Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

натюрморт өнері. графика
[ Скачать с сервера (33.8Kb) ] 2015-02-21, 3:33 PM
Шығыс Қазақстан облысы
Курчатов қаласы
«Курчатов қаласының мектеп – гимназия» КММ
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Д.Қ.Жақыпова

Тақырыбы: Натюрморт өнері. Графика.

Мақсаты:
Натюрморт, графика сөзінің мағынасын ашу және оның орындалу ретін көрсету.
Оқушылардың композициялық шешімді дұрыс шешу қабілетін дамыта отырып, натюрмортты бейнелеуге үйрету.
Салыстыру, ойлау, кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: тақта, репродукциялар, натюрмортты салу реттілігі көрсетілген оқу плакаты.
Оқушылар үшін: альбом, қалам, акварель бояуы немесе түрлі – түсті қаламдар.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа сабақты түсіндіру
Ауызша және практикалық жұмыс.
Оқушылардың өздік жұмысы.
Сабақты қорыту
Практикалық жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып:
Сабақтың тақырыбын хабарлау, негізгі мақсатын түсіндіру.
ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «сурет саламын» деген сөздерінен шыққан. Графика – бояудың қолданбай, қалам, пастель, көмір, тушьтың көмегімен салынатын өнер. Графикада бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді.
Репродукциялардан графикалық туындылармен таныстыру.
Натюрморт – француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш VII ғасырда Голландия елінде пайда болған.
«Натюрморт» – жансыз заттар бейнеленген бейнелеу өнерінің жанры. Репродукциялардан графикалық туындыларды көрсете отырып, сұрақ – жауап әдісімен талдау жасау. Картинада не бейнеленген?, авторы кім?, заттардың орналасуында қандай айырмашылық бар?
Практикалық жұмыс кезеңі. Шәйнек пен кесенің суретін салу.
Шәйнек пен кесенің салу реттілігі көрсетілген оқу плакатының көмегімен оқушыларға түсіндіру, қажет болған жағдайда тақтаға салып көрсету.
1. Заттардың пішініне ауызша талдау жасау.
2. Көмекші сызықтардың көмегімен заттарды қағаз бетіне орналастыру.
3. Көлемі мен түсін, жазық бетін штрихтың көмегімен аяқтау.

Оқушылардың өздік жұмысы.
Заттардың көлемін штрихтың көмегімен шығаруға көмектесу.
Сабақты қорыту
Қойылатын сұрақтар: 1. «Натюрморт» – бейнелеу өнерінің жанры ма, әлде түрі ме?
2. Қай елдің сөзі, мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
3.«Натрюморт» қай ғасырда, қай елде алғаш пайда болды?
4. Компоновка дегеніміз не?
Сұрақтардың жауабы:
1. «Натюрморт» –жансыз заттар бейнеленген бейнелеу өнерінің жанры.
2. «Натюрморт» - француз сөзі, мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.
3. «Натюрморт» алғаш рет VII ғасырда Голландияда пайда болды.
4. Компоновка дегеніміз – орындалатын жұмысты жоспарлай отырып, қағаз бетіне дұрыс орналастыру.
Практикалық жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма.
Жұмысты үйде аяқтап келу тапсырылады. Штрихпен жаттығу жұмыстарын жасау.
Категория: Искусство | Добавил: kazhumuhanov
Просмотров: 432 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 11:24 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru