Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Искусство

Сурет өнері – ұлт тәрбиесінің өзегі
2016-05-13, 6:20 PM
Сурет өнері – ұлт тәрбиесінің өзегі



Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жағдайы түбірімен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды. Ұлттық болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат қалыптастыру үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану кажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті М. Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Бала бойына тәлімді тәрбие сіңіру мен білім беруді бөліп қараудың дұрыс еместігі бұрынғы тәжірибелерде дәлелденген.

Қазіргі жалпы білім беру жүйесінде бейнелеу және сурет өнерін оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруда ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін ескеру өмір талабы болып отыр. Өйткені түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтық рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, мінез-құлқын қалыптастырып қана қоймай дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер, соның ішінде көркемдік – эстетикалық сурет өнері негізінен мағлұмат береді.

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы. Ұлттың тарихын, салт-дәстүрін, өткен тұрмыс – тіршілігін бейнелі әрі ұғымға жеңіл де көрнекті түсіндіретін тек сурет мұрағаты. Бұл өнер түрі тек халықтық болмысты танытып қана қоймайды, сонымен бірге оқушының жеке тұлға ретінде талғамы мен танымының қалыптасуына мол септігін тигізеді. Сондықтан әрбір оқушыны ұлтжанды, отаншыл әрі биік парасат иесі қылып тәрбиелеу үшін бүгінгі қазақ сурет өнерін ұлт көзқарасы тұрғысынан жіті зерттеп қарастыру – бүгінгі күндегі кезегін күттірмес мәселе. Содан оның шығу тарихы мен эстетикалық мәнін қоса қарастыру керек.

Жалпы, бейнелеу өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде пайда болды. Ол адамзатқа заттың дүниені тану үшін әрі осы қоғамдағы алар орнын білуге, сезімін және дүниетанымын ұштауға қажет болғаннан туындайды. Үңгір қабырғаларында, жартастарда алғашқы қоғам дәуірінің суретшілері салған жануарлар бейнесі айқын мысал бола алады. Осындай бір өнердің көне түрі сурет өнері өз құндылығын ешқашан жоймайды, қайта үлкен қарқынмен дамып кемелденбек. Осы бір сурет өнері арқылы ғана тарих өз дәуіріне арналған парақтарын толтырып, осы сурет өнері арқылы ғана адамзат мәдениеті де өз маңызын айқындамақ.

«Сурет сөз сияқты адамның ойын білдіретін әрі ішкі жан сезімін сыртқа шығаратын құралдардың бірі. Қайсы бір жағдайларда сөзге қарағанда сурет ойды жеткізу үшін ыңғайлырақта, түсініктіректе әрі ұтымды да болады». Сурет өнері кейде ұтымды жеткізетін жағдайды айтпақ ойға дәлелді де деректі, суретті рәміз (символ) ретінде қолдануында.

Сөз де – сурет дүниесі. Сондықтанда, қазіргі тіл білімінде бірінші тіл пайда болған ба, әлде зат (заттың суреті) пайда болған ба деген екіұдай таластың жүруі осыған айғақ бола алады. Тіпті бізге бір нәрсені атаса көзімізге сол заттың бейнесі елестеуі сөздің сурет екендігін аша түседі.

Бірақ, бір тілде айтылған сөз екінші тілге аударса көркі қашады, солғындайды, ал сурет бүкіл адамзатқа айтпаса да түсінікті, сөзбен ұғындыруды қажет қылмайды.

Содан халқымыз: «Жақсы салынған суретте көп сөздің түйіні бар» немесе «Жүз рет естігенше, бір рет көзбен көрген абзал» деп бабаларымыз сурет өнері маңызына үлкен баға берген.

Қазіргі медицина саласындағы «көздің нерв тамыр – талшықтары құлақтікінен 25 есе үлкен келеді» деген тұжырым суреттің бала тәрбиесіндегі ерекшелігіне дәлел болады. Көру арқылы қабылдау әсерлерінің белсенділігі жоғары екенін танытады.

Біздің табиғаттан, қоршаған ортадан көрген нәрселеріміздің суретін сала білу немесе мүсінін жасай білу шеберлігіміз бейнелеу өнері деп аталатыны барша жұртқа мәлім. Адамзат өмірінде, әсіресе, ұлт өмірінде бейнелеу өнерінің мәні өте орасан, ұрпақ тәрбиесіндегі ролі аса зор.

Ұлт мәдениетін зерделеуде бейнелеу өнері үлкен ықпал етеді. «Өнер – бұл дүниені түсінуді іздеген әрі түсінікті ету үшін жасалған ой еңбегі... Бұл – суретші қолы тиген барлық затты жүрек айнасымен көрініс қылу» - дейді француз мүсіншісі Роден. Сурет өнері қашанда ойды дамытып қана қоймай сұлулыққа үндейтін бірден-бір өнер түрі.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. З. Қабдолов. «Сөз өнері». Қазақ университеті. 1992 ж, 12-13 бет.
2. В. Матушенка. И. Шедров. И. Правдин. Сурет салу мен сызуға үйрету мәселері. «Мектеп», Алматы. 1968 ж.
3. С. Зейнолла. Дүниетану даналығы. «Білім», 1994 ж, 102 бет.
4. imgpng.ru, dreamstime.com.

И.Қ. Хамзин
Бейнелеу өнері, сызу пәнінің мұғалімі
«№ 16 Т.Ы. Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ. Семей қаласы
Категория: Искусство | Добавил: ber-lar
Просмотров: 4485 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru