Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

Толеутаева Эльмира Тлеужановна "Білім алды-тәрбие"
2015-05-17, 12:14 PM
БІЛІМ АЛДЫ — ТӘРБИЕ

Қандай қоғам болсын жас ұрпаққа білім беру мәселесін ойластырғанда, оларға сол қоғам сұранысына сай тәрбие беруді де бірге ойластырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты екенін, тәрбие мәселесінің маңыздылығын атап көрсетуі жайдан жай емес.
Әлемдегі барлық ел белгілі бір уақыт өткен сайын өздерінің білім жүйесін, оқыту әдістемесін жетілдіріп отырады. Қазір дүние өзгерді. Адам өзгерді. Соған сай сұраныс та басқаша. Жылдам хабар алғызған ұшқыр байланыстың дәурені жүріп тұр. Жеке тұлға мәселесі алдыңғы кезекке шықты. Оған деген талап та өзгеше болады. Оның басқаларға қоятын талабы да өзгереді. Айналаңдағы ақпарат тасқыны бар ісіңді бір мезетте тындыруға бейімдейді. Тез білу керек, тез ұғу керек және жедел жауап беру қажет. Дүниені танудың өзі жеделдікті қалайды. Бір кезде жаппай білімге жете мән берілгенімен, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу басты мақсат болмағаны рас. Ол жылдарда әркім өз мүмкіндіктерін өзі ашты. Ал оған қол жеткізе алғандардың саны жалпы мөлшермен салыстырғанда соншалықты көп емес. Ары кетсе екі-үш пайыз ғана. Қазіргі уақыт әр нәрсеге шығармашылықпен қарау қажеттігін туындатады. Жаңа дүние жасауға талпыну керек. Адам бойындағы қасиетті оята білген жөн. Білім жүйесін өзгерту туралы идея осыдан келіп туған. Ал оны қалай өзгертпекпіз? Қазір мектепте оқытылатын пәннің саны өте көп. Оқушылар сабақтың көптігінен шаршайды. Оқу жоспарлары өте тығыз. Біз оларға әйтеуір керегі болып қалар деген оймен ілім-білімді молынан беріп жатырмыз. Оқушының сол игерген пәндері ешқашан пайдаға аспауы да мүмкін. Жалпы, үйренген нәрсені өмірде қолданған дұрыс қой. Кеңестік кезеңде жаппай орта білім алу міндет болды. Ал қазір әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін ұштауға назар аударылмақ. Тек оқу мерзімі ғана емес, білім беру бағдары, бағдарламалық мұраттары да өзгереді. Жүйе тұтастай жаңарады. Баланың жүйкесіне салмақ түспеуі керек. Сондықтан оның биологиялық, психо-физиологиялық ерекшеліктері ескеріледі.
Категория: Педагогика | Добавил: Айко1962
Просмотров: 723 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru