Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Английский язык

Ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары
[ · Скриншот ] 2016-05-01, 1:24 PM
Ағылшын тілін оқытудың тиімді жолдары
Слямжанова Р.М.
ШҚО, Семей қаласы, Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп
Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Елімізді дамыту тұрғысында білім беру жүйесінде бірталай іс-шаралар жүзеге асуда. Соның бірі үштұғырлы тіл. Қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгерген жан-жақты білімді шәкірт тәрбиелеу қазіргі күннің басты талабы. Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.
Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған , жасалатын шексіз байлықты аудару жөніндегі машақаттан , артық шығыннан құтқарады . Демек , балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Ағылшын тілі ( English, English language) — Үндіевропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргіҰлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланғанкельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тіліҰлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі —дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. А. т. құрылымы жағынан флективті.Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді.
Шет тілін үйрету-қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің алдындағы бірнеше міндеттердің бірі – оқушыларды сауатты оқу, жазу, сөйлеуге үйрету. Сауаттылықтың негізгі алғышарты – тілдің грамматикасын меңгерту.
Ағылшын тілі грамматикасын оқытып үйретуде мынандай әдіс-тәсілдер қолданған тиімді.
- Кестелер, тірек – сызбалар;
- Мақал-мәтелдерді пайдалану;
- Тест тапсырмалары;
- Грамматикалық ойындар.
Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолданудың өз орыны мен тиімді жақтары бар. . Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Оқушылардың ең алдымен тіл үйренуге деген құлшынысы артады. Есте сақтау қабілеті дамиды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.
Солардың бірі «What is this?» «Ол не?» ойыны.
Оқушылар қздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпейді. Сабақта сол әкелген затын ауызша сипаттайды. Қалған оқушылар айтылған сипаттамаға қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.
«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздері беріп, сол сөздерді орын-орнына қойып, сөйлем құрастыру ойыны.
Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.
«Әңгіме құра» ойыны. Бір суретті оқушыларға үлестіріп беру. Сурет астына сұрақтар жазылады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін құрастырады. Әңгіме құрау барысында қолданылатын сөздердің сөздігін беруге де болады.
Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?
Түрлі тақырыптарды сөз ұйқастарын құрастыруға да болады. Бұл оқушыны шапшаңдыққа жетелейді. Мысалы:
1. My name is Pat
I have a cat
And with me
He likes to chat
2. I have a dog
My dog has four legs
I have only two
My dog likes to run
I like to run too
3. I have a father.
He is a doctor.
I have a mother.
She is not a doctor.
She is a teacher.
4. I have a sister.
She has a cat.
I have a brother.
He has a dog.
5. When I am ten
I give you a pen
Then you write
Like brother Ben.
Оқу үрдісінде әртүрлі технологияларды пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Жаңа технологияларды сабақ барысында тиімді пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
1. Әр оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады.
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады.
4. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
5. Әр оқушыны өз деңгейіндегі білім алу жетістігі дұрыс бағаланады.
Шетел тілін үйрену тұлғаның рухани жан дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Қорыта келгенде, ұлы данышпан Әл - Фараби: «Ұстаздар - құдды жұрт айтатын, тамшысымен тас тесетін су сияқты» - деген екен. Болашақтың бүгінгіден де нұлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға жетелейтін күш – білім. Шет тілін меңгере отырып әлемнің озық ойлы мемлекеттерімен теңесетін дамыған, қуатты ел болуда өз білімін аямайтын жас ұрпақ тәрбиелеу мұғалімге қойылатын баста талап екенін ұмытуға болмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ағылшын тілі мектепте. 2015 жыл, №3-5.
2. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 1989жыл.
3. Қ.Тубышева «Модульдік оқу технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, №4, 34-35 бет, 2007.
4. Английский язык, кн.для чтения к учеб.для 4 кл.шк.с углубленным изучением англ.яз., лицеев и гимназий/ сост.: И.Н.Верешагина, О.В.Афанасьева.-2-е изд.-М: Просвещение, 2004.
Категория: Английский язык | Добавил: raushanmarat | Теги: Слямжанова
Просмотров: 218 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2016-12-06, 3:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [776]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [543]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru