Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

ҰБТ-ға сеніммен барайық
2014-05-08, 7:30 AM
ҰБТ-ға сеніммен барайық

Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.
Міндеті:
 Өзіндік сенімін болуға баулу.
 Өзіндік бағалауын анықтау.
 Оқушыларға ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау.
Сабақтың түрі: тренинг-сабақ
Құралдар: Интерактивті тақта, видеоролик, ақ қағаз, қалам, ағаштың суреті. Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын!
Тренингтің кезеңдері.
I. Психологиялық дайындық, ұйымдастыру
1. «Мен қалаған есім»
Мақсаты: Өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу
Нұсқау: «Мен, Серік сенімді жігітпін» деген тәрізді , әрбір қатынасушы бойындағы жағымды қасиетін таңдап қосып айту.
ІІ. Ойынды бастау кезеңі
1.«Психогеометриялық тесті»
Мақсаты:Адамның тұлғалық типін тез арада анықтауға, кез - келген адамға толық мінездемені оған түсінікті түрде жеткізуге,күнделікті жағдайдағы мінез-құлықтың сценарийін жасауға мүмкіндік береді.

Нұсқау:Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз
Сонымен, сіздің бірінші деп белгілеген фигураңыз – Сіздің негізгі фигураңыз, немесе субъективтік формаңыз. Ол сіздің негізгі үстемдік ететін мінез-құлқыңыздағы ерекшеліктерді, тәртібіңізді анықтауға мүмкіндік береді. Ал қалғандары – Сіздің мінезіңізге қосымша әр беретін бөліктер болып табылады. Ал соңғы фигура сіздің қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін адамның формасы. Егер сізді ешбір фигура тұтас қанағаттандырмайтын сияқты болса, онда сізді екі не үш формадан тұратын комбинациясы сипаттай алады.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма.
Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.
Үшбұрыш: Бұл лидерліктің символы, мақсатына бағытталу, дегеніне жету.
Жағымды жағы: лидер, билікке ұмтылыс, қайткен күнде жеңіске жету, проблеманың өзегіне үңілу, өзіне деген сенімділік, шешімге тез келе алу, сезімталдық, батылдық, өте белсенділік, тәуекелшілдік, жоғары еңбекқорлық, көңіл көтерудегі еркіндік, күшті саясатшы, тапқырлық, қарым-қатынаста көпшіл;
Жағымсыз жақтары: ең сенімді достары мен жақындары аз, қызбалық, атақ-даңққа бағыттылық, шыдамсыздық, өзінің мақсатына жеткенше басқаға көңіл аудармау, өз дегенінен қайтпау, қу, айлакер, өз дегеніне жетуде неге де бара алады, өзімшіл, мәртебе, мансапқа бағытталған, ұстамсыз, шыдамсыз.
Төртбұрыш: Өтпелі қалыптың символы. Өзгеру, басқа деңгейге ену, уақытша жағдай. Өзін-өзі түсіне бермеу, проблемадан қорқу…
Жағымды жағы: білуге құштарлық, барлық жаңаға жаны құмар, батыл, бейбітшіл, дау-дамайдан қашқақтайды;
Жағымсыз жағы: өзін төмен бағалау, өзгермелілік, тұрақсыздық, пікірін жиі өзгерткіштік, қозғыштық, өзіне сенбеу, аңқаулық, сенгіштік, қызбалық, көңіл-күйінің тез де жиі алмасуы, ұмытшақтық, заттарын жоғалтуға бейімділігі, ұқыпты емес, тиянақсыз, жаңа достар, өзгенің мінез-құлқына, қылығына еліктеу («рөлдерді өзіне өлшеу»), тез салқын тиіп ауырғыш, жарақаттанғыш, жол апатына түскіш. Төртбұрыштылық – бар болғаны стадия, өтпелі кезең екенін ескер!
Шеңбер: Мифологиялық тұрғыдан үйлесімділік (гармония) символы.
Құнды қасиеттері: адамдар, олардың жайы, жақсы қарым-қатынас орнату, қарым-қатынасты қажетсінуі өте жоғары, «желім» – отбасын, ұжымды біріктіргіш, ашық, өзгелерге қамқоршы, қолы ашық – мырза, өзгені түсіну, жақсы интуиция, байсалдылық, сенгіштік, өзгелерді иландыра алу, әділетсіздікке қарсы тұруда батылдық танытады, қоғамдық жұмысқа бейімділік, күн тізбегін еркін құрады, таныстары мен достары көп. Шеңбер – жақсы психолог!
Жағымсыз жағы: көбіне өзін кінәлі сезінушілік, меланхолияға берілгіштік, айналадағылардың пікіріне бағытталу, шешімге келе алмаушылық, саясаткерлігі төмен, көпсөзділік, әсерленгіш, сезімтал.
Ирек: Креативтілік, шығармашылық символы. Өзі де басқа фигуралар секілді жабық емес, ерекше формада.
Жағымды жағы: «оңжарты шарлы» – ойшыл, өзгеден ерекше, айрықша ойлау, шешім қабылдау, ортаның сүйіктісі, тапқыр, өзгерістерді қажетсінуі, креативтілік, білім құмарлық, жоғары интуиция, өзінің идеяларымен қанаттануы, арманшыл, болашаққа бағытталу, жаңалықтың барлығына деген оң көзқарас, қиялшыл, энтузиазм, еркіндік;
Жағымсыз жағы: өмірге аз бейімділік, импульсивтілік, көңіл-күйінің өзгермелілігі, мінезінің құбылмалылығы, ұстамсыздығы, экспрессивті (шындықты көзге айта салу), дара жұмыс істеуді ұнатуы, қағаз бастылықты ұнатпауы, айналысып жүрген ісі жаңа болудан қалса, аяғына дейін жеткізбей тастай салады, финанс жағынан салақтық.
2. «Ақ парақтың екі жағы» жаттығуы
Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Нұсқау: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке ҰБТ-ң жағымды жағын,екінші бөлікке ҰБТ-ң жағымсыз жағын жазу керек. Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.
3. «Менің мен ағашым» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының алға қойған мақсатына жетуге көмектесу, өзін-өзі бағалауын арттыру.
Нұсқау: Тақтаға ағаштың діңгегі салынған плакат ілінеді. Оқушыларға ағаштың бұтағы және тамыры мен гүлі салынған қағаздар таратылады. Тамырдың суреті салынған қағазға әр оқушы алда болатын ҰБТ-ға қойған мақсатын жазса, ағаштың бұтағы бейнеленген қағазға сол қойған мақсатқа жету жолын жазады. Ал гүлге тренинг соңында алған пікірлерімен бөлісіп, мәуелі ағашымызды жандандырады.
4. «Мейірімділік аясы» видеоролик
5. «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы
Мақсаты: Оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру.
«Аспанда сансыз көп жұлдыздар жарқырап сәуле шашып тұр. Айнала тып – тыныш, ешқандай сыбдыр естілмейді. Сенің жаның жайланып, бойыңды тылсым әсер күші биледі. Сен аспандағы жүлдыздарға жаймен назар сала көз тастадың. Осы жүлдыздардың ішінде ерекшеленіп, сәулесі қатты жарқыраған жұлдызды көрдің. Ол жұлдыз түнгі аспан әлемінің патшасы Айдың жанында тұр еді. Осы жұлдыз сенің жаныңа жақын әсер етті. Ерекшеленген жұлдызды таңдап, алақаныңа алып, оған ұзақ таңдана қарадың, ол гауһар тастай жалт – жұлт етіп өз сұлулығын көрсетті. Сен сол жұлдызға қарап, ішіңдегі бар тілегіңді, алға қойған мақсаттарыңды, орындалмаған армандарыңды, сырыңды айттың. Себебі ол сенің жұлдызың, саған жол көрсетуші және болашаққа жетелеушің».
Енді қағаз қаламдарыңызды алып сол жұлдыздың суретін салыңыз. Сіздің әрқайсыңыздың әдемі жұлдызыңыз сізге мейірімділік, достық өзара көмек қолдау сәулесін шашып турады. Енді жұлдыздарыңызды арман картасын жасап соған орналастырасыздар. Ар¬ман картасына ҰБТ-дан қанша балл жинайсыз, алдыңызға қандай мақсат қойдыңыз, соны жазасыз. Арман карталарыңыз өте әдемі болуы керек. Бұл арман картасы оқушыларда қалады.
ІІІ. Ойынды аяқтау
Психолог. Мінеки оқушылар сабағымыз аяқталып қалды . Алдарыңыздағы гүлге бүгінгі тренинг-сабақтан алған әсерлеріңізді, ұсыныстарыңызды жазып, тақтада ілініп тұрған ағашымызға жабыстырып, мәуелі ағашымызды жайқалтайық! Барлық оқушы өз-ой пікірін жазып, оны оқып жабыстырады.
Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.

Семей қаласы, «№ 13 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Педагог-психолог: Даниярова Арайлым Мырзабекқызы
Категория: Психология | Добавил: Arailym89
Просмотров: 532 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 5:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru