Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Үй жануарлары
2014-11-11, 6:31 PM
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы түсініктерін кеңейте отырып, төрт түлікті дәріптеген өлең жырлары, өнер салтымызды жас жеткіншектердің бойына сіңірумен қатар, олардың сөздік қорын дамыту,өз халқына, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болады.
Көрнекілігі. Жайлау макеті,төрт түлік суреті, тікұшақ.
Сабақ түрі: аралас сабақ( тіл дамыту, сауат ашу, ән сабағы)
Әдіс-тәсіл: түсіндіру,көрсету, дидактикалық ойындар.
Жаңа сөздер:кісінейді, мөңірейді, маңырайды, түлік, айтыс.
Дайындық жұмыс::үй жануарлырымен танысу,пайдасы туралы әңгімелесу,мақал-мәтелдер үйрету.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу.1-ші бала. Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Мұғалім, балалар:Қайырлы таң,көк аспан!
Қайырлы таң,жер,ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
2.Жылулық шеңбері:1-2минут көздерін жұмып,өздерін тағы да,көк майса шалғында жатып,көк аспанды көріп,құстардың сайраған әнін, судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынамын.
3.Мұғалім: Балалар,мен сендерге жайлауға саяхатқа шығуды ұсынамын.Бұрын біздің ата-бабамыз жайлауға атпен, түйеге жүк артып шыққан.Қазіргі заманда басқа да көліктерді пайдалануға болады.Мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.
Бырылдар көкте инелік,
Инелік емес, үй делік.(тікұшақ)
-Біз бүгін жайлауға тікұшақпен барамызТікұшаққа мінеді.
Мұғалім:Балалар,біз жайлауға ұшып келдік.
2-ші бөлім.
Әңгімелесу,сұрақ-жауаптар.
Мұғалім.Біз саяхатқа қайда келдік!
Балалар:Жайлауға.Міне бір үй тұр.Бұл қандай үй?
Киіз үй

Мұғалім:Мен көрейін үйде кім барын, ешкім жоқ. Қоржын, ішінде хат жатыр
Сұрақ- жауап.1-ші тапсырма.жұмбақ жасыру.
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.(қой)

Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Бірақ тағы сақалы бар.
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар (сиыр)

Бір шыбыртқысы бар.
Екеу елеңдеп келеді
Төртеу төбелесіп келеді. (жылқы)

Түлік дегеніміз осы малдар.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.Адамға пайдасы өте көп
Балалар ,осы малдар адамға не береді?

Сүт, ет, жүн.
Түйенің сүтінен не жасалады?
Шұбат.
Жылқының сүтінен не істеледі?
Қымыз.
Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен не жасалады?
Май, құрт, айран, ірімшік.
Қой, ешкінің, түйенің жүнінен не жасайды?
Жіп, киім тоқиды, көрпе жасайды
Төрт түлік туралы айта кету....

Төрт түлік туралы жырлар.
1-ші бала Түйе-байлық
Қой-мырзалық
Ешкі-жеңілдік
Жылқы- сәндік
Сиыр-тоқтық

2-ші тапсырма.д/ойын: «Кім қалай дыбыстайды?»
Сиыр-мө-мө Қой, ешкі-мә-мә. Түйе-бе-бе, жылқы-е е.
Мұғалім. өте жақсы.Енді тыңдаңдар малдың дыбыстағанын былай деп атайды.
Жылқы-кісінейді
Сиыр-мөңірейді
Қой-ешкі-маңырайды
Түйе-боздайды.
Бәріміз осы сөздерді ұғып жаттап алайық.

3-ші тапсырма. Сергіту сәті.Төлді қалай шақырады? (қимылмен көрсету)
1.Пұшайт-пұшайт қой, қозы.
2.Шөре-шөре ешкі ,лақ.
3.Аухау-аухау сиыр-бұзау
4.Құрау –құрау жылқы, құлын.
5.Көс-көс түйе, бота

Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер айту.
1.Жылқы малдың патшасы
Түйе малдың –қасқасы
2.Мал өсірсең,қой өсір
Өнімі оныңкөл-көсір.
3.Түйе малдың үлкені
Жылқы малдың үркегі
Сыйыр малдың – сүттісі
Қой – түліктің құттысы.
4. Малды баға біл
Бабын таба біл.

Балалар білесіңдер ме
Білеміз.
Д/ойын:(Төлін тап)
Ережесі.Екі суреттің бір сыңарын көрсетіп немесе тақтаға іліп, екінші сыңарын шақырған бала тауып қатарына қояды.Содан соң ілген бала төлдің атын айтып отырады.

Төлдерге арналған қазақ халқының жырлары бар. топ-топпен айтады.
Мұғалім: Біз бүгін төрт түлік малға жататын үй жануарларымен таныстық. Не жатады екен?
Енді осы төрт түлік малға арналған тақпақтар айта кетейік.

Тақпақтар.
1.Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме демінді ал
Селтеңдемей кұлағың.
2.Әукім-әукім, әукешім,
Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
3. Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды,
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды
4. Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүеді анам «қозы» деп
«Қошақаным» өзін деп
5. Құлын – құлын, құлыншақ
Желкілдейді тұлымшақ
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы

Біз саяхатқа қайда келіп едік?
Жайлауға.
Осы тапсырмалардың бәрін шопан атамыз жазыпты, сендерге құрт дайындап кетіпті..Ал енді саяхатымызды айтыс ,әнмен аяқтаймыз.

Айтыс.Қабжан Сұлтан-Саханова Айдана
Бірге:
Мекеніміз Жетісу
Бойы емес пе еркем-ай
Гүл тердік қой жастықтың
Көктемінде еркем-ай
Мүнда айтпаған өлеңді
Қайда айтамыз еркем-ай
Апайлардың жиналған
Тойы емес пе еркем-ай
Қайырмасы:
Еркем-еркем, еркем-ай
Еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем еркін-ай
Ұл-бала:
Қыздыр, қыздар құртыңнан
Қуып келдім жұртыңнан
Көрген астан бермесең
Тесіп шықсын ұртыңнан
Қыз бала:
Қой ішінде ала жұр
Ұстай алмай бала жұр
Сіз ауылға кеткенде
Осы әніме сала жұр

Еркем-еркем, еркем-ай
Еркелеген еркем-ай
Еркелеген еркемді
Еркелетсем еркін-ай
Қыз бала:
Бала, бала, қу бала
Аузымдағы құрт қана
Сілекейлеп берейін
Сусын болсын жұрт қана
Қайырмасы:
Ұл бала:
Қасқыр, қасқыр қара ала
Бауыр жуні сары ала
Біздің қойға жолама
Қыздар қойын жарала
Қыз бала:
Қасқыр, қасқыр, қарасың
Қайда жортып барасың?
Мұнау жалқау баланы
Қой орнына аласың.
Қайырмасы:
Қыз бала
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпне
Біздер сәлем береміз.

Тамаша ,қол соғамыз.

Мұғалім: Балалар біз бүгін сабақтақазақ халқының салт-дәстүрімен, төрт түлікмал туралы білімдерімізді дамыттық ,сонымен төрт түлік малға не жатады екен
Жылқы, сиыр, қой ешкі, түйе.

Мұғалім: Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар
Балалар: Кісінейді, мөңірейді, боздайды, маңырайды.

Мұғалім. Өте жақсы, осымен сабағымызды аяқтап, шопан ата берген құрттытаратып,жеп тік ұшаққа отырып сыныбымызға қайтамыз.
Категория: Педагогика | Добавил: Карлыгаш0474
Просмотров: 1287 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru