Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Сапалы білім-мектеп жетістігінің кепілі
[ Скачать с сервера (22.2 Kb) ] 2018-02-05, 7:09 PM
Сапалы білім-мектеп жетістігінің кепілі
«Білім – инемен құдық қазғандай» деген халық нақылының тамыры терең, танымы мол ұғым екені даусыз. Өйткені, жас ұрпақты сапалы білім нәрімен сусындату ұстаздардан ерекше ынта мен ықыласты, сабыр мен саналы еңбекті талап етеді. Осынау киелі шаңырақтың жаны да, ары да – мұғалім. Өнегелі ұстаздан өрелі шәкірт шығатыны белгілі.
Атқарылған жұмыстарды саралап, жаңа оқу жылында ұстанатын бағыт-бағдарды айқындайтын, мұғалiмдердiң өткезген сабақтарының тиімді әдіс- тәсілдерінен тәжірибе алмасу мақсатында «Сапалы білім – мектеп жетістігінің кепілі» атты педагогикалық кеңес болып өтті. Мақсаты: мектептегі сапалы білімге кол жеткізудің жолдарын анықтау және оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасау. Алғашқы болып сөз сөйлеген мектеп директорының орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі, осы пед.кеңеске жауапты Е.Н.Плотникова аталған тақырыпқа байланысты өз баяндамасында сапалы білім мен саналы тәрбие берудің жолдарын атап көрсетті. Сөз барысында мектеп бойынша білім берудің деңгейі бірқалыпты емес екендігі сөз болып, жекелеген пәндер бойынша ауытқулардың болатындығы ескертіліп, білім берудің озық әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, жай қарапайым дәстүрлі сабақтан гөрі дәстүрлі емес сабақтардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екендігі тілге тиек етілді.
Өзара тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыс барысында озат әдістерді кеңінен қолдану мақсатында әдістемелік бірлестіктерден тұратын алты топ өздеріне берілген тақырыпта баяндамалар тыңдалып, оған қоса сабақтан үзінді бейнероликтер көрсетілді. «ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ІІІ деңгейін» аяқтап келген мектеп ұстаздары: бастауыш сынып мұғалімі Б.С. Муратова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж. Жолдасқалиева, химия пәні мұғалімі Ж.Б.Абуова, математика пәнінің мұғалімі И.Н. Скрынник білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуды бағалау мен оқуды бағалау түрлерімен таныстыру, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім берудегі басқару және көшбасшылық т.б. модульдер бойынша түсінік беріліп, сол арқылы білім саласында болып жатқан өзгерістерден хабардар етті.«Бастауыш сыныптарда жетістікке қол жеткізудің тиімді жолдары» тақырыбында Ж.Ш. Мұсағалиеваның, « АҚТ-білім сапасын арттырудың кепілі»тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Р.Рысқалиеваның, аталған тақырып бойынша ағылшын тілінің мұғалімі Г.Ш.Губашеваның, «Мектептегі денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.Ұ.Дущановтың баяндамалары тыңдалды.
Ұстаздарға серпін сыйлаған кеңес соңында игі істеріміз мол болып, жаңаша ізденістеріміз ілгерілей берсе екен деген тілекпен ұлы ғұлама А. Байтұрсыновтың мына бір сөзі ұстаздар қауымына үлкен ой салды «Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы»
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған ЖОББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рысқалиева Қымбат Рысқалиқызы
Категория: Педагогика | Добавил: К2 | Теги: «Білім – инемен құдық қазғандай». Ө
Просмотров: 517 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 7:31 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru