Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Қиял-ғажайып сабақтың тақырыбы: «Қазақ ою-өрнегінің әуендері» 5 сынып
[ Скачать с сервера (820.0 Kb) ] 2015-11-09, 10:59 AM
«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
«Өзін-өзі тану» гимназиясы
Жанна Агзамовна Багадаева
жоғарғы дәрежелі біліктіліктің жоғарғы санатты
бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімі

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 5 сынып
Өзін-өзі тану пәнімен кіріктірілген ашық сабақ
Қиял-ғажайып сабақтың тақырыбы: «Қазақ ою-өрнегінің әуендері»

Дәйексөз:
...Дүние көрінген сырын түгендеп, білмесе де, орны болмайды. Білмеген соң, ол жан адамы жаны болмай, хайуан жаны болады....
Абайдың Қара сөздері. Жетінші сөзден.
Сабақтың мақсаты:
Халықтық әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, ұлттық мәдениет пен ата-баба салтын қадірлеп, сүюге және салт-дәстүрлерге деген қызығушылықтарын арттыру негізінде тәрбиелеу.
- қарапайым кәдімгі нәрселерді, ерекше ғажайыптарды көзімен көре білу сезiмдерін ояту;
- бейнелi ойлауларымен, қиялдарын дамыту;
- композиция мен түстi сезiне білу дағдыларын дамыту.
Әдiстері: тыныштық сәті, дәйек сөзбен жұмыс, мұғалiмнiң сөзi, талқылау, балалардың шығармашылығы, суреттердi көрмеге қою, суреттердiң мәнін әңгiмелеу және талқылау .
Әдiстемелiк құрал-жабдықтар: байсалды сазды жазылған күй дискісі, қазақ ою-өрнегі және киіз үйдің суреті салынған плакат, шанырақтың суреттері бар плакат, бояу, сурет салатын альбом, қылқалам.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалiм оқушылармен сәлемдесіп, сүйіспеншілігін білдіретін сөз айтады: «Балалар, сендер ең жақсы, ақ жүрек адамсыңдар, сендердің басты қасиеттерің: кең пейiлдiлiктерің мен жомарттықтарың, сыпайылықтарың және әдептiлiктерің. Сол себепті де мен сендерді өте жақсы көремiн.
Содан соң оқытушы сабақтың тақырыбын айтып және плакат бойынша қазақ ою-өрнегінің негiзгi әуендерi туралы балаларға қысқаша хабарлайды. Ары қарай толығырақ - (ғарыш және күн деген сөзден) космогониялық, соляр әуендері туралы мәлімдеме береді.
- Қашан және қалай қазақтың ою-өрнектерінде космогониялық әуендер пайда болған?
-Баяғы заманда біздің бабаларымыз өте сирек кездесетiн, әбден жетiлген баспана – киіз үйдi ойлап тапты және жасап шықты.
Ол өзінің сыртқы пішінімен төбеміздегі аспанға ұқсайды, киiз үйдің жоғары жағында әдемi дөңгелек саңылау киіз үйге сән берді, соның арқасында адамдар түнде жұлдыздарға сүйсіне қарап,әрі бақылап, кейiн олар туралы аңыздар ойлап тапқан.
Бұл саңылау Шаңырақ деп аталады, және ол адаммен аспан арасында байланыс орнатып, қазаққа кiшкене жұлдызнама ретінде қызмет атқарды. Қазақтардың түсінігінде әрдайым аспан, күн, ай және жұлдыздарға өте ерекше әсерлі көзқарас болды.
Мұғалiм оқушыларға халық интерпретациясындағы әрбiр оюдың мән-мағынасы туралы түсініктемені тыңдауды ұсынады және біраз аңыз-ойын – мұғалiмнің өзі ойлап тапқан аңыз ойынын айтып береді.
Мұғалім балаларға олардың өздері де әрбiр жұлдызша – нышан туралы әңгiме ойлап айтып берулерін ұсынады.

«ШЕҢБЕР – өшпейтiн күннiң дөңгелегі, ол бiзге жылу мен өмiр бередi, жарық және мүлтiксiз қалпымен бiздi әрдайым өсіп-жетiлуге ұмтылдыратын сияқты».
«Екі шеңберлердің орналастырылуы шексiздiктің нышанын көрсетедi, нағыз жетiлудің шексiз екенін бiздің есімізге салады»

«ШИМАЙ – ретсiз сызылған сызық деп аударылады, негiзiнен спиральге ұқсас – шексiз дамыудың нышаны, бұл жол менiң түсiнігiмде – адам өзінің жақсы қасиеттерін үнемi дамытып отырады».

«ШҰҒЫЛА - арайлау, менiң көзқарасым бойынша кiшкене жұлдызша, ол өзінің артына соңғы жұлдыздар биін билеп, жанып кеттi, ол жұлдызшаның тұңғиық жаны туралы толғандыра еске сақтап, артында ғажайып iз қалдырды».

«ТӨРТҚҰЛАҚ – шынында да төрт құлақ, айқасқан ағашты еске салады дүниенің төрт бұрышын бiлдiредi, шығыстың таңбасы – мәңгi қозғалыстың нышаны және кішкентай жұлдызшаның сәулелерi өзінің шексiз махаббаты туралы кеңiстiкке мәлiмет жiберіп тұрғандай».

«АЙШЫҚ - жарты ай, бұл жаңа туылған ай, ол таза және жарық, өйткенi оның iшiнде кiшкентай гүл бүршік жарды, ол лотос гүлі – әсем гүл, мөлдір тазалықтың нышаны».

«ЖҰЛДЫЗ - жұлдыз, бұл Шолпан жұлдызшасы, Айдың өскен қызы, ол бойжеткен әрі өзi әдемi, бұл ай астындағы әлем, махаббаттың теңiздей мол сәулесін таратады».

«БІТПЕС - шексiз қайталанатын, шимай сызбасы «менің ойымша ғарыштағы шексiздiк жұлдызшаға бірнеше рет туылып, дүниеге қайта келiп, тағы да және тағы да жұлдызды өмiрдi сүруіне мүмкiндiк бередi».

Бұл космогониялық ою-өрнек әуендерінің түрлерi, ғарыштың ғажайып оң энергиясын қалыптастырған.

ТЫНЫШТЫҚ СӘТІ:
Мұғалiм: арқаларыңды, иықтарыңды босатып ыңғайланып тiк отырыңдар, қол-аяқтарыңды айқастырмай, көздеріңді жұмып және әуезді тыныш саз арқылы ойша өз жолдастарыңа қонаққа бару саяхатына шыққанымызды көз алдымызға елестетейік:
«Мен кiшкентай ғана жұлдызшамын, мiне мен жерден ақырын және үлпілдек түбiт сияқты биік аспанға көтерiлiп барамын, барған сайын биіктеудемін, мен өзімді ерекше, өте жақсы сезінемін, менiң денемді мөлдір шыны, түрлi түстi жылы ауа жан-жағымнан сақтап қоршап тұрғандай болады.»
Мен жан-жағыма тербетіле, мені қызықтырып шақырып тұрған қуанышты Шимай жұлдызшаға қалықтап, жақындап бара жатқандаймын.
Мен онымен өзімнің нәзiк сезiмiмен бөлісемін. Мен онымен ұлпадай пәк сезімімен бөлісемін, сүйіспеншілікке толы жылу және махаббатыммен Шұғыла жұлдызшасына аттанамын. Ол маған баяғыдан бері жымыңдап, күлімдеп тұрғандай, онымен көңіліңді өте жақсы сезінесің, мен өзімнің барлық ықыласымды соған арнаймын.
Ал мынау қатал және мейiрбан Төртқұлақ, ол маған өзінің құшағын ашып, менімен өз жүрегінің нәзіктігін, жан жылулығын бөліскісі келеді, мен оған жүрегімдегі жылы, нұрлы сезімім туралы айтамын.
Енді мен нұрға, жылылыққа кенелді, денем күннің нұрындай жарқырайды.
Алыстан Шеңбермен амандасып, барлық аспанға жүрегімнің махаббат нұрын шашып, менің жүрегімнен шыққан үнмен олар қандай ғажайып құрылым екенін айтамын.
Жора-жолдастарым аялай, үлкен жылулықпен және махаббатпен менi жерге түсіреді, мен жұмсақ шөпке аяғыммен тұрғанымды сеземін, менiң денем туған жерiмнің жылуына бөленеді.
Туған жерім маған өз махаббатын сыйлайды. Мен өзімді өте жақсы сезінемін, әрі менің жаным қуанышқа толды..
Мен бүкіл әлеммен және жора-жолдастарыммен бұл сезiмдерім туралы, сыр қылып айтып, олармен жан-жүрегімнің жағдайын бөліскім келедi.
Мен өз сыныбыма қайтып келдім, орныма отырдым, көзімдi аштым.
ТАЛДАУ
Оқушылар саяхат уақытында сезіп білгендерін әңгімелейді, айналасынан қандай түстерді, ол жұлдызшалар осы әлемде қандай көрініс беретіндігі туралы айтады.
Мұғалiм балалардан осы бір тамаша сезiнулерiн еске сақтауларын өтінеді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
Мұғалім оқушылардан тыныштық уақытындағы сезімдерін, оны сезiнулерiн естерiне түсiрiп, елестету арқылы абстрактiлi композицияны, керемет ақындық атаумен атап, соляр ою-өрнегінің әуенін негiзге ала отырып, оның суретiн салуға тапсырма береді.
Оқушылар әрқайсысы әсем сазды әуеннің аясында нәзiк әндер мен күйлерді тыңдай отырып өз беттерінше тапсырылған суретті салады.

КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
Оқушылар суреттерiн өз қалауларымен шығарып қояды және шығармалар композициясының көркем ойы жөнінде, аталуы туралы да әңгімелейді.
Мұғалiм әрбiр суреттiң маңыздылығы туралы айтады, әрбiр шығарманың ой-желісі, түс таңдауы, түске сәйкес сезімдерін бейнелеп, шығармашылықтарынан өздері сезген шуақты, қуанышты, нұрланған жылуды суреттеп айтады.

«Өрнектердiң жерi»
Бекболатов Алишер, оқушы

«Әлемнің жаратылуы»
Тыныбеков Алибек, оқушы

«Отанымның жайнауы»
Алиярова Анель, оқушы

«Кеңістіктің жүрегі»
Байжуманова Айнур, оқушы

«Ай гүлі»
Куттыжолов Нуржан, оқушы

«Ел бесігі»
Малькова Олеся, оқұшы

ДӘЙЕКСӨЗБЕН ЖҰМЫС
Мұғалiм дәйексөзді оқиды, оқушылар дәйексөздегі сөздердiң мағынасын өз түсiніктерімен айтып шығады. Өмірден алынған мысалдарды әңгімелейдi.

МҰҒАЛІМНІҢ СӨЗІ
Бүгiн бiз сендермен бiрге өз өмiрімізге үлкен қадам жасадық, бiздiң жанымызда нағыз өнер жаратушысы өмір сүретінін дәлелдедiк.

Бір замандарда, ертеректе Дени Дидро мынандай сөз айтқан екен:
«Елдерде қалай оқу мен жазуды үйреткен сияқты, сурет салуды да үйретсе, онда басқа елдің де өнер әлеміне, ғылымға, ұсталық пен қолөнерге ұмтылысы асып түсер еді.»

Бiздiң әрқайсымыз өз Отанына ғашық көзбен қарайтын азаматпыз, бүгiнгі сабақта өз шабытымыздың шығармашылығы арқылы өнерiмізбен елiмізді алға жетеледiк. Бiз үнемі елiміздің гүлденуі мен өркендеуіне орасан мол үлесімізді қосамыз, соған талпыныс жасаймыз.

Оқушылар өз бетінше ойларын айтады.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: ғарыш, жұлдыздар әлемі туралы аңызды ойлап тауып, ойлаған аңыздың кез келген жағдай тұрғысында суретiн салады. Ойлап тапқан аңыз көмегімен салған суреттеріңнен кейiн қандай таныс заттарыңда, жаңалық нышандарды аштыңдар деп ойлайсыңдар?
Жұмыс орынын жинау, мұғалiм мен оқушылар қоштасқанда бiр-бiрлерiне жылы, жүрекке жағымды тiлектер айтады.

Сабақты бейнелеу өнерінің мұғалiмi Багадаева Жанна Агзамовна құрастырды.
Категория: Искусство | Добавил: z_agzam
Просмотров: 1492 | Загрузок: 16 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru