Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

натюрморт. кескіндеме
[ Скачать с сервера (47.8 Kb) ] 2015-02-21, 3:35 PM
Шығыс Қазақстан облысы
Курчатов қаласы
«Курчатов қаласының мектеп – гимназия» КММ
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Д.Қ.Жақыпова

Сабақтың тақырыбы: Күзгі натюрморт. Кескіндеме.

Сабақтың мақсаты:
оқушылардың бейнелеу өнері жанрлары, бояулардың ролі туралы таным –түсінігін кеңейту.
сурет салу ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыра отырып, акварельмен жұмыс орындаудағы натюрморттың тональдік шешімін, түс байлықтарының колоритін табуға жаттықтыру.
қылқаламмен акварель бояуларын жұқа жағуға дағдыландыру.
шығармашылық ой-өрісін дамыту, әдемілікке, әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: баяндау, көрнекіліктермен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі.
Сабаққа қажетті құралдар: Мұғалім үшін: натюрморт тақырыбында репродукциялар, күздік жапырақтар, көкөніс, жемістерден тұратын салу реттілігі көрсетілген күрделі емес қойылым. Оқушылар үшін: күзгі жапырақтар, көкөніс, жемістер, альбом, қылқалам, акварель бояулары, су құятын ыдыс.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен тақырыпқа қайталау.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ауызша жұмыс кезеңі.
Практикалық жұмыс кезеңі.
ІІІ. Оқушылардың өздік жұмысы.
ІV. Сабақты қорыту
Практикалық жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құрал – саймандарын, сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен тақырып бойынша қайталау жұмыстарын жасау.
1. Оқушылар алдын – ала таратылған карточкаларға жауаптарын жазады.
Ахроматты бояулар. Жылы түстер. Суық түстер.

ақ қара сұр қызыл сары қызылсары көк көгілдір жасыл
2. Тағы қандай бояуларды білесіңдер?(майлы, гуашь т.б.)
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 1. Ауызша жұмыс кезеңі. 1. Кескіндеме дегеніміз не? Кескіндеме (живопись өнері) – суреттегі нәрсені түрлі – түсті бояудың көмегімен салынған бейнелеу өнерінің жанры. Живописьте басты нәрсе - түс.
2. Кескіндеменің түрлерін ата.
Кескіндеме екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші суретін мольберт, станок деп аталады, тиянақ қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. «Станоктік живопись» деп аталады. «Монументтік живопись» үйлердің ішкі немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады.
3. Кескіндеме бейнелеу өнерінің жанры ма әлде түрі ме?
Бейнелеу өнерінің жанры. 4. Репродукциялардан кескіндеме жанрындағы шығармаларды тауып, атауын және авторын атаңдар. 2. Практикалық жұмыс кезеңі.
Оқушылардың сабаққа ынтасын аудару мақсатымен күзгі табиғаттағы түстер жайында әңгіме қозғаймыз. Табиғатты бейнелеу өнері «пейзаж» - деп аталса, алдымыздағы күзгі жапырақтар, көкөніс, жемістерден құралған қойылым қалай аталады? (натюрморт). Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.
Оқушыларға өздері әкелген күзгі көкөніс, жемістерден күрделі емес (2-3-тен) композиция құру тапсырылады. Натюрморт композициясын құру кезінде заттардың орналасуы, бір – бірімен сәйкестендірілуі, оның көлемі, түсі маңызды екені еске түсіріледі. Күрделі емес көкөніс, жемістерден тұратын қойылымның салу реттілігі көрсетілген оқу плакатының көмегімен салу этаптары түсіндіріледі.
ІІІ. Оқушылардың өздік жұмысы.
Оқушыларға өздері құрған натюрморт салу тапсырылады. Өздік жұмыс кезінде қойылатын талаптар:
1. Альбом бетінде заттарды бір - бірімен салыстыра отырып, қойылым көрінісін дұрыс орналастыру.
2. Заттардың форма пропорцияларын өзара сақтай отырып, біртұтас жинақылығын көрсете білу.
3. Жарық пен көлеңкені ажырату.
4. Әр затты өзінің табиғи түсімен бояу және түс бояуларын қылқаламмен жұқа жағу арқылы түс реңін келтіру.
5. Бояумен жұмыс кезінде әр заттың жеке көлемдік формасын жағылым /мазок/ арқылы шығару, жекеленген детальдар түсін байланыстыру.
ІV. Сабақты қорыту.
Практикалық жұмыстарын бағалау.
Үйге тапсырма.
Категория: Искусство | Добавил: kazhumuhanov
Просмотров: 2219 | Загрузок: 37 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru