Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Рельефті мүсіндеу «Менің сүйікті ертегім» композициясы
[ Скачать с сервера (25.1 Kb) ] 2015-01-23, 9:59 PM
Ақтөбе қаласы
Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі
қосымша білім беру педагогі:
Т.И.Ташимова

Сабақтың тақырыбы: Рельефті-мүсіндеу бейнесі. «Менің сүйікті ертегім» композициясы.

Сабақтың мақсаты: Рельеф техникасы мен мазмұнын түсіну. Оқушылардың бейнелеу өнерінің жанрымен таныстыру.

Сабақтың міндеті:
а. Рельеф техникасын игеру
ә. Композициялық ойлау кеңістігін дамыту
б. Ұқыптылыққа, талғамдық мәдениетке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Ертегі иллюстрацияларының суреттері, «Ертегілер, ертегілер» әні, үлгі- рельеф, слайдтар, сергіту ойыны.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3. Көрініс: «Алдар көсе – қара жын»
4. Оқушылардың өзіндік жұмысы
5. Сергіту сәті
6. Сабақты жалғастыру
7. Қорытынды

Балалар, біз бейнелеу өнерінде жалпы мүсіндеу жанрын білеміз. Мүсіндеу жанрының екі түрі бар: «жұмыр» және «рельеф» бейнелер. Мысалы: жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады. Жұмыр мүсіндеуде адамды бейнелей отырып, басты немесе кеудеге дейінгі бюст, жартылай фигура, бүкіл бойымен мүсіндеу, көп фигуралы композициялық мүсіндер болады.
Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтық бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, ол барельеф деп аталады; ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса, ол горельеф деп аталады. Әдетте мүсіншілер рельефті гипстен, азбест, мрамор т.б. техника түрінде мүсіндейді.
Бүгінгі сабақта біз рельефті мүсіндейміз. Рельефті мүсіндеуге тұзды қамырды қолданамыз. Бұл балаларға ыңғайлы және зиянды емес. Рельефті орындау үшін «Менің сүйікті ертегім» композициясын алайық (слайдтар көрсету). Ертегі балаларға да, басқаға да жақын әрі қызық. Ертегі – халық ауыз әдебиетінде өте ерте дамыған және көркемделген жанр. Ертегінің мақсаты – тыңдаушыға өнегелі ғибрат пен эстетикалық ләззат беру.
Ертегі сюжеттік құрамына байланысты бірнеше жанрға бөлінеді:
1. Жануарлар
2. Қиял-ғажайып,батырлар.
3. Хикаялық, сатиралық.
Халықтың ұйытқысына айналып, ел ықыласына бөленетін, қарапайым халықтың қуанышына айналатын ертегі кейіпкерлер болады. Осы орайда, тапқырлық пен ақыл-айланың атасына айналған Алдар көсе бейнесі баршамызға өте таныс ертегі кейіпкері.
Қазір «Алдар көсе-қара жын» ертегісінен көрініс тамашалайық (оқушылар).
Алдар көсе ел аралап шаршап келе жатса, алдынан бір киіз үйді көреді. Ол қуанып кетіп:
- Е, жақсы болды ғой, мына үйдің қожайыны рұқсат етсе, біраз демалып, әл жинап алар едім.
Мен де қарап жатпай көрген білгендерімді, қызықты әңгімелерімді айтып берер ем (қазан көтеріп келе жатқан байдың бәйбішесінің алдынан қара ешкісі маңырап шығады).
-Кет-ей әрі, кет
-Жоғал әрі, жетпегір (бай ешкіні қуып жібереді)
-Ассалаумағаликүм, мен құдайы қонақ едім, түнеп шығуға бола ма? Ұзақ жол жүріп шаршап келем, біраз дем алсам бола ма?
-Ай сандалбай, кет әрі, жолама.
-Ұрысың ба, қарақшысың ба?
-Қарашы қулығын, кім біледі әлде аяқ-астынан жын-шайтанға айналсаң қайтеміз?
-Астапыралла, құдай сақтасын, жолама кет әрі (екеуі үйге кіріп кетеді).
Алдар ешкіні көріп:
- Е-е сенің де жолың болмады ма,
-Әлде қожайының оңбады ма? (түн болады, Алдар көсе мен ешкі тастың үстінде киіз үйге қарап отырады).
-Әй, осылар шынымен жын-шайтаннан қорқар ма екен-ей?
Алдар көсе ешкінің басына қалып кигізіп, киіз үйге түн ортасында кіргізіп жібереді.
Киіз үйдің іші салдыр-гүлдір біраздан соң, бай бәйбішесімен екеуі ойбайлап үйден атыпшығады.
-Байеке, байеке не болып қалды сонша?
-Ойбуй, ойбуй үйімізге жын-шайтан кіріп алды енді не істейміз, енді а-а ?
-Астапыралла , енді қайттік ойбай.
-Іздегенге сұраған деген
-Е-е онда сендердің жолдарың болды. Менің үйді жын-шайтаннан аластайтын өнерім бар, көмек керек болса, қалай келісесіңдер ме?
-Айналайын, көмектес,көмегіңді аяма, сұрағаныңды береміз, бәрін ал, бізді тек мына пәледен құтқара гөрші.
-Жарайды, жарайды сендер шошаңдамай тыныш отырыңдар, не болса да үйге кіруші болмаңдар.
-Алаңдама, бізге алаңдама тыныш отырамыз. ( Алдар көсе үйге кіріп кетеді. Салдыр-гүлдір дыбыстар естіледі).
-Ойбай мыналар үйімізді қирататын болды ғой.
-Тыныш отыр, ең бастысы жын-шайтаннан тазартса болды емес пе?
-Әй, мыналардың үні шықпай қалды ғой, көріп келейік. Осы кезде ешкіге мінген Алдар үйден атып шығады. Бай мен кемпірі олардан қашып келе жатып сайға құлайды. Біраздан соң Алдар көсе олардың үстерінен қарап тұрып: -Болды-ей, қорықпаңдар бәрі де бітті, үйлерің жын-шайтаннан тазарды, енді үйге кіре берулеріңе болады.
-Көріп тұрсыңдар ғой, бәріміз де аманбыз. -Енді уәде бойынша сый-сыяпаттарыңды бересіңдер ғой.
-Иә, иә рахмет саған ал, ал, сенен ештеңе де аямаймыз.
-Кез –келген уақытта есігіміз ашық, қонаққа келіп тұр қуана-қуана қарсы аламыз.
-Ал енді, қайыр-қош болыңдар қайырлы жандар, енді алай-бұлай болып жатса жаман айта көрмеңдер. Кім біледі мүмкін әлі көрісерміз. Әндетіп кете береді.
-мінекей қандай батыл адам, әлгі басқалардай емес қандай ә?
Бай мен кемпірінің артынан ешкісі мүйізімен түртеді.
-Мә, астапыралла мына жын қайтадан келіп қалды ғой –дей бергенде ешкінің басындағы қалыбы сынып кетеді.
-Мынау жын-шайтан емес өзіміздің қара теке ғой.
-Не дейді, е-е сонда біз кешелі кімнен қашып жүрміз-ей. Теке қаша жөнеледі.
-Әй тоқта, қайда кеттің бері кел (Соңынан қуады).
Бұл ертегінің жанры қандай? Дұрыс. Сатиралық жанр. Енді, осындай өзіміздің сүйікті ертегі кейіпкерімізді мүсіндейміз. Ертегі кейіпкерін тартымды сюжеттерімен көркемдеп бейнелеуге және үйлесімді бояуға тырысайық ( эскиз бойынша мүсіндеу).
Оқушылардың өзіндік жұмысы («Ертегілер, ертегілер» әні баяу әуенмен)
Сергіту сәті
Оқушылар бір қатар бойына тұрады.
Қатар-қатар тұрайық,
Қәне,қәне сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Пыш-пыш, пыш-пыш
Біз кеттік, біз кеттік, жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу-гу-гу
Ақырындап тоқтайық,
Орнымызды табайық.

Сабақты жалғастыру. Мүсінделген рельефті гуашпен бояймыз. Толық аяқталған рельефті лакпен жылтырата әрлейміз.
Қорытынды: Жұмыр және рельеф мүсіндерден «Менің сүйікті ертегім» композициясының көрмесін бағалау.
Категория: Искусство | Добавил: turya
Просмотров: 2446 | Загрузок: 31 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru