімшесіне хабар береді.
Сұрақ. Балалар жазалана ма? (Жаза болмайды, ерікті түрде қылмыстан бас тарту)
- Жас жеткіншектер емтихан жұмысынан қашу мақсатында мектепке жарылыс қойылған деп телефонмен хабар береді.
Сұрақ. Жаза қолданыла ма? (жалған ақпарат (террористік акт) бергені үшін он төрт жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін)
- Оқушыны үлгерімі төмендігіне байланысты мектептен шығармақ.
Сұрақ. Мектеп бұған құқылы ма? (он төрт жастан шығарылады.)
- Он алты жасар жеткіншек жұмысқа орналасуға келеді. Еңбек келісім шарты жасалып, ертеңгі жұмыс күні белгіленеді.
Сұрақ. Кәмелетке толмаған жас жеткіншек жұмысқа тұруға құқылы ма? (иә, егер еңбек келісімшарты немесе контракт жасалса және ата-ана ол үшін жауапкершілік алмайды.)
- Ерлан деген баланы анасы жалғыз тәрбиелеуде.Ол оған сабақ уақыты кезінде үй шаруасын істеуге мәжбүрлеп, оны жиі мектептен қалдырады. Ал Ерлан әр дайым анасымен келіседі.
Сұрақ. Ерланғаға қатысты қандай құқық бұзылды? (білім алуға, зорлық-зомбылық және Ерлан өзі де құқық бұзды: өз көзқарасы мен міндетін еркін жеткізу және білім алу)
Қонағымызға сұрақ:
- Тұрғын үй алдында, аулада заң бұзушылық орын алса?
- Тыйым салынған жерлерде темекі шегу?
- Көп қабатты үйлерде тыныштықты бұзса?
- Қандай да бір тәртіпсіздік орын алды, оны телефонға түсіріп жіберсе, қандай шара қолданылады?
- Қоғамдық мүлікке залал келтірсе қандай шара?
- Қоғамдық тәртіп бұзушылыққа нелер жатады және осы арқылы тәртіп орнатуға бола ма?
Көп рахмет!
Менің бүгін не істедім?
Құқық пен әрекеттін байланысын табу.
1.Түнде ұйықтадым. (Демалу құқығы)
2.Таңғы ас іштім,түстендім. (Ата-ананың қамқорлығы мен тәрбиесіне құқылы)
3. Теледидар көрдім. (Ақпаратқа жүгіну)
4. Мектепке бардым. (Білім алу құқығы)
5. Тісімді емдеттім. (Медициналық көмекке құқылы)
6. Үйірме,спорт секцияға қатыстым. (Жан-жақты дамуға құқылы)
7. Компьютер ойнадым.(Дем алу және бос уақытын өткізу құқығы)
8. Тақта алдында жақсы жауап бердіп «өте жақсы» деген баға алдым.(Әділетті сыйақы алуға құқылы)
9. Достарымен кездесу.( Еркін бейбіт жиынға құқығы)
10. Сабақта жауап бердім. (Өз ойын қорғау және еркін айтуға дәлелдеу)
Көрермендермен ребус шешу.
Тренинг «Құқықтық жол»
Тиісті сандарды белгіле.
0________ 7________ 14____ 16______ 18__________ 35___________
________40_______________55______ 60_____________________

Сұрақтар:
1. Қай жастан өз атына,тегіне, әкесінің атыналыға құқылы? (туғаннан).
2. Неше жасқа дейін қоғамдық көлікпен тегін жүруге құқылы? (7 жасқа).
3. Қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (толық –16 жас, ауыр қылмыс болса – 14 жас).
4. Қай жастан адам сайлауға және сайлануға, отбасын құруға, мұра қалдыруға құқылы? (18 жас).
5. Неше жастан жеке тұлға Республика президенті бола алады? (35 жас)
«Егер мен болсам...» жаттығуы
1-сұрақ: Егер сен өз көлігіңмен кетіп бара жатқан кезде, сенің көлігіңе мектеп оқушысы тас лақтырып, әйнегіне тиді.
2-сұрақ: Сен мұғалімсің, оқушы ұялы телефоныңды ұрлап кетті, сенің іс-әрекетің?
4-сұрақ: Сен еден жуушысың, еден жууып жатқан кезде оқушы еденге түкіріп кетті. Сенің іс-әрекетің?
5-сұрақ: Сен жасы келген адамсың, қоғамдық көлікке кірген кезде, саған орын бермеді. Сенің іс-әректің?
6-сұрақ: Сен жаңа мектепке бардың, ол мектептің өзіндік бір ағыны бар. Саған сол мектеп оқушылары келіп: «досым ақша берші?» деді. Сен бір рет бердің, екі рет бердің ары қарай не істер едің, сенің іс-әрекетің?
Қорытынды сұрақ: Қоғамдық ортада адамның өзін ұстауы қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?
Тәрбиеші: Біздің байтақ еліміз патшалы Ресейдің отарына ілікпей тұрғанда түрме дегенді білмей-ақ өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осыған қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз.
Сіздер осы бұзақылық, ұрлық т.б қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтар едіңіздер. Өз ұсыныстарыңызды жариялап, мына қалтаға салуларыңызды сұраймын.
- Қоғамдық, құқықтық сананы күшейту қажет;
- Мемлекеттік, ұлттық идеологияны күшейту;
- Барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, орташа табыс табатындай жағдай жасау;
- Әрбір қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік қалыптастыру керек;
- Қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айыппұл төлету керек;
- Айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.
Рефлексия. Кеме.
Егер бүгінгі сабақ көңіліңізден шықса, жаңа тың мәлімет алдым және тапсырманың барлығы сәтті орындалды десеңіз, желкенді жасыл түске бояңыз.
Егер бұл мәлімет маған тансық, мен білмейтін жаңалық болмады десеңіз қызыл түске бояңыз.
Егер белгілі бір қиындықты кездестірген болсаңыз, сары түске бояңыз.
Қорытынды. Қолыңда болса бір билік,
Қарғаға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз. (Төле би)
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін, білектің күші, найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, әділет пен парасат керек.Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар талай-талай жаңалық ашар білімділер керек.Осы Тәуелсіз еліміздің намысын, құқығын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын адал ұрпақ екенімізді естен шығармайық,ағайын!

Өткізген:
Жармухамбетова А.К
Жакупбекова А.Т
№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат
Семей қаласы
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: asemzharmuhambetova
Просмотров: 2471 | Загрузок: 57 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 11:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru