Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

«Салтын сүйген-халқын сүйер»
[ Скачать с сервера (25.2 Kb) ] 2015-01-14, 9:41 AM
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Имантау орта мектебі.
Есболова Гүлсім Ахметқызы
Психолог
Өзін өзі тану мұғалімі

Сыныптан тыс сайыс сабағының тақырыбы: «Салтын сүйген-халқын сүйер» .
мақсаты:
І. Білімділік
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз
мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту.
ІІ. Дамытушылық
Қазақ халқының тілге шешен, сөзге тапқырлығын аңғарта отырып, оқушы бойына сөз өнері-
нің дәмін себу сол арқылы оқушының көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру
ІІІ Тәрбиелік
Ұлттық құндылықтар – дәстүрлерімізден қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып,
оқушыларды рухани құндылықты қадірлеуге, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу;
Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт-дәстүрлерімізді саф күйінде келер ұрпақ
қа жеткізуге жетелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мақал-мәтел,топпен жұмыс шығармашылық т.б;
көрнекілігі: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер,шарлар,гүлдер,асық,презентация.
Сабақтың барысы:
Ән-әуен ойнап тұрады.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар,оқушылар!
- Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында ұйым-
дастырып отырған «Салтын сүйген-халқын сүйер» атты сайыс сабағына қош келіпсіздер!
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт – дәс-
түріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Қазақ халқының әрбір
тұжырымды ойы, мақал-мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделік-
ті өмірде қажеттілігін ұғыну. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастер-
леп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышы-
мыз деуге болады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әр жас ұрпақ болашақта хал-
қы сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің,салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімді-
мін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Сайысты бастамас бұрын талапкерлердің ойынына әділ бағасын беретін сарапшылар сайлап
алайық.
Сарапшылар сайланады.
Мұғалім: Сайысты келе бірінші болып бастайтынын анықтау үшін асық иіреміз. Кімнің асығы
алшысынан түссе, ойынды сол бастайды. Ол үшін әр топтың жетекшілері асықтың түсін таңдаң-
ыздар.
Асық иіреді.
Ән - әуен ойнауы Тақтада тақырып шығады.
1-бөлім:Таныстыру
2-бөлім; «Сөз мәйегі-мақал» бөлімі
3-бөлім Салтын сүйген-халқын сүйер,Сұрақ жауап
4-бөлім Кім тапқыр
5-бөлім.Сандар сыр шертеді.7,5,3санына байланысты сұрақтар
6.Бейне-сурет.
Көрсетілген дәстүрді табу
7.Тыйым сөздер.5-сөзден айту
8. Бата-тілек айту
9.Қонақтардан сұрақ
1-бөлім.Таныстыру.Топ басшылары ортаға шығып,тобының атын және не себепті солай атаға-
нын таныстыру
- Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаушы топтарымыз өздерін таныстырып өтсін.
Екі топ өздерін таныстырады.
1-топ: Біз тобымызды «Аманат» деп атадық. Себебі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы
бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған. Аманатқа
қиянат жасамай, келер ұрпаққа жеткізу-біздің басты парызымыз.

2-топ: Ал біздер тобымызға «Қырандар» деп ат қойдық. Қыран-бұл алып құс өте күшті,биікке сам
ғап ұшқанда қанаты талмайды.Биік шыңға ұя салады.Елтаңбамызда да қыран құс бейнеленген.
Біздің алар асуымыз қырандай күштіде,биік болсын!-деген мақсатпен «Қыран»-тобы атадық
2-бөлім «Сөз мәйегі-мақал»
Мұғалім: Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай, тілге шешен, тапқыр халық.
Олар өздерінің дәстүрлеріне деген құрметті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мақал-мәтелге
сыйғызған. Ойынымыздың екінші кезеңі «Сөз мәйегі-мақал» бөлімін бастаймыз.
Бұл бөлімде Топтар салт-дәстүрге арналған мақал-мәтелдердің ізін жалғастырады
Слайд:
1. Алты жасар бала алыстан келсе,- .............................
2. Ант бұзған оңбайды, .... ... сорлайды
3. Саналы ел........ сақтар
4. Алты жыл аш болсаң да, ...........
5.Салтын сүйген- ...........
6.Әке көрген оқ жанар, ................
7.Құтты қонақ келсе, ........
8.Үйіңе келгенге , үйдей ........
9.Әдептіліктің белгісі, ............
10.Кең болсаң, ...................
3-бөлім.Салтын сүйген-халықын сүйер.Сұрақ-жауап
Мұғалім:Ендеше келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік.
Ән-әуен ойнайды.Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі , оқушылар қай
салт-дәстүрлер екенін табады.
6-бөлім «Бейне сұрақ»
Мұғалім: Бұл бөлімде арнайы дайындалған слайдта сұрақтары бар. Бірінші сұрақ
бірінші болып бастайтын топқа арналады.
1-сұрақ.Суретте қандай ұлттық дәстүр бейнеленген
2-сұрақ. Дәстүрлі ұлттық-ойынды атаңыз
3-сұрақ.Ұлттық кәсіп
4-сұрақ.Қандай салт-дәстүр
7-бөлім.Тыйым сөздер:2-топ 5-сөзден айту керек
8-бөлім. Тобымызға келген қонақтарға сөз берейік
1-сұрақ Ерулік дегеніміз не?
Жауабы: Ерулік (салт)
Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге
«ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл-жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына
тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. .
Міне, кең ойлап, терең ойлайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.
2-сұрақ. Тәбәрік дегеніміз не?
Жауабы: Тәбәрік (дәстүр)
Біреу ойын-тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт-дәстүрде кәде болса, одан
жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт одан «Тәбәрік бер» деп сұрап
салады. Олжалы адам әдет бойынша тәбәрік беруге міндетті. Бермеуі ұят. Сараңдық,
дәстүр сыйламағандық деп есептеледі.
9-бөлім. бата,тілек айту
Категория: Психология | Добавил: Ахметовна7748
Просмотров: 1584 | Загрузок: 28 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 4:45 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru