Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі
2014-01-06, 8:19 PM
Жиналыс тақырыбы: «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі»
Мақсаты:
 ата-ананың мәдениет деңгейін анықтау, педагогикалық мәдениеттілік жайлы түсінік беру;
 ата-анаға балалармен қарым-қатынас стилі жайлы ой тастау.
Психологиялық тренинг барысы:
1. Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзін таныстыру;
2. «Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» жайлы баяндама;
3. «Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» туралы сауалнама;
4. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы;
5. Арттерапия «Гүл бейнесінедегі менің отбасым»;
6. Кері байланыс.

Жүргізілу барысы:
Танысу: Сәлеметсіздерме ата- аналар! Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзіңізді таныстырасыз. Қысқаша отбасыңыз жайлы, отбасыңыз қандай және немен айналысасыз.
Баяндама тақырыбы: «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі»
Бұл жерде отырған барлықтарыңыз ата-ана болып табыласыздар! Сіздердің білімдеріңіз, мінездеріңіз, өмірге деген көзқарастарыңыз да әр түрлі. Бірақ барлықтарыңызды біріктірген, жинаған бала тәрбиесі болып саналады. Ата-ана болу – ұлкен бақыт. Ал отбасы – адамның дүниеге келетін рухани бесігі. Өзіңнің махаббатыңды балаға жеткізу білу де өнер болып табылады. Сондықтан біз, ата-ана ретінде балаларымызға үлгі бола алуымыз керек.
Ата-аналардың жоғары педагогикалық мәдениеті деңгейі келесідей сипатталады:
1) Ата-аналар тәрбиесінің басты мақсаты- дамыған, әлеуметті белсенді тұлғаны қалыптастыру қажеттілігін түсінеді. Ата- аналар бағыттарды таңдайды және баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес отбасыдағы тәрбие жұмысының мазмұнын құрайды. Баланың жеке дамуы кезіңде қалыптасатын негізгі қасиеттер туралы нақты біледі.
2) Ата- аналар балармен өзара әрекеттесе отыра әр түрлі әдістемелерді пайдаланады және оның жағымды қасиеттеріне сүйенеді, оған өз бетінше әрекет ету мен жеке ойын білдіруге қамқорлық танытады, оның өз әрекетін сараптауға, өзін тәрбиелеуге талпындырады. Ата- аналар ынталандыру мен жазалау әдістерін теңгерімді түрде пайдалана біледі, олардың балаға қойылатын талаптары кесілген болады, отбасының әр түрлі мүшелерінің тәрбиелік ықпал етулері бір- біріне қарама- қайшы келмейді. Баламен қарым- қатынас стилі демократиялық сипатта болады: оның пікірі тыңдаулы болады және назарға алынады. Бала сыйлы, отбасының тең мүшесі болып саналады.
3) Ата- аналар педагогикалық өз білімін көтерумен белсенді айналысады, балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ғылыми- педагогикалық әдебиетті оқиды және пайдаланады, қиындық туған кездері білікті мамандарға- сынып жетекшілермен, мектеп психологтарынан және әлеуметтік ұстаздардан көмек сұрайды. Ата- аналар өз баласының қоғамдық өмірін сұрастырады және өздері белсене қатысады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің орта деңгейі келесідей сипатталады:
1) Ата- аналар тәрбие жұмысының бағыттары туралы үстіртін түсінікте болады және оларды тәрбиенің басты бағыттарымен байланыстыра алмайды. Олар бала бойында тұлғаның қандай қасиеттерін сіңіру қажет екендігін түсінеді, бірақ баланың жас ерекшелігі мен жеке дамуының кезеңін үнемі дәл анықтай алмайды. Баланың бойында дамып келе жатқан қасиеттер қоғамның сұранысына үнемі сәйкес келе бермейді.
2) Отбасында баламен өзара әрекеттесудің әртүрлі әдістемелері пайдаланылады, бірақ олардың саналы түрде сәйкестікте болмауы мүмкін – қарым- қатынас тұтас ата- ананың көңіл- күйі мен тілектеріне тәуелді болып келеді. Немесе ата- аналар өзара әрекеттесудің тек бір ғана әдістемесіне тәуелді болады (ғылыми, ғылыми іспеттес) және баланың жеке басының ерекшеліктеріне қарамастан, сол әдістемесіне бар ыңтасымен беріледі. Ата- аналар баланың жағымды қасиеттеріне сүйенеді, бірақ оған еркіндік беруге, өзінің жеке шешім қабылдауы мен әрекетіне қамқорлықты аз танытады. Балаға отбасының әр түрлі мүшелерінің тәрбиелік ықпал етуінің келісімді болмауы да байқалады.
3) Ата-аналар өзінің білімін көтерумен жүйелі түрде айналыспайды, баланың қоғамдық өмірі туралы бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқан кезде ғана біліп сұрастырады, мектепішілік іс- шараларға көмек көрсетуі өз тілегі бойынша емес, педагогтардың сұранысы брйынша ғана жүзеге асырылады ереже бойынша, ата- аналар тәрбиелеу бойынша кеңестерді сұрамайды, бірақ оларды жақсы тыңдайды.
Ата-аналардың педагогикалық мәденитінің төменгі деңгейі мынадай белгілермен көрсетіледі:
1) Баланы тәрбиелеу ата- аналар үшін өмірлік маңызы бар міндет болып табылмайды, олар отбасыдағы баланы оқыту мен тірбиелеудің мақсаттары мен міндеттері туралы түсініктері болмайды. Ата- аналар жеке тұлғаның кейбір қасиеттерін анықтай алады, бірақ нақты тәрбиелік міндеттер мен мақсаттарды қойып, оларды шеше алмайды.
2) Балман өзара әрекеттесу әдістемесі отбасында болмайды. Өзаоа әрекеттесудің басқыншылық әдістеріне жүгінеді ( бұйрық, жарлық, талап ету, жазалау). Ата- аналар баланың өздігінен және еркімен әрекет етуін басып тастайды, немесе, керісінше, бақылаучыз әрекеттер жасауға жол береді. Ата- аналар баланы өз әрекеттеріне талдауды жасауға шақырмайды, отбасының әр түрлі мүшелерінің тәрбиелік талаптары мен әрекеттері балаға қатысты сәйкессіздікте болады және көбінесе қарама- қайшы болып келеді ( мысалы, әкенің тыйым салған әрекеттерін шешесі ынталандырады).
3) Ата-аналар педагогикалық өз білімін көтерумен айналыспайды, мамандардың кеңестері мен ұсыныстарына құлақ аспайды және баланың қоғамдық өміріне қызықпайды.
Ата- аналардың педагогикалық мәденит деңгейі олардың тырысуымен және сол сияқты отбасы ішіндегі қарым- қатынастың өзгеруімен, әлеуметтік мәртебедегі өзгерістер, сонымен қатар мектептің ата- аналарды тәрбиелеу бойынша іс- шараларында ата- аналарды ынталандырудың сауатты әрекеттері нәтижесінде өзгеріп отырады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар өзіңіздің ата ретіндегі педагогикалық мәдениет деңгейіңізді анықтауға мүмкіндік бере алды деген сенімдеміз. Егер, соған қарамастан кейбір мәселелер анықталмаған болса, келесі тестің сұрақтарына жауап беруіңізді өтінеміз.
«Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі» сауалнама
1.Сіз өз балаңызды қандай білімге сүйеніп тәрбиелейсіз?
а) теледидар және радио арқылы ақпараттарды тыңдайсыз;
б) ата-аналарға арналған дәрістерге барасыз;
в) ұстаздардың ұсыныстарын негіз аласыз;
г) өмірлік тәжірибеңізді қолданасыз.
2. Сіздің ойыңызша тәрбиенің қай тәсілі тиімді болып табылады?
а) мадақтау;
б) жазалау;
в) талап ету;
г) үйрету.
3.Сіз мадақтаудың жиі қай тәсілін қолданасыз?
а) сөзбен мадақтау;
б) сыйлық;
в) аялау;
г) баламмен бірге өткізетін уақыт.
4. Сіздің ойыңызша жазалаудың қай түрі тәрбиелеу кезінде
тиімді болып табылады?
а) физикалық жазала;
б) сөзбен қорқыту;
в) ойыннан бас тартқызу;
г) ренішіңізді білдіру.
«Сөйлемді аяқтау» жаттығуы
1. Отбасы – бұл...
2. Менің балаларым - бұл...
3. Отбасымның қуанышы – бұл...
4. Менің отбасымда .............................. болғанын қалаймын
Арттерапия «Гүл бейнесінедегі менің отбасым»
Жағымды әуен ойнайды. Әрбір ата-ана өз отбасын гүл бейнесінде салады. Әрбір жаттығудан кейін ата-ана ерікті өз ойымен бөліседі.
Категория: Психология | Добавил: америка | Теги: Оразбаева Ақсаулеш
Просмотров: 4221 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru