Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физическая культура

Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру
[ Скачать с сервера (49.0 Kb) ] 2014-01-18, 7:33 AM
Семей қаласындағы №8 мектеп- кешенінің дене тәрбиесі мұғалімі
Дайындаған: Д.Ж. Жантемиров


Мақсаты:


--- Бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуында таңертеңгілік бойжазу жаттығулары мен сабақ кезінде өткізілетін сергіту жаттығуларының маңыздылығын, қажеттілігін ашып көрсету. Жаттығулардың өткізілу барысы, орны, жаттығу түрлері, олардың ерекшеліктері жайында мағлұматтар беру.

--- Дене шынықтыру сабағының бала денсаулығын нығайтуда алатын орны, пәннің қажеттілігі, бастауыш мектеп оқушыларына арналған дене шынықтырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау.

--- Дене тәбиесі пәнінен қызықтыра отырып оқушылардың дене саулығын сақтап, олардың физиологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуы, азаматтық қасиеттерінің дамуы, ұжымдық, достық сезімдерінің пайда болып, ерік- жігерлерінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасалуы қажеттігін айту.

--- Дені сау қоғам қалыптастырып, дамыған алдыңғы қатарлы мемлекет болуда болашағымыз балардың денсаулығының маңыздылығы, олардың салауатты өмір салтын сақтайтын азамат болып өсуін бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру керектігін атап көрсету.

Жоспар
Кіріспе
1. Бастауыш сыныпта өткізілетін бойжазу жаттығулары
2. Сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары
3. Бастауыш мектептегі дене шынықтыру пәнінің мақсат міндеттері
4. Бала денсаулығының маңыздылығы
«Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі ірі талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетірің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.» Осының бәрін қалыптастыруда, әрине, баланың дені сау болуы керек. Сондай ақ білім туралы заңда « Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыружөніндегі қажет шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі» делінген.
Бастауыш мектепте басқа пәндермен қатар дене шынықтыру жөнінен де жүйелі білім, тәрбие беріліп, балдыргандардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлініп қамқорлық жасалуы керек деп санаймын. Онда аптасына дене шынықтыруға бөлінген 3 сағаттық сабақтан басқа , сабақ үстіндегі және сабаққа дайындалу кезіндегі сергіту сәті мен таңертеңгілік бойжазу жаттығуы және ойын – саяхаттарын өткізіп отыру керек. Мұның өзіндік себептері бар. Мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады: жүгіреді, жүреді, ойнайды, әйтеуір, қозғалыста болады.
Ұйқыдан тұрғаннан түнгі ұйқыға жатқанға дейн бала әдетте 6 сағаттан артық қозғалыста жүреді. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан бастап олардың жүріс – тұрысы, қозғалысы, таза ауада болатын уақыты әлдеқайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Сөйтіп, олардың қозғалыс белсенділігі 50 пайызға дейн кемиді де, ағзаның дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Әрине, жұмасына өтетін 3 сағат дене тәрбиесі сабағы ағзаның күнделікті қозғалыс қажеттілігін қамтамасыз ете алмаейды. Ендеше, балалардың күнделікті дене қозғалысының орнын толтырған күнде ғана бүлдіршіндерді дені сау етіп тәрбиелей аламыз. Осыған орай не істеу керек деген сұрақ туады.
Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушысы мектеппен қалай танысса, дене тәрбиесі сабағымен де солай танысуы қажет. Мектепте жалпы дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залына, алаңға арнайы киіммен ғана шығуға болады десек, бұл оларға қойылатын – алғашқы басты талап.
Дене шынықтырумен шұғылданудың бастамасы таңертеңгілік бойжазу жаттығулары болып табылады. Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында өткізуге болатындығын дәл кесіп айту қиын. Себебеі әркім уақытын өзінше пайдаланады. Бір оқушы 20 минут уақытын кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын өткізу -әркімнің өз қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны дұрыс.
Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларын /әрине мүмкіндік болғанша / далада өткізген дұрыс, кейінгі жылдары мектептерде де өткізіліп жүр. Бұл жылдың жылы маусымдарында ғана емес, қыс кезінде де қатал сақталуы тиіс. Жаттығу керіліп- созылудан басталады, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да, далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бойжазу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалап, бақылап отыруы керек.
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын орынға жеткенше алғашқыда тез жүріп, содан жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. Ең әуелі жүруден бастаудың мәні қан айналу процесі мен ішкі мүшелерді жүктемеге даярлайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай, керіліп-созылу жаттығулары басталады. Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығуларды орындайды да , содан ары қарай күрделендіре түседі.
Мектепте өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы күнделікті сабаққа дейінгі бойжазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды орындаудың мақсаты- бала ағзасын алдын ала жұмысқа дайындап, жұмыс қабілеттілігін арттыру және олардың сыныпта дұрыс отыруларын қалыптастыру.
Бастауыш мектепте таңертеңгілік бойжазу жаттығуын сынып мұғалімі өткізеді. Оған мұғалімнің мүмкіндігі болмаған жағдайда бұл міндет әр сыныптың сауықтыру жұмысын ұйымдастырушысына жүктеледі. Бұл ретте партаның қасында тұрып орындалатын 15 минуттық жаттығулардың қайталану реті ескеріледі. Содан жаттығулар біртіндеп күрделендіріліп, жүктеме арта түседі. Жаттығулар жүйесі апта сайын өзгеріп тұрады. Жаттығуларды дайындағанда оқушылардың маусымға байланысты киім ерекшеліктері ескеріледі. Сыныптың сауықтыру жұмысын ұйымдастырушысы жаттығуды алдымен өзі орындап көрсетеді. Бұл бойжазу жаттығуларын бастауыш сынып оқушылары араға 10 минут салып 6-8 рет қайталайды.
Таңертеңгілік бойжазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:
1. Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру келесі жаттығуларға дайындық ретінде орындалады.
2. Керіліп-созылу жаттығулары партада дұрыс отыру мақсатында орындалады.
3. Тыныс мүшелері мен ағзаның қан айналымына әсер ететін жаттығулар (орында тұрып аздап жүру, секіру, жүгіру, отырып-тұру, т.б.)
4. Қол-аяқтың бірдей қимылына, яғни денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар.
Таңертеңгілік бойжазу жаттығуларының ойдағыдай өтуі, негізінен ұйымдастырылуына байланысты.
Сергіту жаттығуларын сабақ үстінде мұғалімнің өзі болмаса, күні бұрын дайындаған сыныптың ұйымдастырушысы өткізеді. Сергіту жаттығуларының орындалу уақыты ең көп болғанда 3 аспауға тиіс. Сергіту жаттығулары балалар сабаққа көңіл қоймай , қозғалыс көбейе бастап, шаршағандары байқалған кезде өткізіледі.
Жаттығу кезінде терезені ашып, сыныпты желдету қажет. Балалар үстеріндегі киімдерінің біраз түймелерін ағытады. Содан кейін ғана сергіту жаттығуларын орындайды. Сергіту жаттығулары соңғы үш сабақта міндеттті түрде өткізіледі. Жалпы алғанда сергіту жаттығулары оқуға кедергі болмайтындай етіп ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп мұғалімдері ойынды тәрбие құралының негізі ретінде пайдаланулары керек.
Сонымен қатар бала денсаулығын нығайтуда дене тәрбиесі пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі, жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастыру, сондай-ақ оқушыларға тәрбие беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Дене тәрбиесі » пәні – жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінің негізгі түрі. Сабаққа қойылатын маңызды талаптар: оқушыларға жан-жақты да тиянақты білім беруді қамтамасыз ету; бұл орайда лоардың денсаулығын, дене жағынан жалпы дамуы мен қозғалыс даярлығын жетілдіру; сабақтық білімдік және нұсқаулық бағыттылығын ескеру; оқушылардың бойында дене тәрбиесімен өз бетінше шұғылдануға қажетті дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру.
Бастауыш сыныптарда «дене тәрбиесі» пәні бойынша қойылатын баға оқушының жеке басын жетілдіруге деген құштарлығын көтермелеуі, көрсеткіштерін жақсартуы, белсенділігін арттыруы тиіс, ал денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану оларға қуаныш туғызуы қажет.
Мектептегі дене тәрбиесінің мақсаты- жасөспірімдерді жан-жақты қалыптастыруға бағыт беру, әсер ету. Жасөспірімді жан-жақты қалыптастыру, оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін меңгеруін көздейді. Ол мыналарды қамтиды: мықты денсаулық, дененің қалыптасуы, дамыған қозғалыс қабілеттерінің үйлесімді деңгейі, дене тәрбиесі саласындағы білімдер мен дағдылар, денешынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге арттырудың себеп-салдары мен меңгерілетін тәсілдері,жеке бастың қабілеттері.
Денешынықтыру жаттығуларымен және спротпен шұғылданудың сабақ ретінде сыныптан және мектептен тыс түрлерін біріктіретін дене тәрбиесінің жүйесі баланың денешынықтыру жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани қабілетттерін ашу және дамыту, оның қоршаған ортада өзін-өзі айқындауы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:
--- денсаулықты нығайту, дене бітімін жетілдіру, денешынықтыруды жан- жақты дамыту.
--- қозғалыс әрекетін толық меңгеру.
---- қозғалыстың кеңістігінүйлестіру уақыт және күш, тепе-теңдік, ырғақ, дыбысқа тез және дәл жауап қайтару,қозғалыстарды үйлестіру, кеңістікке бағдар ұстау, шапшаңдық-күштілік, қайраттылық және икемділік қабілеттерін дамыту.
---- жеке өзінің тазалығы, күн тәртібі, жөніндегі қарапайым білімдерді қалыптастыру, денешынықтыру жаттығуларының денсаулық жағдайына, жұмыс қабілетіне және қозғалыс қабілеттерін дамытуға әсері.
---- денешынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға, қозғалмалы ойындарға қосылу, бұларды бос уақытта пайдалану.
---- оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылығы мен икемділігін арттыру.
Сонымен қорыта айтқанда бастауыш сыныпта дене шынықтырудың атқаратын рөлі ерекше. Бастауыш сынып оқушылары үнемі қалыптасып, жетілу үстінде болады. Осы кезде біз олардың дұрыс қалыптасып, дамуына ықпал ете білуіміз қажет деп ойлаймын. Бала – біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тұғырын ұстап тұратын келешегіміз. Дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекет боламыз десек ең алдымен ұлт саулығына , бала денсаулығына баса назар аударуымыз керек.
Елбасы Н.Ә: Назарбаев та жыл сайынғы халыққа жолдауында денсаулық мәселелерін басты назарда ұстап отырады. «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру.» делінген Қазақстан 2030 бағдарламасында.

Қолданылган әдебиеттер:

1. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, № 1-2, 2004 жыл
2. «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы»
3. «Қазақстан 2030 бағдарламасы»
4. «Валеология дене тәрбиесі спорт» журналы
Категория: Физическая культура | Добавил: zhantemirov81
Просмотров: 6203 | Загрузок: 498 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru