Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Экологиялық көліктер
2014-06-21, 10:28 PM
БОЛАШАҚТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕРІ

Абызбекова Г.М. қауымдастырылған профессор м. а.

Автокөліктер – экологияның ең өзекті проблемаларының бірі. Барлық көліктер түрлерінен келетін зиянның 90% автокөліктерге жатады. Түтін газдары ауаны белсенді ластап, өсімдіктерге де, жануарларға да, адамдарға да зиянды. Сонымен қатар, Жердің озон қабаты да жұқарып келеді. Бұл әлемдік проблемалар өте өзекті және қайтымсыз [1, 34-37 с.]
Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жариялаған түбегейлі құжат Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2050 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындап берген «Қазақстан-2050. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауы болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясында:
 көлік өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз болуы тиіс;
 Жоғары техногендік және экологиялық қауіптілік көзі ретіндегі көліктің әсері ең аз шамаға жеткізілуі тиіс;
 Көлік оқиғаларының саны мен ауырлығын және көліктің халық денсаулығы мен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыру көлік жүйесін дамытудың саяси басымдықтарының бірі болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын.
Әлемдік автоиндустриядағы қазіргі басты бағыттардың бірі - экологиялық таза көліктер шығару болып тұр. Оның түрлі жолдары бар. Еуропа арнайы стандарттар (Еуро-3, Еуро-4) белгілеп жатса, үздік көлік шығарушы компаниялар жанар-жағармайдың экологиялық таза түрлеріне (спирт, табиғи газ) көшуде. Күн сәулесінен қуат алатын, электр тоғы арқылы жүретін көліктермен қатар, бензинді тұтынса да, жоғары сапалы нейтрализаторы болғандықтан, ауаға тым аз мөлшерде зиянды қалдықтар бөлетін автомобильдер де шығарылып жатыр. Жалпы, әлемдік автоөндірістегі экологиялық бағыт негізгілердің бірі болып табылғанымен, Қазақстанды былай қойғанда, батыстың өзінде де өте жай дамуда.
Автоөндірісте экологиялық бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр. Қандай көліктер шығарылуда?.. Шетелдерде жыл сайын америкалық энергия үнемдеу экономикасы жөніндегі кеңес экологиялық таза көліктердің үздіктерін анықтап отырады. Соңғы шығарылған тізім бойынша ең таза көліктер көшін Honda Cіvіc GX көлігі бастап тұр. Атап өту керек, бұл көлік маркасы соңғы он жыл ішінде бұл рейтингтегі тұғырды бермей келеді. Мамандардың айтуынша, Honda Cіvіc GX табиғи газбен қозғалады. Алғаш 1998 жылы шыққан болса, сол уақыттан бері сарапшылар экологиялық таза көлік ретінде дәл осы көлік маркасын ұсынып келеді екен. Екінші орында – Toyota Prіus көлігі. Toyota Prіus гибрид машиналар тобына жатады. Бұл көліктің басты артықшылығы - зарядталған батареялар арқылы, яғни электр энергиясы арқылы қозғалысқа түседі. Ал батарея шамасы азайған кезде, екінші отын түрі бар. Ол - кәдімгі бензин, алайда 100 шақырым жолға бар болғаны - 2,82 литр бензин жейтін көліктің атмосфераға бөлетін зиянды қалдығы да өте аз болады ғой. Халықаралық сарапшылардың Toyota Prіus-ке үздік екінші орынды беруінің де сыры осында жатыр. Келесі орындарды төмендегі тізімде көрсетілген көлік маркалары иеленіпті:
3. Honda Cіvіc Hybrіd
4. Smart Fortwo Convertіble, Coupe
5. Honda Іnsіght
6. Ford Fusіon Hybrіd, Mercury Mіlan Hybrіd
7. Toyota Yarіs
8. Nіssan Altіma Hybrіd
9. Mіnі Cooper
10. Chevrolet Cobalt Xfe, Pontіac G5 Xfe
11. Hyundaі Accent Blue
12. Honda Fіt.
Бұл жерде үздік 12-ліктің ішінде үш бірдей Хонда көлігінің барын ерекше атап өту қажет. Жапон автокөлік шығарушы компанияның өнімдері әлем бойынша ең экологиялық таза көліктер тобын бастап тұр [2, 12-14 с.]
Қазақстан болса - өзге елдердің көліктерін тұтынушы ел ғана. Көлік құрастыру ісінің өзі жуырда ғана тәжірибеге ене бастады. Әзірге Қазақстанда құрастырылған «SsangYong» көлігімен ғана мақтанып жатқанда, экологиялық бағыт туралы әңгімелеудің өзі артық. Дегенмен Қазақстан үшін шетелден экологиялық нормаларға сай келетін көліктерді әкелудің де маңызы зор. Бұл бағытта «Еуро-3», «Еуро-4» стандарттарына сай келмейтін көліктерді шекарадан кіргізбеу жөнінде қатаң талап қойылуда.
Қазақстанда отандық көлік жоқ болғанымен, отандық жобалар, өнертапқыштар бар. Ақтөбелік өнертапқыш Аманкелді Шортанбаев көліктерді жанар-жағар майсыз-ақ жүргізудің жаңа әдісін ойлап тапқан. Ең қызығы, ол үшін тек қана жанармай емес, мотордың да қажеті жоқ. Бар керегі - екі бағыттағы 50 шақты магнит екен. Өзінің бұл идеясын өнертапқыш: «Жабысқыш қасиетке ие металдар пластик дискіге орналастырылады. Магниттегі әсерлер қазіргі көліктің күшінен де мықты екпін береді. Сосын көліктердің қоршаған ортаға ешқандай залалы болмайды. Содан кейін магнит өрісімен қозғалатын техника жанармайды да қажет етпейді. Басқару қондырғылары рет-ретімен тізбектелсе, көліктің сапасы да жақсара түседі. Көлікке қосалқы бөлшектерді жиі алмастырудың қажеті болмай қалады» деп түсіндірген. Егер қазақстандық өнертапқыштың бұл жобасы жүзеге асса, отандық қана емес, әлемдік автоиндустрияға да үлкен серпін берер еді. Алайда Аманкелдінің қолын байлайтын нәрсе - өз жобасын тәжірибе жүзінде сынап көруге қаржысының жоқтығы. Жобаны жүзеге асыруға үшбұрышты магниттер қажет екен, ал оларды тек Ресейдің Магнитогорск қаласына барып, тапсырыспен алуға болады екен.
Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі. Велосипед (франсузша: vélocipède, шығу тегі латынша: velox — жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі. Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасырда пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1 млрд-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп аймақтарда негізгі транспорт түрі болып табылады. Велотұрақ керек пе? Қарағандыда қаланың орталығындағы ірі сауда-ойын сауық кешені маңайынан велотұрақ ашылған. Нысанды қаржыландырған – АҚШ мемлекеттік департаменті. Осы істің басы - қасында жүрген «Авалон» тарихи-географиялық қоғамының пікірінше, бұдан кейін көліктің экологиялық таза түріне қызығатындардың қатары арта түсуі керек. Мұндай тұрақтар көбейсе көлік кептелісі де азайып, ауа тазара түседі. Бұрын жұрт велокөлікпен қайда барып, оны қайда тастап кетуге болады деп ойланатын. Енді таңдауға толық мүмкіндігі бар. Бұл мәселеге билік те мүдделі болуы тиіс. Америкада өте кең таралған көлік түрі. Денсаулыққа да, қоршаған ортаға да пайдалы дүние [3, 12 с.]
Credo E-Bone бүгінгі күні ең экологиялық таза автобус болып табылады:
 Ол қоршаған ортаға ешқандай зиянды зат бөлмейді;
 Қозғалу үшін энергияны сутекті отын элементінен және литийлі батареялардың гибридті жүйесінен алады. Ол дөңгелектеріне орнатылған төрт электр двигательдері көмегімен қозғалады;
 Автобустың жаңа корпусы жеңіл де, берік композитті пластиктен жасалған. Жеңілдендірілген конструкциясы оны энергияүнемді етеді. Credo E-Bone автобусын дизайнер Петер Саймон жасаған, ол қоғамдық көлікті таза және экологиялық етуге жұмыс жасайды.
Ресейде экологиялық жаңа гибридтік Ё-мобиль жасалынды:
 "Ё-мобилдер" қуаттылығы 70 аттың күші бар литий-ионды аккумуляторлы электрмотордан және табиғи газбен жұмыс істейтін 0,6 литрлік сыйымдылықтағы іштен жану двигателінен тұрады.
 Батареялары жүрген кезде қуаттанады. Жоғары жылдамдығы 120 км сағатына, құны шамамен 450 мың руб. болмақ.
 Автомобиль орыс миллиардері Михаил Прохоровтің «Группа Онэксим» фирмасымен жасалған.
Электротрициклдер – экологиялық таза көлік түріне жатады. Электротрициклдерді пайдаланудың негізгі экологиялық нәтижелері төмендегідей:
 Қайта қалпына келмейтін энергия көздерін пайдалануды азайту;
 Көліктерден шығатын СО,СО2,NOx улы газдар қалдықтары азаяды;
 Көлік құралын пайдаланатын жерде шу азаяды;
 Энергияны аз пайдаланады;
 Габариті мен салмағы кіші;
 Пайдалануға қолайлы;
 220 В қуаты бар көзден зарядталады
Электротрициклдер – экологиялық таза көлік түрі
Ауылдық мекендерде пайдалануға қолайлы экологиялық көліктерге:
 Велосипед;
 Электромобильдер;
 Ат көлігі жатады.
Сонымен болашақтың экологиялық таза көлігі – электромобильдер болмақ.
1. Е.Криницкий. Экологичность автотранспорта должен определять Федеральный закон.// Автомобильный транспорт, №9, 2000. – с. 34-37.
2. Д.И.Гурьянов Экологически чистый транспорт: направления развития.//Инженер, технолог, рабочий. №2, 2001. – с. 12-14.
3. С. Жуков. Природный газ – моторное топливо XXI века. // Промышленность сегодня, №2, 2001. – с. 12.
Категория: Педагогика | Добавил: Минбаевна
Просмотров: 3593 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 11:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru