Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Психология

Ұлттық тағылым мен психология ғылымының бірізділігі
2016-10-31, 9:02 AM
Рахмжанова Жанна Кунмухаметкызы, психолог, №25 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы
Ұлттық тағылым мен психология ғылымының бірізділігі
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастың саладағы алтын өзегі – әдеп. «Әдеп» сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдениетін ұғындырады. Әдеп – ұлттық тағылымның алтын арқауы, тәлімдік кредосы.
Халықтық тағлымның қайнар бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттық ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі.
М.Жұмабаев бала тәрбиесінде ұлттық психологияны қалыптастыру, халықтық педагогиканың негізінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізу қажетін басты назарда ұстау керек екенін айтады.
"Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі", – деп үлкен тұжырым жасайды.
Халықтық игі мәдени дәстүрлері ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көрінісітері. Халықтық тағлым – ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр – қолданылмалы іс-әрекет.
Халықтық тағлымдағы салт-дәстүрлердің ұлттық санасы сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталады. Ұлттық санаға сіңіп қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышын өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрдің салт-санасы әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
Қазақтың халық тағлымдары баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендік сөздерді пайдаланады. «Білікті бірді жығады, білмді мыңды жығады», «Кітап – білім бұлағы», «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деп, халық мақал-мәтелдер арқылы ғылым білімді зерттеп, ақыл-ойдың негізі пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.
Халық баланың ойлау жүйесін дамыту үшін санамақтар мен жұмбақтарды пайдаланады, түрлі аңыз әңгімелер мен ертегілерді үлгі-өнеге етеді, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
Категория: Психология | Добавил: 1962
Просмотров: 672 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 3:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru