Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Журнал "Творческая педагогика" » ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ

тапқыр достар
[ Скачать с сервера (199.2 Kb) ] 2015-01-23, 3:40 PM
Бигожина Нуржамал Аманжоловна учитель казахского языка и литературы,стаж 17лет,первая категория.КГУ «Начальная школа №9» акимата города Рудного Костанайской области

Ахметбекова Лаззат Кужегариновна учитель казахского языка и литературы,стаж 20 лет,первая категория.КГУ «Начальная школа №9» акимата города Рудного Костанайской области

«Тапқыр достар»
(интеллектуалдық ойын )

Мақсаты: Балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту, қызығушылығын арттыру, белсенділікті, ізденімпаздықты қалыптастыру, топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой – өрісінің қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отаншылдық сезімдерін ояту, мемлекеттік тілді құрметтеу.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің «Тапқыр достар» сайысымыз Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған.
Жүргізуші:
Сiздердi Республикамыздың Тәуелсiздiк күнiмен құттықтаймыз! Сiздерге тiлейтiніміз:зор деңсаулык, мол бақыт,бірлік пен ынтымық, ашық аспан!
Отаны бар, елі бар жан - әманда
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
«Отан» деген оттан ыстық жалғыз сөз.
Жалын берген маған-дағы, саған да.
Жүргізуші:
Армысыз, асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арнаған ақ тілекті.
Гүл жайнаған қыздармен бұл сайысқа,
Ер намысты, ержүрек ұлдар кепті.
Жас ұлан ғой ертеңі,ел мақтаны,
Қырандар ғой тәңірі көк аспаны.
«Тапқыр достар» сайысында жүйрік болып,
Жансын ләйім бәрінің жұлдыздары – дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер дейміз!
Сайыста оқушылардың білімін әділ қазы алқасы бағалайды:
-Әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:
Қазақ тілі мұғалімдері:
Сайысымыз 5 ұпаймен бағаланады.
Құрылымы: Ойынға 5 баладан құралған 2 топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны – 10. Ойын 8 кезеңнен тұрады.
І кезең.Таныстыру.
II кезең «Сөз тапқанға»
III кезең»Сиқырлы суреттер»
IVкезең»Сен білесің бе?»
V.«Тіл өнері»
VI кезең «Түсін мені»
VII кезең«Кім білгір?»
VIII кезең»Талаптыға нұр жауар»
І кезең.Таныстыру. “Тәрбие басы-тіл” Ұран мен сәлемдесу
1топ «Алғырлар»
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесу:
1,2 қане алға
Қорықпаймыз барарда,
Біздің мақсат көздеген
Ұмтылу тек,тек алға!
Алға,алға,алға!

2топ. «Тапқырлар»
Ұраны:Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады

Сәлемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

II кезең. Сөз тапқанға. Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз
- қатысушыларға әріптер таратылып, сұрақтар қойылады, олар жауапты
таңдалған әріпке басталатын сөзден береді;
І топ.«Алғырлар»- «ә», «м», «қ»»с»,»к»
ІІ- топ – «Тапқырлар»- «н», «т», «ө»,»п»,»а»
Сұрақтар: 1 топ.Ә
1. Сенің есімің кім? Менің есімім-Әлия.
2. Сен қандай оқушысың?әдепті оқушымын.
3. Отбасында кім бар? Әжем,әкем бар.
М
-Сен қайда оқисың? Мектепте оқимын.
-Қандай тағам жақсы көресің? Мәнті жақсы көремін.
-Досың қандай? Мейірімді.
Қ
-Қай облыста тұрасың? Қостанай облыста тұрамын.
- Ұнататын түсіңіз? Қызыл түс.
-Қай тілін үйреніп жүрсің? Қазақ тілі
С
-Сөмкеңде не бар? Сызғыш бар.
-Сағат неше? Сағат үш.
-Табиғат қандай? Сұлу.
К
-Сен не жедің? Кәмпит
-Сенде не бар? Кітап ,көйлек бар.
-Көңілің қандай? Көңілді.

Жарайсыңдар, «Алғырлар» тобы енді сөз кезегі «Тапқырлар»тобына береміз.


2-топ. «н», «т», «ө»,»п»,»а»
-Сен не жейсің? Нан жеймін.
-Досыңның аты кім? Наташа.
-Қандай орман ? Ну орман.
Т
-Біздің валюта. Теңге.
-Балмұздақ қандай? Тәтті.
-Көне қала .Тараз.
Ө
Сенің халің қалай? Ө те жақсы.
Сен не сатып алдың? Өрік сатып алдым. (Өте әдемі көйлек...)
Сен не білесің? Өлең білемін.
П
-Сыныпта не бар? Парта бар.
-Әжең не пісіреді? Палау.
-Терезеде не ілініп тұр? Перде.
А.
-Қазақстан қаласы.Астана.
-Дүкенде не бар? Айран,алма бар.
-Қай қалада тұрасың? Алматы .Ақтөбе .Атырау
ІІІ кезең «Сиқырлы суреттер»
Міне, менің қолымда «Сиқырлы хат» бар. Бұл сиқырлы хаттар түрлі-түсті екенін көріп тұрсыңдар, бір түсті хатты таңдап алсаңдар, ішінде сиқырлы құрастыратын суреттер бар. Сол суреттерді тез әрі дұрыс құрастыру керек.

Бәріңе сәттілік тілеймін. ( Киіз үй және үй)
Білім, ой мен арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғайық бәріміз,- деп сайысқа қатысушыларды қолпаштап отырыңыздар.

IVкезең.Сен білесің бе?
Сегіз ұяшық қалауы бойынша таңдайды.Әр ұяшықтың артында сұрақтар бар.
Бірінші топ-Екінші топ
1.Мемлекеттік рәміздері қандай?
2.Әнұранның авторлары кімдер?
3.Мемлекеттік туда не бейнеленген?
4.Түркістан қандай қала?
5.Жаңа әнұран қай жылы қабылданды?
6. Қостанайда қандай өзен бар?
7.Қазақстан Республикасының президенті кім?
8.Қазақстан қандай мемлекет?
V.Тіл өнері. Мақал-мәтел айту.
1 Туған жер-алтын бесік. «Алғырлар тобы»
2.Отан отбасынан басталады. «Тапқырлар» тобы
3.Жері байдың-елі бай. . «Алғырлар тобы»
4.Еңбек түбі-береке. «Тапқырлар» тобы
5.Таңбасыз ел болмайды, . «Алғырлар тобы»
Найзасыз ер болмайды.
6.Туған жердей жер болмас, «Тапқырлар» тобы
Туған елдей ел болмас.
V. Келесі кезең:Түсін мені.
Топ басшылары суретке қарап өз тобына сөз жасырады.Топ мүшелері суретті шешіп алады.
«Алғырлар» тобы « Тапқырлар»тобы.
тарақ домбыра
сөмке ағаш
балмұздақ лимон
компьютер қоян

VI. «Кім білгір?» сайысы .
Екі топқа бір сөз беріледі.Сендер осы әріптерден сөз құрайсыңдар.
Қазақстан(ана,ата,ақ,қаз,қазақ,астана,ата-анатаза,зат,нан,ат)
Балалар, сөздерді тапқанша, көрермендермен ойын
« Ойнайық та ойлайық»
Праздник-мереке,
Папа-.....
Ручка-қалам,
Моя мама-.....
Хлеб-нан,
Родина-......
Абрикос-өрік.
Дневник-.....
Врач-дәрігер,
Юрист-......
Строитель-құрылысшы,
Продавец-......
Пенсионер-зейнеткер,
Ювелир-.....
Работа-жұмыс,
Тридцать-......
Возраст-жаста,
Задание-......
Большой-үлкен,
Здравствуй-......
Мое-менің,
Твое-.....
Будущее-болашақ,
Гость-.....

VII кезең: «Талаптыға нұр жауар»
Мақсаты:Өз өнерлерін көрсете білу.Әр топтың ойыншылары үйде дайындап келген өнерлерін көрсетеді.
«Тапқырлар» тобы:» Жаса,Қазақстан» әні.

«Алғырлар» тобы: «Қазақ биі»

Жүргізуші сөзі: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-
Дегендей ,ойыншыларымызды бағалай үшін әділ қазыларға сөз берейік:
Әділ қазылар ақылдасып бір шешімге келіп «Тапқыр достар» сайысының кім жеңімпаз екенін тапқанша көрермендермен ойын.
«Сөз ішіндегі сөз» ойыны Тапқыр достар (ата,апа,пырақ,доп,ар,тар,қыс,қыста,ыдыс,тас,дос,ас,)
Құлпырған дала гүліндей,
Жүретін ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жүре берсін сүрінбей, – дей келе бүгінгі сайысқа қатысушыларға мақтау
қағазын табыс етеміз.

Құрметті балалар, міне бүгін сендердің талапты, білімді екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!
Жарыстарда озатын,
Бәрінен алда болатын.
Болашаққа бүгіннен,
Құлшына қол созатын,- балаларымыз аман болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балдырғандардың шат күлкісіне кенелейік,достық сезімі күшейе берсін. Осымен «Тапқыр достар» сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!
Категория: ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ | Добавил: лаззат
Просмотров: 903 | Загрузок: 21 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 1:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

МОДЕЛЬ 12-летней ШКОЛЫ [4]
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ [12]
УПРАВЛЕНИЕ [63]
ВОСПИТАНИЕ ШКОЛЬНИКОВ [224]
НАУКА И ПРАКТИКА [1]
Школьная практика [6]
Юбилей [9]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru