Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

«Темекі және насыбай шегудің алдын алу»
2014-11-04, 6:04 AM
Қазіргі жаңа заманғы қоғам өмірінде басты мәселелердің бірі болып зиянды ішімдік,темекі және насыбай өнімдерін пайдалану, жасөспірімдер мен жастар арасында таралу жағдайы болып табылады. Осы мақсатта 2014 жылдың 13 қазан күні мектебімізде аудандық аурухана дәрігері Сахова Жанар Уразбайқызымен «Темекі ,насыбай шегудің және арақ-шараптың алдын алу» тақырыбында 8 –ші сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Қазақстанда соңы түрлі аурулар мен өлімге алып келетін, сондай-ақ тұтастай қоғам өміріне зиян келтірумен қатар, бірінші кезекте өзінің өмірі мен дамуына қауіп төндіретін ішімдік өнімдерін тұтынушы 12- 15 жас аралығындағы жасөспірімдер 18,1 % - ды, 15- 17 жастағылар 37%- ды құрайды.
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады және қылмыс жасауға итермелейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады.
Жалпы адам ағзасы зардап тек арақ-шараптан ғана емес, бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның
80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.
Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады. Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Замандастар, Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі! Сондықтан біз жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін , ішімдік, темекі, СПИД нашақорлықтан бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынғандығы ұмытпайық ағайын!

«Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Д.М.Кенжина
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: Дамегуль
Просмотров: 1297 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 12:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru