Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физическая культура

Баскетбол. Допты кеудеден беру, қабылдау. Әділбек А.Ж., №17 мектеп-гимназиясының дене шыңықтыру пәні
[ Скачать с сервера (102.4 Kb) ] 2016-01-29, 10:17 AM
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Ашық сабақ: баскетбол. Допты кеудеден беру, қабылдау.

Өткізген: Әділбек Айдос Жұмашұлы
дене шынықтыру пәні мұғалімі

Астана 2016 жыл
Дене тәрбиесі сабағының мазмұндама жоспары.
1.Сабақтың тақырыбы: баскетбол. Допты кеудеден беру, қабылдау.
2.Сабақтың мақсаты:баскетбол ойынындағы жаттығу, допты кеудеден беруді, қабылдауды үйрену.
3.Сабақ міндеттері. Білімділік:оқушыларға тақырып бойынша берілген баскетболдың шабуылдау техникасының жаттығуларын үйрету. Дамытушылық: оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылығын арттыру, допты меңгеру шеберліктерін, қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: достық қарым-қатынасқа ,тазалыққа,спортқа тәрбиелеу.

4.Күтілетін нәтиже: Сабақта допты кеудеден беруді, қабылдауды меңгереді.Топпен, жұппен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

5.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру 2минут
2.Дайындық бөлімі 13 минут
3.Негізгі бөлім 25 минут
4.Қорытынды бөлім 5 минут
Өткізілетін уақыт:23.01.2016.
Өткізілетін жер:спорт зал
Сынып:6
Көрнекі құралдар:баскетбол доптары,ысқырық.
Ұйымдастыру бөлімі 2 минут
Мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқа
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. 15с Қатардағы саптық түзулік
Баянат қабылдау 15с Қысқа, нұсқа етіп баяндау
Оқушыларға тақырыпты, мақсаты, міндеттерін түсіндіру, қауіпсіздікті сақтауды ескерту.
1мин 30с Ескертпелерге назар аудару
Дайындық бөлімі 13минут
Мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқа
Қозғалыста жүріп жасалатын бой жазу жаттығулары. Сапта бұрылу оңға,солға,артқа айналу.
6мин Аяқтың дұрыс қозғалысы,саптық түзулікті сақтау
Мұғалімнің бұйрықтарын,ескертпелерін бұлжытпай орындау
Бес айналым жеңіл жүгіру. Денені түзу,басты көтеріп жүгіру.Арақашықтықты сақтау.
Тіркеме адыммен оң,сол бүйірмен 6-7- рет секіру Арақашықтықты сақтау
Баяу жүгіру.
Бір қатармен жылдам 1-рет жүгіру. Жүгіргенде дұрыс жүгіру,аяқты нық басу
Баяу жүгіру.
Оң иық жақтан артқа қарап баяу жүргіру Жүгіргенде дұрыс жүгіру,аяқты нық басу
Баяу жүгіру.
Қолды алдыға созып, тізені жоғары көтеріп 7 -8-рет жүру Жаттығуды жасағанда бір-біріне бөгет жасамау.
Баяу жүгіру.
Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа сермеп 8-10-рет жүру. Жаттығулардың дұрыс жасалғанына назар аудару.
Баяу жүгіру.
Жартылай отырып 7-8- қадам жүру. Баяу жүру
Баяу жүгіру.
Отырып 6-7-рет секіру Баяу секіру
Жай жүріп терең дем алу. Тыныс алуына көңіл бөлу
Жай жүріп келе жатып екі қатарға бөлініп тұру.
Аяқтың дұрыс қозғалысы,саптық түзулікті сақтауды қадағалау

Орнында жасалатын бой жазу жаттығулары. 7мин Мұғалімнің бұйрықтарын,ескертпелерін орындау. Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.
Қолды белге ұстап басты 4-рет оңға,солға айналдыру. Басты баяу айналдыруын қадағалау

Қолды иық үстіне қойып 4-рет алға,артқа айналдыру. Қолды баяу айналдыруын қадағалау
Қолды кеуде тұста ұстап оңға,солға денені 4-рет қозғалту. Дененің толық бұрылуын қадағалау
Оң қолды жоғары көтеріп,сол қолды төмен ұстап қолды жоғары,төмен 4-рет
ауыстыру.
Арқаны түзу,басты көтеріп ұстауды айту.
Оң қолды жоғары көтеріп,сол қолды белге ұстап оңға,солға 4-рет
еңкейу.
Аяқты орнынан қозғалтпай жаттығудың жасалуына көңіл аудар

Екі қолды біріктіре ұстап,аяқтын арасын 50см ашып,қолды оң,сол аяқтың ұшына
тигізу.
Қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. Алдыға толық еңкейіп,тізені бүкпеу

Аяқтын арасын 1метрдей ашып,оң қолды, сол аяқтың,сол қолды,оң аяқтың ұшына 3-рет
тигізу.
Толық еңкейіп,тізені бүкпеу

Орнында 10-рет отырып тұру Жартылай отыру
Қос аяқпен 30-рет секіру. Қолды белімізге ұстау
Оң аяқпен,сол аяқпен 15-ре секіру. Дұрыс орындау.
Терең дем алу жаттығуларын 5-6 рет жасау. Терең дем алу жаттығуларын дұрыс орындау.
Негізгі бөлім 25 минут
Мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқа
Допты кеудеден беру,қабылдау. Оқушыларды екі қатарға тұрғызып,жаттығудың жасалу техникасын түсіндіру.Допты екі қолмен кеудеден беру негізгі ойыншылардың қысқа және орта қашықтыққа байланысты қимыл-қозғалыс жасайтын амалдары. Ойыншы мұндай қимылды жасау үшін қалыпты тұрыста тұрып, допты екі қолмен кеуде тұста ұстайды. Допты ұстағанда үлкен саусақтар бір-біріне қарсы, қалған саусақтар жоғарыдан төмен допты қапсыра ұстап,қолымызды бүгіп, шынтағымызды төменге артқа қарай ұстау қалпы. Кеудеден екі қолмен бергенде шынтағымызды артқа тартып, қолдағы допты төмен сәл түсіріп, тез арада қолды түзулеп кеудеден допты итеріп негізгі бағытқа бағыттап, саусақтармен тез қимыл жасап, буынды алдыға итеріп допты лақтырып, аяқты сәл бүгумен аяқталады.Допты қабылдау.Допты ұстаудың 2 әдісі бар,2 қолмен,1 қолмен.Үш бағытта қабылдау тәсілі бар:жоғары,орта, төмен бағытта.Допты қабылдағанда допты қарсы алған сәтте ,қол саусақтарын аздап босаңсытып доп қолға тиген сәтте шынтақты бүгіп жеңіл қимыл жасап допты ұстап денеге тартып алу керек.

1мин
Допты ұстау
Допты кеудеден беру
1.Оқушылар қарама-қарсы тұрып орнында кеуде тұстан бір-біріне допты беру,қабылдау 1 мин
Жаттығуды жасағанда бір-біріне бөгет жасамау
2.Оқушылар қарама-қарсы тұрып оң аяқпен алдыға қозғалып,сол аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты беру,қабылдау 1 мин

Арақашықтықты сақтау.

3.Оқушылар қарама-қарсы тұрып сол аяқпен алдыға қозғалып,оң аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты беру,қабылдау 1 мин
Жеке ескертулер беру

4.Оқушылар қарама-қарсы тұрып оң аяқпен алдыға ,солға,оңға қозғалып,сол аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты беру,қабылдау 1 мин

Жаттығулардың дұрыс жасалғанына назар аудару.

5.Оқушылар қарама-қарсы тұрып сол аяқпен алдыға ,солға,оңға қозғалып,оң аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты беру,қабылдау 1 мин

Негізгі қателіктер:асығыстық,қозғалыс пен ырғақтың бұзылуы,дененің толық бұрылуын қадағалау.
6.Оқушылар қарама-қарсы тұрып орнында кеуде тұстан бір-біріне допты жерге соғып беру,қабылдау.
1 мин

Жаттығуды жасағанда бір-біріне бөгет жасамауды қадағалау
7.Оқушылар қарама-қарсы тұрып оң аяқпен алдыға қозғалып,сол аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты жерге соғып беру,қабылдау 1 мин Допты дәл тура беруді,дұрыс қабылдауды қадағалау
8.Оқушылар қарама-қарсы тұрып сол аяқпен алдыға қозғалып,оң аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты жерге соғып беру,қабылдау 1мин Жеке ескертулер беру

9.Оқушылар қарама-қарсы тұрып оң аяқпен алдыға ,солға,оңға қозғалып,сол аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты жерге соғып беру,қабылдау 1мин Арақашықтықты сақтау.

10.Оқушылар қарама-қарсы тұрып сол аяқпен алдыға ,солға,оңға қозғалып,оң аяқты жерден көтермей орнында кеуде тұстан бір-біріне допты жерге соғып беру,қабылдау 1мин Дененің толық бұрылуын қадағалау
11.Оқушылар қарама-қарсы тұрып қозғалыста бір-біріне допты кеудеден беру,қабылдау. 2 мин Допты дәл тура беруді,дұрыс қабылдауды қадағалау
12. Оқушылар қарама-қарсы тұрып қозғалыста бір-біріне допты кеудеден жерге соғып беру,қабылдау. 2 мин Арақашықтықты сақтау.

13.Үштік жасап қозғалыста бір-біріне кеудеден беру,қабылдау. 2 мин Доптың дұрыс берілуін қадағалау
14.Оқу-жаттығу ойыны.Шарты:Оқушыларды төрт қатарға бөліп жарыстыру .1+2*3+4 қатарлар орнында кеуде тұстан,жоғарыдан,төменнен допты беріп,допты жерге соғып алып жүру жатығуларын қолданып жарысады.Допты тез беріп,қабылдап,допты жылдам алып жүрген топ жеңіске жетеді. 8мин
Ойын ережелерінің сақталуын қадағалау.Допты жылдам беріп,жылдам қабылдауды оқушыларға ескерту
Қорытынды бөлім 5 минут
Мазмұны Уақыт Әдістемелік нұсқа
Оқушыларды сапқа тұрғызу. 15с Саптық түзулікті сақтау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау. 1мин30с Оқушылардың сабақтан қалмауды ескерту.
Үйге тапсырма беру.Орындықта отырып ұзындыққа секіруді үйрету. 3мин
Үй тапсырмасын орындауын айту.
Қоштасу. 15с Оқушыларды залдан шығарып салу.
Категория: Физическая культура | Добавил: Samal
Просмотров: 1711 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 2:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru