Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

Жылы жүрек, тәтті тіл берекені берер, біл. Ұжымға арналған тренинг
2014-12-31, 6:43 AM
Тренингтің тақырыбы: Жылы жүрек, тәтті тіл.Берекені берер, біл.
Тренингтің мақсаты:
Ұжымды ұйымшылдыққа, ынтымақ бірлікке шақыра отырып ізденімпаздықпен шығарашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
Жақсы көңіл-күй ортану

Тренингтің барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Алма тарату (топқа бөлу)
Амандасу рәсімі:
Алдымызда кезіккен
көп тансты көреміз
бәрінеде ізетпен
Қалай сәлем береміз?-деп тренингке қатысушыларға қасында тұрған адаммен амандасуын өтінемін
Міне сәлем сөздің анасы дейді қалқымыз. Қал- жағдайымызды амандығымызді біліскеннен кейін өзгелерден өзіңе қандай қарым- қатынас тілесең сенде оларға сондай қарым- қатынас жаса деген ниетпен «Жылы жүрек, тәтті тіл.Берекені берер, біл»- атты тренингімізді бастайық. эпиграфты оқу:
Жылы жүрек, тәтті тіл
Берекені берер, біл.
Ащы сөзді- өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл
Қатесін тапсаң, жұмсақ айт,
Ызаланбай, сабыр қыл.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
(Кіріспе бөлім)
“Бұл мүмкін емес”- деді Себеп
“Бұл ақылға симайды”- деді Тәжірибе
“Бұл бос әуре”- деп үзді Тәкәппарлық
”Істеп көр!”-деп сыбырлады арман...
II. Эффективті қарым-қатынас құру
Біз барлығымыз қарым- қатынас жасау үшін туғанбыз
1.Қарым-қатынас орнатуды үйренеміз.
Өмір сүру– қоршаған ортамен үнемі қарым – қатынаста болу.
2. Басқа адамдармен қарым-қатынас орнату өте маңызды:
Бір шешімге және түсіністікке келу
Кешіру және кешірімді болу
Өзара келісу және тіл табысу
Сұхбаттасып отырған адамның ойын тыңдап, оның проблемасын түсіне білу
Өз қателігіңді мойындап, кешірім сұрау.
3.Жылы қарым-қатынасты сақтай біл.
Сізге өз сөзінде тұра алатын, көмекке келетін, жарқын және жайдарлы, комплимент айта алатын адамдар ұнай ма?
Ал сен сол адамдарға осылай жауап бере аласың ба? Бұл өте оңай. Бәріміз бірігіп «Жағымды эмоциялар банк шотын» ашайық. Оны толтыру қиын емес: ол үшін күнделікті сенің жинағыңды азайтпай, көбейтетін іс жасау керек
III.Адамның бойындағы бар құндылық адамда бар заттан маңызды.
- Адамдардың өзара қарым-қатынастарының қысқаша курсы.
- Ең маңызды алты сөз:
- « Мені кешіріңіз, мен қателік жібергенімді мойындаймын»
- Ең маңызды бес сөз:
- «Сен өте маңызды жұмысты орындадың»
- Ең маңызды төрт сөз:
- «Ал сен қалай ойлайсың?»
- Ең маңызды үш сөз:
- «Егер сен қаласаң»
- Ең маңызды екі сөз:
- «Үлкен рахмет»
- Ең маңызды Бі р сөз:
- «Мархабат»
- Ең маңызды сөз:
- « »
- Маңыздылығы жоқ сөз:
Эффективті коммуникацияның дамуына арналған тапсырмалар.
Топтық жұмыс
- Сіздердің ойыңызша, бұл маңызды сөздер адамның қандай қасиеттері туралы айтады? Сіздер өмірде бұл сөздерді қаншалықты қолданасыз?
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
IVАдамдар көбіне өздеріне ұнайтын адамдармен араласады. Ал сізше?
Нұсқау:
Жекеше жұмыс:
1. Басқа адамдарда ұнайтын 3 қасиетін жазыңыз. Оларды
анықтауыш ретінде көрсетіңіз.
2. Сіздің ойыңызша осы адамға сай, ол істей алатын 2 істі жазыңыз. Оны етістік ретінде көрсетіңіз.
3. Нағыз іскер адамның бейнесін жазыңыз.
Тапсырманы орындауға 5-7мин.уақыт беріледі
Талқылайық! Неге адамдардағы дәл осы қасиеттері таң қалдырады? Осы қасиеттерді қаншалықты көп кездестіреміз? Мысалдар келтіріңіз. Біздің ұжымда ондай адамдар барма?
Маған мынадай адамдар ұнамайды... (жекеше жұмыс)
Нұсқау:
Осы тақырыпқа байланысты 50 сөзден тұратын шағын шығарма жаз.
Тұжырымдама (топтық жұмыс):
Тренингке қатысушылар пікір айтып ой бөліседі
 Достарың өз жауыңа айналмайтындай етіп адамдармен өмір сүр.
Ұсыныс:Адамдарды өзіңе қалай қаратып және сеніміне кіруге болады. Сынақтан өткен жеті заңдылық.
1.Егер сен қызықты адам болсаң: спортпен шұғылданып, гитарада ойнасаң – онда кез келген ұжымда қалаулы боласың.
2.Мейірімді және жайдарлы бол – дәл осындай адамдарға басқа адамдар магнит сияқты тартылады.
3.Адамға алғашқы қадамды өзің жаса, бірінші болып сөйлес, осымен сен өзіңе достық қарым-қатынасқа жол ашасың.
4.Әзілдесе біл – сол кезде кез-келген жерде өзіңді жайлы сезінесін.
5.Құлақтың құрышын қандыра біл: жиі комплимент, жақсы сөздер айт.
6.Өз тыңдаушыңды тыңдап, түсіне біл, оның сезімін бірге бөлісіп, проблемасын шешуге көмектес.
7.Көбірек сыйлық жаса, кішкене заттар, ақшаға алынатын болмаса да, көңілге жайлы болсын.
V. Бір-бірімізге қошемет айтайық
- Қошеметті қабылдау және жасай білу өте маңызды. Ол құлаққа жағымды және шынайы ниетпен айтылу керек. Адамға айтылған комплименттен ол өз-өзін ыңғайсыз сезінбеу керек. Комплимент айта келе, адамның киіміне деген өз таңырқаушылығын, әдемі дауысын, көзіңнің өткірлігін нақтылай кетуге болады.
- Қошеметті қабылдаған адам оған дұрыс қарап, жауап ретінде алғысын білдіру керек.
Тапсырма:
1. Қарсы отырған адамға қошемет айтыңыз
2.Мына сөздердің мағынасын түсіндір:
«Ерлер көзімен көргенді, әйелдер құлағымен естігенді ұнатады»
3.Мына айтылған пікірмен келісесің бе?
«Біз көбіне өзіміз қорқатын немесе тәуелді болатындарға жағымсынамыз?»
Тұжырымдама: Адам бойындағы қасиеттер, тұқым қуалап, өзгеріп,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өмірдегі қарым-қатынасты физикалық заңдар тұрғысынан зерттейді, оның түрлі үрдістерге ықпал етуін бақылайды.
Өмірдегі қарым- қатынас адамзат қоғамдастығының
Тіршілігі мен дамуы- ол тарих деп көрсетеді.
VI. «Мнемотехника»
Ойын ережеллері:
• Белсенді қатысу
• Тыныштық сақтау
• Бір-бірін сынамау
• Ынтымақтастық
Есте сақтау қабілетіңіз қалай?
(әр бір адам осы сөздермен сөйлем құрастырады, келесі адам соны бұзбай қайталайды)
• жұбай, лампа,
• директор, қалам, сағат,
• фотосурет,өзен, аға,
• күн, қабырға
Адамның үш бейнесі (аңыз)
VII. Рефлексия
- Бүгінгі отырыс несімен ұнады?
- Қандай әсер алдыңыз?
- тілек-ұсынысыңызды айтсаңыз...
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіндісі:
- Өтірікте , шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында
- Дене дерті өзіңді, мінез дерті басқаны қинайды
- Жұмыла көтерген жүк жеңіл
- Сөз де-кілт, көңіл құлпын ашады- деп бүгінгі отырысымызды аяқтауға рухсат етіңіздер
Қош сау болыңыздар!
Категория: Психология | Добавил: Самал9397
Просмотров: 3787 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 6:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru