Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Көру қабілеті бұзылған балаларда коммуникацияның вербалды емес құралдарын дамытудағы ойын іс-әрекеті
[ Скачать с сервера (18.5 Kb) ] 2015-01-09, 1:13 PM
Көру қабілеті бұзылған балаларда коммуникацияның вербалды емес құралдарын дамытудағы ойын іс-әрекетінің маңызы және мүмкіндіктері
Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп ecyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оньң шығармашылық, қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады.

Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Ойын- бip қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет icпeттi. Ол міндетті түрде ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бip-бipнe деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бip-бipiнe деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әcepi арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенің байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бip ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады.Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бip түpi ол-дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ьқыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бipiншi талап -оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
a) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге
қамтамасыз ету;
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік дағдылардың қайнар көзіне жету;
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Рөлдік- сюжеттік ойындардың сабақтардың өзегі іспетті.Мұндай ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді.біз гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік.
Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсері:
- өз-өзіне деген сенімінің бекуі;
- этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
- қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.

Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:
1) Қарым-қатынас жағыдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінуін қамтамасыз ету;
2) Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.

Біз рөлдік ойындардың екі түрін – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдандық. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар әрбәр баланың импровизациялауға қабілетін яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылды. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталынуы. Алдыңғы диагностикалық ойындар нәтижесінде импровизациялық ойын мазмұны құрастырылады. Біз «Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Гүлнәр мен Эльвира ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с. балалардың жас ерекшеліктеріне қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды.
«Айжан бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келеген екен» ойынның мазмұнын алып көрсетелік. Тренинг жүргізуші алдын ала Айжанның өзіне ғана, кім сұраса да қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырды. Ол үшін Айжан балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беру керек. Ал балаларға жүргізуші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге,тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, иландыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді.
Рөлдік-импровизациялық ойндардың әсерін талдау «кілттері»
1) Қарым-қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, (арақашықтық) дистанция, интонация;
2) Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;
3) Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан қарау», «төменнен қарау» болды.
Ал сюжеттік ойындардың алдын ала даярлаған сценариі қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылды.
Сюжеттік ойын тренинг мақсатының негізінде алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтың жоспарын құруда ескерілді. Сюжеттік ойын типтік коммуникативтіситуацияларды яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайлары талдауға бағытталды. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденді. Әдетте имровизациялық ойынға қарағанда сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізушінің көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар тренингтік жұмыстың сөңғы кездесулерінде ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана ойын тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек.
Мүмкіндік болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.
Сюжеттік-рөлдік ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталды. Мынындай ойындардың желісі құралды:
«Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің еркесі», «Қызғаншақ бала».
1. «Ойыншықтар сөйлейді» бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, сонын атынан өзінің ренжігенде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.
2. «Аңдардың әңгімесі» әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқан қоян, кекшіл кірпі т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.
Балаларға ойында арналған тапсырмалары шығармашылық негізінде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары берілді.сонымен қатар, ойын-пікірталас та осы блоктың құрамында.
«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз» қойылым қою ұсынылды. Оны- балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейінгі және ситуациялық қарым-қатынасты вербалды емес жолмен көрсетіліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі деп санауға болады. Бұл ойындар тренингтік сабақтардың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады. Екі ойынға да 20 минуттан уақыт бөлінеді; «Таңертең», «Түстен кейін» қойылым салыстыра отырып, балалардың вербалды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бағалалуға болады.
«Үнсіз» спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне бірі қарамай, әрқайсысы басқа да бір топтағы құрбысының рөлінде ойнай береді.Екінші шағын топ балалары олардан өздерінің бейнесін тауып алуы қажет.10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:
1 Қимыл-қозғалыс-өзінен басқаларға бағытталса-балаланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
2. Қимыл-қозғалыс өзіненқарай бағытталса, балаланың ұнататын оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
3. Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл-қозғалыстар болады (Л.А.Петровская).
И. Плотникстің ертегі құрастыру әдістемесінің негізінде қазақ ертегілерінің бірі «жаңаша құрастырылды». Мұны түсіндіреміз: тренинг жүргізуші ертегі бастайды: «баяғыда бір А мен Б болыпты». Оларда С болмапты. Бірде Д жағдайы болыпты.т.с.с. Бұл ертегінің желісінің басталуы.Балалар бұл ертегіні «өңдеп», яғни кейіпкерлерді нақтылап алады да қатарынан бір-бір сөйлем қосып, аяқталған ертегіні шығарады.
Ертегі тапсырма бойынша балалардың:
1. Ертегі кейіпкерлерінің қарым-қатынастарының анықталынуы;
2. Қарым-қатынас құралын қолдана алуы;
3. Пауза, интонацияларды тиімді қолдана алулары;
4. Мазмұндағы эмпатиялық, идентификациялық қарым-қатынас жүйелерін актуализациялауы.
5. Ертегінің позитивті немесе неготивті аяқталуы.
6. Бірін-бірі тыңдап ертегі мазмұнын біртұтас етіп беруі
7. Театрландырылған элементтер енгізуі талданады.
Категория: Педагогика | Добавил: Ержан4922
Просмотров: 1882 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 2:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru