Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА

Қыздарға әсемдік жарасады. Шығармашылық-зерттеу жобасы
2014-01-30, 11:06 AM
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Ростовка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Аманжолова Шынар Қонақбайқызы
Тақырыптың өзектілігі
Мақсаты:
 Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екнін ұғындыру.
 Әдептілікке, сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

 Қыздарды әдептілікке, әдемділікке, инабаттылыққа,
сыпайлыққа.
 Ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге.
 Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер
Ата-анаға сөз келтірмейтін қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп,үлкеннен өнеге алып,
ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын инабалы,
инабатты, білімді қазақ қызына лайық болу.




Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Ата бабамыздың тәрбиесі
3.1 Қазақтың қызы деген- ғажап атқа
3.2 Сәндік құпиялары
3.3 Қазақ қыздарына арналған мақал-мәтелдер,
өлеңдер
4. Қазіргі қыздар
5. Қорытынды
6. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен Кошекова Аружан, Нурпеисова Қарақат, Әділ Ұлдана.
Біздің жобамыздың тақырыбы «Қыздарға әсемдік жарасады»
Мәселе
-Қос бұрымды белден асатын, шашпаулары сыңғырлаған, қос етекті бүрмелікөйлекті қыздар қазір бар ма?
-Салт-дәстүрімізді бойына сіңірген әдет ғұрпымыз қылығынан байқалатын қыздарды кездестіріп жүрміз бе?
-Қазіргі қыздар қандай болып бара жатыр?
Осы сұрақтарға жауап іздеп бүгінгі қазақ қыздарына әсемдік жарасады екенін дәләлдегіміз келеді.
-Болашақ қайда бастап барады?
-Кім оларға ақыл айтып, жол көрсетеді?
- Жаныма қатты бататыны, қазақ қыздары халқымызды енді несімен қайран қалдырады?

Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді.
Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі.
Адамзат өз баласын өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, инабатты, үлгілі әке немесе шеше. Бақытты ата, әже ретінде көргісі келеді. Сол арман, сондай тұлға әр адамның бойында қалыптасқан.
«Отан-отбасынан басталады» дейміз. Отанымызда да, отбасымыздың да алтын босағасы-әйел адам. Әйел адамның табиғи қадірін, адамзат өміріндегі үлкен орнын көрсетеді. Өйткені адамды дүниеге келтіруші де, тәрбиелеуші де әйел-ана.
Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болатындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болған.Әрбір отбасында «Баланы бастан.....» деп басталатын тәрбие қандай тағылым, десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұстастырған.


Ата бабамыздың тәрбиесі

Ертеде ата-бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған.
Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызыболуын үнемі қадағалап отырған және еркінұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.
«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әр бір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Халқымыз ертеден қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Ертеде аналарымыз отбасы ошақ қасында, балаларының тәрбиесіне,
ерінің қабағына қарап, сол үйдің түтін тұтатып отырған. Сол аналарымыздың арқасында еліміз ел болып, тәуелсіздігіміз тұғырына қонып, бүгінгідей ұрпақ-
тың яғни қазақ халқының жер бетінде өмір сүріп жатқандығы деп білеміз. Бұрындары әкенің қабағына қарап сөйлейтін қыз. Қазақта «әкенің сөзі-оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз-ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің әсем-сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, тесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына үйреткен.

Бабалары қыздарын қадірлеген
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
Бұрынғы қазақ қыздары қандай еді? Әжелеріміз өзінің жас кезіндегі кейпін
қалай сипаттап берер екен. Ендеше ата-әжелеріміздің балалық шағын кезіне саяхат жасап көрсек.
(Аружанның әжесі интервью видео)







Қазақтың қызы деген- ғажап атқа
Жер анаға не жарасады? Ұлан байтақ кең даламыз қазіргі көктемде құлпырып келеді, бейне бір жасыл кілем жайып қойғандай. Сайран бұлбұл құстардың дауысы, сарқырап, сылдырлаған аққан ақ бұлақтың дауысы,қызылды-жасылды ұшқан көбелектер, асқар таудың басында жатқан ақ қарлар, қалың ну орманымыз осының бәрі жер ананың әсемдігі емес
пе.
Сол сияқты біздің қазақ қыздарына ұзын қара шаштары
белден асқан, ұшып келе жатқан қарлығашқа ұқсаған қиылған қара қастары, қарақаттай қара-мөлдір көздері, ақ құба қызылшырайлы келген жымиған оймақ ауыздары әсемдік береді.
-Қыздарға әсемдік не береді?
Олар болашақ ана ғой, анаға қарап қыз өседі деген.
Оларға тән сұлулығымен шектеліп қоймай жан сұлулығыде әсемдік береді. Адамгершілік, сыпайлық салт-дәстүрді сақтай білгенде ару қыздарымызға әсемдік, сұлулық береді.
Бұрын қазақ қыздарының шаш өруі,әдемілігі бүкіл әлемге әйгі болған.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
-деп Абай атамыз жырлағандай.
Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік деп білген. Қызды көктемнің гүліне, күлімдеген күніне теңеген.
Қызды сән мен әсемділіктің нышаны тұтқан.
Қыз әсемдік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезі мен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, иманды, инабаттылығымен сыйлы.
Қыздар пәк махаббатың иесі деп білген, оған дәлел-
Қыз Жібек, Еңлік-кебек, Баян сұлу

Құдіретті жыр тудырған санамда,
Кім екен бұл, Қыз Жібек пе, Баян ба,
Әлде ару Қарлыға ма, Құртқа ма,
Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда?!
Кім де болса періште ғой ғажайып
Әттен шіркін кетпесе екен азайып.....

Сәндік құпиялары
Шаш-адамның, әсіресе әйелдің көркі. Жастықтың өзі сұлулықтың, нәзіктіктің белгісі. Бұрын, Шығыс қыздарының шаш өсіруі, әдемілігі бүкіл әлемге әйгілі
болған. Абай арудың сұлулығын былай суреттеген:
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Әрине ,әдемі шаш өсіруде оңай емес, шашты жақсы өсіру үшін оны жиі жуып,
тарап, күту қажет.

Шаш күтімі туралы кеңестер:
1.Жұмыртқаның сарысын әбден көпіргенше араластырып, оған аз ғана өсімдік майын қосып, шашты жуады. Мұнан кейін шаш талшықтары жалтырай түседі.

2.Шашты бір рюмка ром құйып шайса, шаш кереметтей жарқырайды.

3.Егер шаш жиі түсетін болса, жуар алдында 15-20 минутке сарымсақ шырынын шаштың түбіне жағу керек.

4.Өте құрғақ және сезімтал шашты ашыған айранмен жуу керек.


Қазақ қыздарына арналған мақал-мәтелдер

 Ақылды қыз-ауыл көркі.

 Алқатсаң алқат қызынды
Атқар ол дәм-тұзынды.

 Апасы киген сәукелені сіңлісі де киеді.

 Арпа берсең атқа бер, қатыр-құтыр шайнайсың,
Қызды берсең жасқа бер құшақтасып ойнайсың.
 Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

 Асылдарға ой керек,
Бозбалаға той керек,
Сұлу қызға бой керек. (Шернияз)

 Ән сазымен, қыз назымен.

 Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

 Бір қыздың кесірі қырық есекке жүк.

 Жақсы қыздың жасауын
Жақын-жаран жасайды.
Жаман қыздың жасауын
Сұрақ-тілек жасайды.



Әйелдер мен қыздарға қатысты
тыйымдар мен ырымдар

1.Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті
орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.

2.Қыздар мен әйелдер үлкен адамдардың жолын, алдын кесіп өтсе бақытсыз жағдайға ұшырайды.

3.Кір жуған суды жолға, аяқ астына төгуге болмайды.
Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.

4.Қыз балаға аяғын созып, көселіп отыруға болмайды.

5.Қыз балаға ер адамның жүзіне тіке қарауға болмайды.
Көз қиығымен қарау дұрыс болады.

6. Қыз балаға қатты дауыстап сөйлеуге, күлуге болмайды.

7.Төркініне келген қыз төрде отырса төркіні байиды.


Қазіргі қыздар
Алайда бүгінгі таңда көптеген ата-аналарға қарап отырып, жағаңды ұстайсың.
Қыздарының белі бесіктен шықтай жатып,ашық-шашық киіндіріп сән құдырып, мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ сәнқой болып шыға келеді.
-Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ? Дегенмен көптеген қыздар өзде-ріне сән етіп, осы кіндік тұсын ашып жүруді сәнге айналдырған. Сонымен қатар арақ ішіп, темекі тартуы-бұл үлкен қасірет.
-Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап өздеріне үлгі етер күн қашан туады екен?
-Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?
Мәдениеттің бәрі киімнен басталады десек, айтарымызды сәнге бұрсақ. Заманның сұранысы деп бір кездері шетелден сан түрлі сәнді киімдер жетсе, ішінде ұлтты аздыруға әрісі ұрпақсыз қалдыруға киім үлгілері бірге келеді. Белді жоқ
шалбар, қысқа юбка, бір қарыс кофта.
-Бұл дегенің біреулерге байлықтың астында қалуға мүмкіндік берген шығар, ал бізге ше?
Ағамыздың алдында мазақ, жұрттың алдында күлкі, ана мен әкені жерге қаратқаннан басқа қайраны болмады.
- Жалаңаш денемен біз кімді таңғалдырмақпыз?
-Ашық жеңсіз жейделер мен қысқа юбкалар қыздардың абыройын қалай сақтамақ?

Қазіргі қыздар, бұрымды шашын жұлынды шашқа айналдырған.
Қиылған қара қастары көріксіз күйге енген.
Қаракөздеріміз қысқа юбка, денеге жабысынқы
киімді жігіттерге ұнап, әдемі көріну үшін киеді.

-Ал жігіттерге сондай қыздар ұнайды ма?
Оны өздерінен сұрап көрейік.
(видео 1 )
-Жігіт ретінде сондай қызға қарайсың ба?
(видео 2)

Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та
Ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздар көп.

Біздің мектептегі белден асқан ұзын қара шашты қыздар
1. Нұрмағамбетова Асел -7сынып
2. Ерболат Бәтима- 7сынып
3. Хавкей Еркегүл-9сынып
4. Қойшыбаева Анель-9сынып
5. Тілеухан Маржан-10сынып
6. Жакенова Арайлым-8сынып
7. Халидолда Жібек-9сынып
8. Өмірбек Жарқынгүл-10сынып
9. Базарбек Айдана-9сынып


Қорытынды

Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздері ананың есінде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып
қараса екен деп армандаймын.
Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін.
Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяндық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүру.

Гүл өссе жердің көркі
Қыз өссе елдің көркі
дегендей қазақ қызы деген атқа лайық
Ата-анаға сөз келтірмейтін,
ұлттық дәстүрімізді құрметтеген,
инабатты, ибалы, білімді болып өсейік!


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Г.Ақшапбаева «Қазақ баласын қалай тәрбиелеген» 2008ж.
2.А. Бибиолова «Жас ұрпақ» 2011ж.
3.Н. Жұмабаева «Қыздарға өнегелі ақыл беру жолдары»2010ж.
4. «Қазақстан әйелдері» журнал №7- 2013ж.
5. «Бала тәрбиесі» журнал №12-2011ж.
6. «Қыздар әлемі» журнал №9-2013ж.
7. Балалар хрестоматиясы 2000ж.
8. Алматы «Өнер» кітап 1996ж.
Категория: ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА | Добавил: shynar
Просмотров: 8051 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 12:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru