Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Педагогика

педагогикалық эссе
[ Скачать с сервера (15.5 Kb) ] 2015-11-09, 3:43 PM
Педагогикалық эссе.
Қарағанды қаласы
КММ ЖББО №53 мектеп-лицейінің
қазақ тілі,әдебиеті пәні мұғалімі
Шоланова Гульнур Аманбаевна

Осы эссені жазғанға дейін тоғыз ай көтеріп, тоқсан күн толғатып жүрген ананың күйін кешкендей болдым. Әр сабағымнан шыққан сәттерде, тіпті,автобус ішінде келе жатып та улкен толғаныс,тебіреністе жүріп, ақыры жүрегімнен осы бір жолдар шыққандай болды.
...Шыр етіп мына өмірге келгеннен бастап сәби жүрегінде балалық армандардың жаңа ұшқыны бас көтерері бәрімізге аян. Сол бала қиялдың өсе келе үлкен адами армандарға ұласып, оны іске асыру үшін аяқ жеткенше алысқа,қанат жеткенше биікке талпынамыз. Балалық «ақын болам»деген арманымның өсе келе ұстаз болуға қарай жетелегенін өзім де байқамаған екенмін.
Шығыппын түсімде
Биік бір шыңға,
Әлде бұл сын ба,
Әлде бұл шын ба?
Түс деген белгі
Түс деген арман
Айналар бәлкім,түбінде шынға,-деп шарықтаған бала қиял, біртіндеп,
Туыпты мына мені Сарыарқам
Қазақтың қызымын мен жаны дархан,
Өлең деп соқса дағы жан-жүрегім,
Ұстаздық – ол бір менің алқам, -деп жаңа бір әлемнің есігін қуана-қуана ашқан еді. Студенттік шақты аяқтап, ұстаздықтың есігін ұяла,имене аяқтаған жас маман едім ол кезде. Қорқынышым мен қуанышым қатарласа жүрген сол кездерде «Мен берген сабақ шәкірт жүрегінен жол тапса екен,қалай жүректерін жаулап алам» деген сан сауалдар ойыма келгенде, көз алдыма қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген Дөлкейұлы Амантай, Тауықбаева Бәтіш Мұқатайқызы секілді ұстаздарым келетұғын.Студенттік шағымда дәріс берген Смағұлов Жандос ағайды да ерекше атап өткім келеді. Ол кісінің «Сендер адам тәрбиелейтін болашақ мұғалімсіңдер.Алдарыңа келген әр бала жазылмаған аппақ қағаз секілді. Сол ақ қағазға сендер қалай жазу түсірсеңдер, болашақта ол да сол жазу секілді бой түзейді,сондықтан да бала болашағы дегенге мұқияттылықпен қарау керек»деген сөзі мәңгілікке жадымда қалыпты. Осындай ардақты ұстаздардың тәрбиемен берген білімдерінің арқасында тіл мен әдебиет әлеміне қалай кіріп кеткенімді , осы пәнге деген махаббатымның,құштарлығымның оянғанын сол кезде сезінгендей болдым. Әр сабаққа кіргенде,бар бойымды толқыныс билесе,ал шыққанда бойымдағы бар байлығымды,асылымды жоғалтқандай,жан-дүнием босап қалғандай бір сезім билеуші еді. Бірақ,сондай сезім билеген кезде ғана,мен өзімнің оқушыларға мысқалдай болса да бірнәрсе бергенімді түсінер едім.
Ғаламтор материалдарын парақтап отырып, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрады» деген қарапайым ғана бір ақылды сөз оқыдым. Аз айтылса да саз айтылған екен. Небір данышпан,философ,педагогтардың айтқандарын оқып,естісек те,осы бір сөзге сірә жететіні жоқ шығар.
Қарапайым қазақылықтың иісі аңқып тұрған осынау бірауыз сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Сөз түсінетін,түйсінетін мұғалімнің үлгі ететін ұстанымы болар бірден-бір сөз осы болар...
Мұғалім мамандығы бойынша бірнеше жыл еңбек етіп келе жатсам да,әлі де білетінімнен білмейтінім көп секілді көрінеді де тұрады. Әр сабағымда «оқушыларға таңсық бір жаңалық ашсам» деген ой санамды мазалап, соның кілтін тапқанша асық болатын едім. Сол ойларым жаңашыл бағыттағы технологияларды оқуға,сабақты түрлендіріп өткізу үшін түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруге жол ашты. Сабағымда «Сын түрғысынан ойлау» стратегиясы, Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді математикалық талдау», Деңгейлеп оқыту, Қ.Бітібаева атап көрсеткен, аукцион сабақ, диспут,жарыс т.б. сабақ түрлерін қолданамын.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы оқушының функционалдық сауаттылығына бағытталған жұмыс түрлеріне назар аударып, практикада іске асыруға тырысудамын. Мұғалім-ой тастаушы,бағыттаушы, оқушы-ойланушы,іске асырушы рөлінде екенін де санамнан еш шығарған емеспін.
Әр сыныпқа кірсең алдыңда әр алуан бала отырады ғой. Сондықтан да оқушы сауаттылығының төмендігі, сабаққа ынта қоймау,көркем шығармаларды оқымау, үй тапсырмасын орындамай келу т.б. сияқты проблемалар жоқ емес. Осы мәселелердің түйінін шешу үшін де аямай тер төгуің керек. Бастысы, осы жерде педагогикалық шеберлік деген нәрсе тұрады. Мұғалім, әр баланың жүрегінің кілтін тауып,соған жол таба білу керек. Өзімнің азды-көпті тәжірбиемнен түсінгенім, бірінші,оқушы санасына әсер ету.Егер де оқушы өз қателігін сезіне білсе,алдағы жасалатын істен нәтиже шығары сөзсіз. Қосымша сабақ беру,жеке жұмыстар жүргізу, көркем әдебиетті оқыту үшін қызықты оқиғасын оқып,ары қарай не болатынын оқып келу т.б. сияқты жұмыстар атқарылып жатса, өлең шығаратын қасиетім де тығырықтан шығатын жолымның бір түрі. Тәжірбиемде болған бір көріністерді баяндай кетсем.......
Екілік алған оқушыға ұрыспай, дәптерінің арасына мына бір екі ауыз өлеңді салып жіберген едім:
Қайран,маңғаз Екілік,
Шықты-ау,иыққа секіріп,
..........жеңдім деп,
Екілік тұр кекіріп.
Осылай оқушының намысын қайрап,санасына ой салған кезім есімде қалыпты. Бұл да менің мұғалімдік жолымда кездескен түйіндерді шешудің жолы еді.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген екен атам қазақ. Ұлтын сүйген, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелей білсе, ұстаз бақыты деген сол шығар деген тұжырымға келдім.Себебі, «қыран балапанына қайырылмас қанат сыйлайды». Эссемді
Сан қиындық шықса-дағы алдыңнан,
Қайыспайды,ұстаз,сенің нар тұлғаң.
Біз-қарлығаш, көкке қарай талпынған,
Үлгі аламыздәл осындай қалпыңнан,-деген оқушыларымның
пәк тілекті жыр жолдарымен аяқтадым
Категория: Педагогика | Добавил: sholanovagulnur
Просмотров: 998 | Загрузок: 10 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru