Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » Наши презентации

Арифметикалық амалдардың қасиеттері
[ · Скачать удаленно (3,16 MB) ] 2014-08-28, 1:53 PM
Абишева Айман Жылкайдаровна
Учитель начальных классов СОШ им.У.Сахипова
Жанибекского района ЗКО

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көбейтудің ауыстырымдылық
және терімділік, үлестірімділік қасиеттері туралы
білімдерін пысықтау.
Есептер шығару, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ұйымшылдыққа, татулыққа, үлкенді сыйлай
білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап.
Түрі: өткенді пысықтау, сайыс сабақ.
Көрнекілігі:

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

1) Сынып оқушыларымен сәлемдесу
2) Психологиялық дайындық
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Сабаққа дайындығымыз қалай?
- Көңіл күйлеріміз жақсы ма?
3) Оқушыларды 2 топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлуге мысалдар берілген.
№6 тапсырманың 1, 3-бағандары бойынша көбейтінділер бөлінділердің
мәндерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Қызығушылықты ояту
«Ойлан тап» /өрнектерді мәндерімен сәйкестендір/
М – 412 * 2 4
А – 420 : 10 824
Р – 15 * 0 97
А – 55 + 42 10
Д – 21 * 3 63
А – 84 : 21 420
Л – 39 – 29 0
/Шешуі: Амалдар/
- Біз қандай амалдарды білетін едік?.
- Көбейту, бөлу, қосу, азайту амалдарын арифметикалық амалдар деп
атаймыз. (топтастыру)

қосу азайту


бөлу көбейту


2) Мағынаны тану
Бүгінгі сабағымыз арифметикалық амалдардың қасиеттері деп аталады. (дәптерге күннің жадын, тақырыпты жазып алу)
Арифметикалық амалдардың бірі көбейту амалының қасиетін еске түсіреміз.

№1. Тіктөртбұрыштың ауданын, қораптың көлемін есепте.
/Тіктөртбұрыштың ауданын және тікбұрышты параллелепипедтің
көлемін табу формуласын еске түсіреді /

а) 10 см S=10 см * 7 см = 70 см2
7 см * 10 см = 70 см2
7 см


- Бұл көбейтудің қандай қасиеті?
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.


ә) (6 см + 4 см) * 3 см = 30 см2
3 см 6 см * 3 см + 4 см * 3 см = 30 см2

6 см 4 см

б)
(9 см * 5 см) * 2 см = 9 см * (5 см* 2 см) = 90 см3
2 см

9 см

5 см

Білімді бекіту
Басынан қар кетпейтін , көркіне көз тоймайтын асқар таулардың табиғаты
кімді де болса тамсандырмай қоймайтыны анық.
- Елімізде қандай таулар барын білесіңдер?
- Таудың биік жоталарына шыққыларың келе ме?

№2. тапсырма. «Баспалдақ» ойыны түрінде орындалады. (2 топтан
2 оқушы шығады)
1-топқа 2-топқа
(190 * 5) * 2 =1900 (332 * 4) * 5=6640
5 * (630 * 4) =12600 200 * (96 * 5)=96000
(7250 * 2) * 5 =72500 (625 * 200) * 5=625000
(639 * 4) * 5=12780 (103 * 50) * 4=20600

- Тауда қандай жануарлар мекендейді?
- Бөктерінде қабан, сілеусін, қоңыр аю, елік биік тау басында арқар, таутеке, ілбіс сияқты аңдар мекендейді.
- Жаңа ғана бізге электрондық поштамен хат келіп тұр екен. Сол хатты
ашып, оқимыз ба?
Егер мына тапсырманы / № 3 а) / дұрыс орындасақ бұл хатты ашып оқу мүмкіндігіне ие боламыз.

1 тартпа - 6 батоннан 2 қатар
14 тартпа -? батон
Шешуі: 1-тәсіл (6 * 2 ) * 14 = 12 * 14 = 168
2-тәсіл 6 * ( 2 * 14 ) = 6 * 28 = 168
Жауабы: 168 батон сияды.

Хатты ашып оқимыз (1 оқушы оқиды.)
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын, маған сендердің көмектерің қажет..
Көктем келетін мезгіл жақын. Бірақ, көктемнің белгілері әлі байқалмайды. Көмектесіңдерші, балалар!

- Бұл хат кішкентай қонжықтан келген екен.
- Көмектесеміз бе қонжыққа?

№4. Салыстыр. (арифметикалық амалдардың қасиетіне сүйене отырып,
есептемей-ақ салыстырамыз)
/Тапсырманы дұрыс орындау арқылы көктем белгілерін орналастыру/

7860 * 15000 = 1500 * 7860 (күн ұзарды)
5879 * ( 2 * 500) > 5879 * 800 (қар еріді)
(2368 * 5) * 4 < 2368 * (5 * 5) (құстар келе бастады)
3489 + 700586 < 700586 + 3490 (ағаштар бүршік атты)
(689 + 3689) * 150 = 689 * 150 + 3689 * 150 (Бәйшешек гүлдеді)

Қонжықтар аналарымен бірге серуенге шығыпты. Сіздерге ризашылығын білдіруде. Біздер де серуенге шығып, сергіп алайық,

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

№8 тапсырма «Гүл теру» ойыны арқылы орындалады (эстафета)
Гүл сабағында жазылған өрнектердің мәндерін табу арқылы гүлдерді
үзіп алады.

138 276 : 46 = 3006 738 123 : 123= 6001
55 590 : 545= 102 305 584 : 142= 2152
458 687 : 229 =2003 215 292 : 132= 1631

ІV Қорытындылау
«Бәйге» Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға жауап береді.
1-топ
1. Көбейту амалының компаненттерін ата.
2. Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білесің?
3. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?
4. Көбейту амалының қасиеттерін ата.
5. Ұзындығы 24 см, ені 10 см тіктөртбұрыштың ауданы қанша болады?

2-топ
1. Қосу амалының компаненттерін ата.
2. Шаршының қандай қасиетін білесің?
3. Фигураның периметрі деген не?
4. Параллелепипедтің көлемін табу үшін көбейтудің қандай қасиетін
пайдалануға болады?
5. Ұзындығы 12 см, ауданы 24 см2 болатын тік төртбұрыштың ені қанша
болады?

Бағалау
Әр топ өз мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма: № 5, 6
Категория: Наши презентации | Добавил: Sekosha72
Просмотров: 4310 | Загрузок: 360 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

В помощь учителю [9481]
Книги, разработки уроков и классных мероприятий.
Журнал "Творческая педагогика" [319]
Научно-методический журнал ТВОРЧЕСКАЯ ПЕДАГОГИКА Издается с 1999г
Комсомол [0]
Воспоминания комсомольцев Как молоды мы были, как искренне любили, как верили в себя!
Любознательному учителю [208]
Полезные программки [50]
Здесь - старые еще dos-е, но очень полезные программки, которые вполне могут пригодиться учителю.
ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ [53]
ШКОЛЬНАЯ ПРАКТИКА [144]
Общественный фонд Бота [4]
Наш музыкальный зал [103]
Наши презентации [442]
Уважаемые учителя! В эту категорию Вы можете заслать интересные презентации своих уроков, классных часов, внешкольных мероприятий.
Пьесы для школьного театра [18]
Художественная литература [36]
Наш видеозал [30]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru