Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Ыбырай - әңгіме шебері
2014-11-12, 1:52 PM
Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді селосы
«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Садықова Азина Сексенқызы

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай - қысқа да нұсқа әңгіме шебері.
Сабақтың мақсаты: білімділік – Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын меңгерту, пысықтау, әңгімелерін талдау, жазушы әңгімелерінің мәні мен мазмұнына тоқтала отырып топтау, саралау жұмыстарын жүргізу; дамытушылық – оқушыларды өзіндік талдау жасауға, ойлау білуге дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру; тәрбиелік - әңгіме арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, достыққа, еңбекқорлыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас. Әдісі: түсіндіру, СТО стратегиясының бағыттары, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері. Сабақтың жабдықталуы: Ыбырай Алтынсарин портреті мен шығармалар жинағы, слайд – шоу, мультимедиалық проектор, тірек – сызбалар.
Пайдаланылған әдебиеттер: С.Қирабаев, Қ.Мырзағалиев. «Қазақ әдебиеті» 10 – сыныпқа арналған оқулық. А., 1998; Х.Сүйіншәлиев. «ХІХ ғасыр әдебиеті». А., «Ана тілі», 1992.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлемін. Бағалау парақтарын топ басшыларына таратамын.
Оқушылардың ойын бір ортаға топтау үшін мынадай ой тастаймын: - Біздің бүгінгі және ертеңгі, болашақтағы мақсатымыз не?
Балалар осы сұраққа мына түрде жауап береді:
- Оқу, білім алу. – Тәрбиелі, саналы азамат болу. – Өзімізден кейінгі ұрпақтарға үлгі - өнеге көрсету.
- Ол үшін не істеу керек? - Үлкенді тыңдап, кішіге қамқорлық көрсетіп, сабақты зейін қоя тыңдау керек.
- Біз ата – бабаларымыздың салт – дәстүрін жаңғыртатын, жаңалыққа ұмтылатын ізденімпаз оқушылармыз!


Білімді мейірімді

намысты өнерлі

кішіпейіл инабатты

тату жігерлі
Әрдайым ізденіп оқып, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерінде айтып кеткен жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, келер ұрпақтың белсенді азаматы боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдерін жатқа айту. Өлеңдерінің сюжетіне сурет салу.
І топ - «Ойшылдар». Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы айтады.
Слайдта хронологиялық таблица көрсетіліп тұрады.
Жылдар Оқиғалар
1841 жылы
2 ақпан Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келді.
1850 жылы Атасы Балқожа би Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға береді.
1857 – 1859 жылдар Балқожа бидің хатшысы болады да, одан кейін Орынбор облысының басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма бекінісінде / Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады. Сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді.
1864 жылы 8 қаңтар Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп салтанатты түрде ашылды. Сол мектепке 14 бала жазылды.
1868 – 1874 жылдар Орынбор генерал – губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы болды.
1879 жылы Торғай облысы бойынша орыс - қазақ училищелерінің бірінші дәрежелі инспекторы болып тағайындалды. Осы қызметте 10 жыл болды.
1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шықты.
1880 жылы Ыбырай идеясымен Орынбор, Торғай қалаларында ер балаларға ағаш ұсталығын, ал қыз балаларға киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер және ауыл шаруашылық мектептері ашылды.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш оқытушылар мектебін ашты.
1889 жылы 17 шілдеде Қостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзенінің бойында, «Инспектор» көлінің жағасында өз үйінде, 48 жасында өкпесіне суық тиіп қайтыс болды.

ІІ топ – «Білгірлер». «Қазақ хрестоматиясы» туралы айтады.
Слойдта Ыбырай Алтынсариннің суреттері, оқыған мектептері көрсетіледі.
ІІІ топ – «Тапқырлар». Ыбырайдың ұстаздығы, аудармалоры туралы айтады.
І топ
1. Ыбырайдың өлеңдерін жатқа айту. Әр топ – бір – бір өлеңнен.
2. Әр топ Ыбырай өлеңдерінің сюжетіне салған суреттерін талдайды.
3. Үй тапсырмасын «Ойлан, тап» бөлімі бойынша қорытындылаймыз. Әр топқа алты сұрақ қойылады:
1 Ыбырай қай жылы дүниеге келді? /1841 жыл 2 ақпан/
2 Балқожа би кім? / Атасы/.
3 Қай жылы мектепке қабылданды? / 1850 жылы/
4 Ыбырайдың арман еткен мектебі қай қалада қай жылы ашылды?
/Торғай, 1864ж./
5 Кімге жолдаған хатында 14 қазақ баласын оқытуға аш қасқырдай кіріскенін баяндайды? /Н.И.Ильминский/
6 Оның қандай шығармалары бар? / «Кел, балалар, оқылық», «Өзхен», «Өнер – білім бар жұрттар», т.б./

ІІ топ
1Ыбырай қай жерде дүниеге келген? / Қостанай обл, қазіргі Алтынсарин ауд./
2 Ыбырай неге әкімшілік қызметтен гөрі мұғалім болуды армандады?
3 Ғалым, профессор В.В.Григорьевпен қай жылы қай жерде танысады? /1859 жылы, Орынборда/
4 Қай жылы Торғай облысы мектептеріне инспектор болып тағайындалады? /1879/
5 «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы басты мақсаты не?
6 Ол қазақ балаларына қандай мектептер ашады? Қандай оқулықтардың авторы?

ІІІ топ
1 Ыбырай мектепті қай жылы аяқтап шығады? / 1857 ж./
2 1887 жылы қай жерде қыздар мектебін ашты? / Ырғыз/
3 «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы қай жерде басылып шықты? /\
/1879 жылы, Орынборда/
4 Қай жылы Омбыда тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды? /1881ж./
5 «Қазақ хрестоматиясын» жазуға не себеп болды? Ыбырайдың оны жазудағы мақсаты қандай?
6 «Қазақ хрестоматиясы» деп аталатын оқулығы қай өлеңімен басталады және қай жылы жарық көрді? / «Кел, балалар, оқылық»/.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыпты слайд арқылы түсіндіремін.
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен құрылымын хабарлау.
«Қазақ хрестоматиясына» кірген әңгіме – новеллаларында Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу – өнерге ұмтылуға, Отанын, елін сүйетін патриоттық сезімге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға үндейді. Жалқаулықты, қиянат жасауды , надандықты сынап, жас ұрпақты ондай әдеттерден аулақ болуға шақырады. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.
Әңгімелеріне қысқаша тоқталып кетемін. Тірек – сызбалар арқылы оқушылармен біріге отырып әңгіме мазмұнына шолу жасап, түсінік қалыптастыру. Кейіпкерлерін ауызша атап көрсету. Үнтаспадан «Әке мен бала» әңгімесін тыңдау.
Еңбек пен өнер тақырыбына арналған әңгімелері Адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелері
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам», «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт», «Силинші ханым», «Дүние қалай етсең табылады?», «Сәтемір хан», «Салақтық», «Надандық». «Әдеп», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Тәкаппарлық», «Байұлы», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Таза бұлақ», «Әділдік», «Өтіріктің залалы», «Жамандыққа- жақсылық», «Үш ұры», т.б.









Белгілі ғалым Қажым Жұмалиев «Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде көркем әңгіменің негізін салушы, атасы болды. Көркем әңгімелердің композициялық құрылысын шебер етіп құруда да оның өзінше еңбегі бар» деп жазды.
ІҮ. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. «Әдебиет лотосы». Бұл бөлім бойынша әр топта оқушы – тексеруші сайланады. Әр оқушыға кесте парақшасы таратылады. Бұл кестеде Ыбырай әңгімелеріне талдау жасалады.
Әңгіме тақырыптары Кейіп керлер
Әңгіме желісі Немен аяқталады? Не суреттеледі?
жағымда жағымсыз
1


2


3


4



2. «Өнерлінің өрісі кең...». Аталған Ыбырай әңгімелерінің бір эпизодын алып, әрбір топ өзінше кейіпкерлерді бейнелеп көрініс көрсетуге тырысады. Талап етілетін мәселе- әңгіменің негізгі идеясын, көздеген мақсатын жете таныту.
3. Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
І – топ. Ойтолғау: «Ыбырай – әңгіме шебері».
ІІ – топ. Арнау: «Ізбасар ұрпағы – мына біз!».
ІІІ – топ. Мақала: «Ата тәрбиесі мен ғибраты».

Ойтолғау. 1. Әңгімеден бойларыңызға қандай қасиет жинадыңдар, нені ұғып, нені үйрендіңдер? Әңгіме бізді неге, қандай қасиеттерге тәрбиелейді деп ойлайсыздар? Сол туралы өз ойларыңызды қысқаша жазыңдар. 2. Әңгімедегі нақыл, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. Мысалы: «Молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады», т.б.
Топтастыру әдісімен сабақты қорытындылау:
Ыбырай Алтынсарин кім?

Ақын Ағартушы Педагог

Жазушы Оқулық авторы

Ғалым Шағын әңгіме шебері

Ү. Қорытындылау. Ыбырай - жалаң үміттің емес, өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет – салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу – білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектері еді.
Ыбырай шашқан тәлім – тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздегкен жаңа орындарына негіз болды.
Ыбырай Алтынсарин әңгіменің хас шебері екенін дәлелдей келе, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау парақтарына қарай отырып бағалаймын.
ҮІ. Үйге тапсырма. Әңгімелерін оқу, мазмұндау. Әңгімелерінің сюжеті бойынша сурет салу.
Категория: Педагогика | Добавил: Сексеновна
Просмотров: 2216 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru