Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

Бәрі сенің қолыңда
2014-05-03, 7:51 AM
ҰБТ - ға дайындық ретінде тренинг сабақ

Тақырыбы: «Бәрі сенің қолыңда»

Мақсаты: 11сынып оқушыларын ҰБТ ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, өзіндік күш-жігеріне деген қарым-қатынасын нығайту.
Қажетті құрал жабдықтар: Ақ парақтар, қаламсап, интерактивті тақта, жіп, жүрекшелер.

Тренингтің кезеңдері.
1. «Сәлемдесу»
Мақсаты: аңғарымдылыққа, ілтипаттылыққа, ізеттілікке үйрету.
Нұсқау: Жүргізуші алақанды 1,2,3 рет соғып команда берген кезде, екі рет «сәлем», үш рет «Сәлеметсіз бе», бір рет үнсіз басын иіп амандасу рәсімін жасау керек.
2. «Сіз суреттен нені байқадыңыз?» тесті
Нұсқау: Берілген суреттен бір суретті таңдаңыз.


Жоғарыдағы суретке қарағанда ең бірінші қай нөмірдегі көзді көрдіңіз?
1. Өзгелерге көп сенетін тұлға
Сіз өміріңізге кез келген адамды еркін кіргізетін жансыз. Өмірдің ащысын да, тәттісін де көргіңіз келеді. Қорқынышыңыз бен сенімсіздігіңізді ешкімге көрсетпейсіз. Мәселенің барлығын өзіңізге ғана жүктейсіз. Өзіңізді нашар сезінсеңіз де, айналаңыздағы адамдарға көмектескіңіз келіп тұрады. Басқаларға көмектесу арқылы өзіңізді бақытты сезінесіз.
2. Тақуалыққа жақын тұлғалар
Сіз әрдайым дұрыс шешім қабылдап, өзгелердің көзіне жақсы адам болып көрінуге ұмтыласыз. Іштей қобалжып тұрсаңыз да, жақындарыңызға көрсетпейсіз. Жер шарындағы ең мықты адам болғыңыз келеді.
3. Құрбан болуды ұнататын тұлғалар
Өзіңіздің әлеміңізді кез келген жерден табуға тырысасыз. Өмірде өз орныңызды іздеп жүрсіз. Қараңғы ойларыңызды адамдарға көрсетпейсіз. Сізді "сүрінген сәтте өзін жинақтап алудың шебері" деп айтуға болады.
4. Ойшыл тұлға
Сіз барлық әрекетін ойланып барып жасайтын адамдардың қатарынансыз. Заттардың құрылымын зерттеуді жақсы көресіз. Кейде терең ойларға батып, мына дүниедегі тіршіліктің бар екенін ұмытып кетесіз. Өзіңізге деген 100% сенімділігіңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Барлығына күдікпен қарайсыз. Өмірді ойын көресіз және сол ойында жеңіске жету үшін барлығын жасайсыз.
5. Жұмбақ тұлғалар
Сіз өзіңіз үшін де жұмбақ жансыз. Сізді түсінгісі келетін жандарға сәттілік тілейміз. Көңіл-күйіңіз тұрақсыз әрі жылдам өзгеріп отырады. Өзіңізге лайық өмір жолын таптым деген сәтте, қайтадан өзгеріп шыға келесіз. Сөйлеспес бұрын адамдарды бақылап алғанды ұнатасыз. Өзіңіз нақты білетін дүниелерді ғана айтасыз.
6. Сезімтал тұлға
Сіз барлығын байқап, есіңізде сақтайтын жандардың қатарына жатасыз. Сезімталдығыңыз соншалық, болмашы оқиғалардың өзі әсер етеді. Сізді күлдіру де, жылату да оңай. Бірақ, сезімтал екеніңізді жасыруға ұмтыласыз. Болашағыңызды болжай алатын қасиетіңіздің болуы да ғажап емес.
7. Энергияға толы тұлға
Сіз үнемі ғашық болып жүретін немесе күш-қуатқа толы жандардың бірісіз. Көрегендігіңіз мол. Әрдайым сүйіспеншілік пен кектің ортасында таңдау жасап жүресіз. Өзгелерге айтар сыни пікіріңіз көп. Шешімді жылдам қабылдайсыз. Шамадан тыс ашуланшақсыз.
8. Оғаш мінезді адам
Өмірге деген көзқарасыңыз мүлдем өзгеше. Кейбір ақылға қонбайтын қылықтарыңыз бар. Ережелерді онша ұната бермейсіз. «Не болса, ол болсын. Не істегім келсе, соны жасаймын» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Өзге адамдар үшін ашықсыз. Сізді өзгертуге тырысатын адамдарға күле қарайсыз. Қарапайым адамдардың қатарында болуды ұнатпайсыз.
9. Интуитивтік тұлға
Сіз өзіңізді де, өзгелерді де өте жақсы түсінесіз. Адамның бет-әлпетіне, сөйлеген сөзіне қарап көп мәлімет айта аласыз. Сізге өтірік айтып тұрған адамдарды бірден анықтайсыз. Өзіңізден сөз асырмауға тырысқанмен, үндемей қалатын сәттеріңіз жиі болып тұрады.

3. «Баспалдақ» жаттығуы
Қандай қорқыныштарың, үрейлерің бар алдыңғы өмірлеріңде? Алдарыңдағы келе жатқан ҰБТ-ға деген үрейлерің, қорқыныштарың бар деп ойлаймын, сол үрейді кезең-кезеңдерге бөлейік, яғни қай уақыттарда қорқыныштарың артып кетеді. Алдарыңдағы қағазда 7 сатылы баспалдақтың суреті жатыр, сендер әр сатыға осы бүгінгі күннен бастап үрейлі мезеттерді елестетіп, белгілеп жазыңдар, мысалы алдыда 3 ай уақыт қалды, яғни 3 ай бұрын деп бастауға болады, 1 ай қалғанда, 1 апта қалғанда , 1 күн қалғанда, 1 сағат қалғанда деген сияқты өздерің жазып көріңдер. Өз қорқыныштарыңды белгілей алдыңдар, енді сол қорқыныштардың өткінші екенін, оны жеңе білуге болатынын көрейік.

4. «Экспреимент» жаттығуы
Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.
Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.
Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:

ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылдыОТансүйГІШТІКкеТӘ УЕЛ
сізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨттісынЫПЖЕТЕК ШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді
Анализ:
Тапсырманы орындау оңай болды ма?
Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?
Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?

5. «Ақ парақтың екі жағы» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Нұсқау: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те,ортасынан қырқылып алынады.Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

6. «Қиялыңды шарықтат» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың қиялын дамытып, шығармашылыққа баулу
Нұсқау: А4 қағазын ортасынан екіге бүктеп оқушыларға таратамыз. Әр оқушыға ұзындығы 20 см болатын жуан жіптен және әртүрлі гуаш береміз. Содан кейін оқушылар жіпті гуашқа малып, бүктелген А4 қағаздың ортасына салып, бір жіптің ұшын сыртұа қалдырады. Қағазыды алақанмен басып тұрып, жіптің бір ұшынан тартады. Екіге бүктелген қағазды ашып, шыққан бейненің неге ұқсайтынын айтып суретті әрі қарай қиялына байланысты толықтырып салады.

7. «Бәрі сенің қолыңда» аңыз. (видеоролик көрсету)
Ерте заманда бір керемет білімді ұстаз болыпты, оның білмейтіні жоқ екен, сол кісінің бір оқушысы ұстазын тексеру үшін, бір сұрақ қойыпты. Бір алақанына көбелек жасырып ұстап, екі қолына артына тығып, ұстазынан «Менің қолымда өлі көбелек пе, әлде тірі көбелек пе?» деп сұрапты, сонда ұстазы: «Бәрі сенің қолыңда» деп салмақты ғана үнмен жауап беріпті.
- Сендер бұл аңыздан не ұқтыңдар? «Бәрі сенің қолыңда» деген сөз нені білдіреді? Сендерге қатысы бар ма осы сөздердің?

8. «Жүректен шыққан жылы сөздер» жаттығуы
Нұсқау: Оқушыларға жүрекшелер таратылып беріледі. Жүрекшеге ҰБТ-ны жақсы тапсыруларын тілеп, өз сыныптастарына жылы лебіздеріңді білдіріп, табыс пен жетістік тілеңдер.

Қорытынды: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тренинг-сабағымызды қорытындылай келе, сендерге алда келе жатқан ҰБТ сүрінбей өтіп, жоғары ұпай жинауларыңа тілектеспін! ҰБТ жақсы ұпай жинау бәрі өз қолдарыңда! Жақсы нәтижеге жету үшін тек тынбай еңбектену керек. Сендерге тек сәттілік тілеймін!

ШҚО, Семей қаласы, «№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Педагог-психолог: Даниярова Арайлым Мырзабековна
Категория: Психология | Добавил: Arailym89
Просмотров: 957 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru