Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Дәстүрлі қобыз аспабының өткені мен бүгіні
2015-03-04, 10:06 PM
Қарағанды қаласы №2 өнер мектебі
Жұмабекова Аяулым Елубайқызы

Бұл жөнінде шығыстық ғұламалардан бастап, қазақ жеріне келген алғашқы шет елдік саяхатшылар, зерттеушілер мен этнографтар және ұлт ғалымдары да жазып, дәлелдеп кеткен. Ұлтымыздың мол музыкалық мұрасы мен аса бай дәстүрлі орындаушылық тәжірибесі де ғалым-зерттеушілердің ой-пікірлерінің дұрыстығын нақтылай түседі [1: 256].

Дәстүрлі музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен өмірдегі қолданылуы – халықтың көшпенді тұрмыс-салт дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық ділімен (менталитет) байланысты.

Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Сан ғасырлар халқымызбен бірге жасасып келе жатқан рухани төл өнерімізде қобыз аспабының орны ерекше. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы, қобыз атасы – Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Ол киелі аспаптың үнінен мәңгілік өмір іздеп, халықтың мұң-шерін, зарын қобыз сарынымен жеткізе білген. Оның есімі шығыстану ғылымында да белгілі. Ол жалпы түркі тілдес халықтарына ортақ бірден-бір көне мәдени ескерткіш – «Қорқыт ата кітабы» жырының негізгі кейіпкері әрі авторы болып табылады.

Күй атасы Қорқыттан бері келе жатқан күй сазы ғасырлар үнін, өмір тынысын, халық арманын, мұң-шерін, қуаныш-күйінішін баяндайды. Аты аңызға айналған Қорқыттан бастап, өмірдің қыры мен сырын күй тілімен сөйлетіп кеткен халық композиторларының есімдері мен мұраларының ел арасында сақталып келуі – халқымыздың өнер мұрасының молдығын көрсетеді [2: 7].

Бағзы заманнан бастап ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі – аты аңызға айналған Қорқыт ата күйлері.

Қорқыт ата күйлеріне терең философиялық тебіреніс, элегиялық көңіл-күй мен майда қоңыр лиризм тән. Күйші қобызы бірде тағдырдың қайғы-мұңын шертіп, ботадай боздайды, бірде мәңгілік өмір мен сұлулық жырын төгіп, аққудай сызыла сұңқылдайды. Қобыздың дыбыс бояуы қоңыр, мұңды, кейде қайғыға толы адам дауысын елестетеді.

Белгілі өнертанушы Омарова Г. өзінің «Кобызовая традиция. Вопросы изучения казахской традиционной музыки» атты еңбегінде былай дейді:

«Вообще звукоподражательность на кобызе – одна из важных сторон, связанная, быть может, с истоками кобызовой музыки вообще. Подражание на музыкальном инструменте голосам зверей и птиц восходит еще вероятно, к магическому назначению музыки, когда она исполнялась во время охотничьих обрядов в целях умилостивления духов, различных сил природы в шаманских камланиях. Во всяком случае, традиция звукоподражательности на кыл-кобызе известна с очень давних пор, и в этом отношении возможности смычкового инструмента данной конструкции не могут сравниться ни с каким другим в семействе казахских музыкальных инструментов» [3: 51].

Қобыз аспабының дыбысталу ерекшелігі жайында тағы бір мысал С.Күзембаева мен Т.Егінбаеваның пікірі: Наиболее древним среди струнных инструментов является кылкобыз. Этот смычковый инструмент считается священным. Для его изготовления идут все материалы (дерево, металл, кожа, волос, кость). Он синтезирует особенности всех инструментов (способ извлечения звуков – флажолетная игра духовых, подвески самозвучащих и т.д.) [4: 45].

Қорқыт күйлеріне тән ерекшелік – оларда әуендік байланыс, бір-бірмен сабақтастық бар. Бір күйдегі нақыш-саз екіншісінде ашық және жасырын түрде де қайталанады. Олар әрбір күйде кейбір ырғақтары, фактуралық сілемдері өзгеріп, түрленгенімен саздық байланыс үзілмейді.

Қорқыт күйлері – формасы өте күрделі емес, қарапайым, қысқа сарынды шығармалар. Басқа күйлерімен салыстырғанда, «Қоңыр» және «Қорқыт» күйлері көлемдірек, формалары күрделі. Қорқыт мұрагерлері атақты қобызшылар Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевтың репертуарынан алынған бұл шығармалардан орындаушылардың күй желісін байытып, өрнек-нақыш қосып, өңдегені байқалады. Әсіресе, Жаппас Қаламбаев орындаған «Қоңыр» күйінен оның өзіндік қолтаңбасы анық аңғарылады. Дегенмен, Қорқыттың стилі жоғалып кетпеген, қайта өңі ашылып, айқындала түскен [5: 9].

Қорқыт қазақ елі үшін ең алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсысы. Оның өміріне қатысты аңыз-әңгіменің басым көпшілігінің күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып жатуының сыры осында. Оның қобыз күйлері, көне сарындар күні бүгінге дейін тартылады. Күйлердің аңыз-әңгімесінен де бұрын әуен-сазындағы қарапайым, көнелік, бақсы сарындармен үндестік, әсіресе өмір құбылыстарына тікелей еліктеушілік ең алдымен Қорқыттың тарихи тұлға екеніне күмәнсіз айғақ болатындай. Қорқыт күйлеріндегі стильдік тұтастық, қобыздың тартылу үлгісі, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, сөз жоқ, жеке тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұрасы бұлтартпас дәлел бола алады [6: 103].

Қорқыт бабамыздың музыкалық мұрасын біздің заманымызға жеткізушілер жайын, қобыз музыкасының даму жолдарын қарастыратын болсақ біз міндетті түрде Ы.Дүкенұлының шығармашылығына тоқталамыз. Ықылас арғы аталарынан қобызшылар атанған Дүкен қобызшының жанұясында дүниеге келеді. Бойында қанымен берілген музыкалық таланты бар ол әкесінің тартқан күйлерін жастайынан бойына сіңіріп, құлағына құйып өседі және қобызда ойнауды кәсіби түрде үйренеді. Жасы 15-ке келген шамасында Ықылас қобызды толық меңгеріп, күйлер шығара бастайды. М.Мағауин: «Қыл қобыздың пірі – Ықылас Түркі әлемінде теңдесі жоқ музыкант, ұлы тұлға» - деген теңеу айтып кеткен. Ары қарай Ықыластың шығармашылығын жалғастырып, байытып, біздің дәуірімізге жеткізген Д.Мықтыбаев пен Ж.Қаламбаев болды.

Қобыз тартуды Ықыластың баласы Түсіпбектен үйренген Д.Мықтыбаев – Ықылас күйлерін көпшіліктің назарына ұсынып, қобызды нақышына келтіріп ойнаған өнер шеберлерінің бірі. Әкесінің қобыз мұрасын берік ұстаған Түсіпбектен Ықыластың «Кертолғау», «Тоғыз тарау» және т.б. күйлерін бала кезінде үйреніп алған Д.Мықтыбаев талантты өнер иесі болған. Ол Қорқыт пен Ықыластың күйлерін түрлі нұсқалармен орындап, тыңдаушыға жеткізе білетін қобызшы және олардың күйлерінің бүгінгі ұрпаққа жетуіне негіз қалаған ұстаздың бірі. Қазақ радиосының қорына Д.Мықтыбаевтың орындауында Ықыластың бірнеше күйлері жазылып алынған [7: 83].

Ж.Қаламбаев қобыз бен домбыраны қатар меңгерген орындаушы болған. Қобызда ойнауды әкесінен үйренсе, домбыра тартуды Ықыластың шәкірті Сүгірден үйренген. Сол себепті Ж.Қаламбаевты екі өнер мектебін игерген деуге болады. Ол Қорқыт пен Ықыластың күйлерін домбыра арқылы үйреніп, қобызға қайта түсіріп, халық арасына кеңінен таратқан.

Осындай ұлы тұлғалардан дәстүрлі қобызда ойнау өнерінің қыр-сырын қолма-қол, тікелей үйренген Ә.Жұмабеков, Б.Косбасаровтар қазіргі кезде елімізде қобыз өнерін жалғастырып, жас қобызшы өнерпаздар дайындауда қомақты үлестерін қосып жүрген ұлағатты ұстаздар.

Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрамында кәсіби дамуын жалғастырған қобыз екі ішектен үш, кейін төрт ішекті болып одан ары жетіле түсті. Міне, сол үш ішекті қобыздың көрнекті өкілі ҚазССР Халық әртісі, қобыз музыкасының І профессоры, қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы Ф.Балғаева болды. Ж.Қаламбаевтан қобыз тартуды үйреніп, дәріс алған, осы бір күрделі де киелі аспапты тез меңгерген ол қобызға арналған жаңа шығармалардың барлығының алғашқы орындаушысы болды және тек СССР елдерінде ғана емес, шет мемлекеттерде де қазақ даласының бірде нәзік, бірде адуынды, бірде кең тынысты асқақ әуендерін бірінші боп қобыз үнімен тыңдатқан дарынды орындаушы. Сонымен қатар, қобызшылық өнерімен ел құрметіне бөленген талантты музыкант.

Қобыз өнерінің дамуына үлкен үлестерін қосып, осы кезеңге дейін жетуіне себепші болған ұлы тұлғалар және кейінгі жалғастырушы-орындаущылар жөнінде Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, өнертану кандидаты К.А.Уразалиеваның «Ғасырлармен үндескен қобыз» атты еңбегінде толық мәліметтер берілген [8: 7-40].

Еліміз еуропалық мәдениетке бет бұрып, алғашқы оркестр құрылған тұста сол көнеміздің көзі, рухани мұрамыз қыл қобыз – үш ішекті, кейін төрт ішекті сым қобыздың жасалуына үлгі болғаны жөнінде айтып кеткенбіз. Содан бері қобыз өнерінің дамуы жылдан жылға артып, бұл аспапта ойнау техникасы күрделенуде. Осы төрт ішекті жаңаланған аспапта орындаушылардың алғашқы және көрнекті өкілдері ретінде ҚР Халық әртісі Г.Ә.Молдакәрімова, профессор Р.Қ.Мұсақожаева, К.А.Уразалиева, Ғ.Ә.Болтаева және т.б. атауға болады. Олар төрт ішекті сым қобыз аспабында орындаушы көптеген талантты шәкірттер дайындап, тәрбиелеп жүрген атақты қобызшы–оқытушылар, ұлағатты ұстаздар. Қазіргі кезде қобыздың екі түрі кең тараған: біріншісі – дәстүрлі қыл қобыз болса, екіншісі – жаңаланған төрт ішекті сым қобыз.

Сым қобыз аспабы да қалыптасқан кезеңінен бастап қазіргі уақытта да барлық музыкалық оқу орындарында жеке аспап ретінде оқытылады. Осы сым қобыз аспабында скрипкаға арналған күрделі шығармаларды нақышына келтіре ойнау арқылы сым қобыздың техникалық орындаушылық мүмкіндіктерін артып, скрипкамен тең дәрежеде орындауға болатынын өз орындаушылық шеберліктері арқылы дәлелдеп, көрсеткен жас қобызшылар да көптеп саналады. Атап кетер болсақ, Ж.Ұзақбаева, Э.Ахмедиярова, К.Мұсаева, Г.Стамбек, Ә.Нүркенова және т.б. Заман талабына сай дамуын жалғастырып келе жатқан қобыз аспабының дәстүрлі үні мен эстрадалық музыканы байланыстырып, қарапайым халыққа теледидар–радио арқылы танытып жүрген аспаптық топтар да бар. Мысалы ретінде «Саз Отау» және «Асыл» топтарын атауға болады.

Қазіргі таңда халқымыздың ұлттық өнерін дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге асырылып, жақсы іс-шаралар өткізілуде. Еліміздегі арнайы балалар музыкалық мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында қобыз аспабын оқыту әдістемесі бір жүйеге келтіріліп, оқытылуда, сонымен қатар осы аспапты үйренуге, оқуға келетін кішкентай бүлдіршіндер санының артуы – қобыз өнерінің болашағының жарқындығын көрсетеді.

Қызылорда қаласында 5 жылда бір рет «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты фольклорлық–музыкалық өнер фестивалі және ғылыми–тәжірибелік конференциясы өткізіліп отырады.

2012 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениеті орталығының қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университеті және Қ.Р. Мәдениет қайраткері, қобызшы Ә.Қазақбаевтың ұйымдастыруымен «Қорқыт» атындағы түркі тілдес мемлекеттердің дәстүрлі орындаушылық өнер фестивалі өткізілді.

Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қорқыт» атындағы ғылыми–зерттеу институты, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми–зерттеу институты жұмыс жасайды.

Қорыта айтқанда, қазақтың аспаптық музыкасы, оның ішінде қобыз өнеріне деген қарапайым халықтың қызығушылығы артып, сұраныстар көбеюде. Қобыз музыкасы өнегелі ұлттық дәстүрлер негізінде сапалық деңгейі жоғарылап, жаңа белестерге көтерілуде және алдағы уақыттарда да ұдайы дами түсері сөзсіз.

Ж. Сұрағанқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері.
Категория: Искусство | Добавил: Аяулым9385
Просмотров: 1181 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 11:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru